Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Позитивті өмір сүр

Позитивті өмір сүр

Позитивті өмір сүр

Үнемі жадырап, жымиып жүретін адамдарға қарап, «Осының өмірінде қиындық болмай ма екен?» деп жатамыз. Кез келген адамның өмірі тұтастай қиындықтан, не тұтастай қуаныштан құралмайтын болғандықтан, әр адамның басында әлдебір ауыртпашылықтың болатыны рас. Бұл жердегі басты мәселе – қиындықты кімнің қалай қабылдайтындығында. Кездескен кедергіге морт сынып қала беретін болсаңыз, бақыт атты бал мекен көзден бұлбұл ұшты дей беріңіз. Бақытты болудың ең алғашқы сатысы – позитивті өмір сүру. Бұл сіздің де қолыңыздан келеді. Біз ұсынып отырған мына кеңестер өміріңізге қуаныштың ұшқынын себеді деген сенімдеміз.

  1. Оптимист болыңыз.  Басыңызға түскен кез келген жағдайдың жақсы жағын көруге ұмтылыңыз. Тұра алмастай тұралап жатсаңыз да, «Бәрі жақсы болады әлі» деуден танбаңыз. Басыңызға бұлт неғұрлым қалың болып үйірілсе, сіздің бұлтты серпігеннен кейінгі қуанышыңыз соғұрлым үлкен болмақ. Өмір ақ пен қара жолақты екенін ұмытпаңыз.
  2. "Жанның күлкісі" деген ұғымды қалай түсінесіз? Данагөйлер адам жаны тыныштықта өмір сүріп, өмірдің қуанышын сезінсе, ішкі жан-дүние адам келбетіне әсер етіп, күлкі содан туады дейді. Ал дәрігерлер адамның күлкісі бүкіл ағзамыздың жұмысын жақсарта алады деген пікірде. Психологтар болса, үнемі жымиып, күліп жүретін адам сәттілік сатысына оңай көтеріледі дегенді айтады.
  3. Қанағат етіңіз. Күпірлік қылғанша, шүкіршілік етіңіз. Он екі мүшеңіз сау екеніне, өміріңіздің бірқалыпты ырғақпен болса да, тыныштықта өтіп жатқаны үшін шүкір деңіз. Қанағат қарын тойғызады.  Ашкөзділік ешқашан адамды мұратына жеткізбейді. Риза болып, қанағат ету жүрегіңізді қуанышқа толтырады. 
  4. Әзіл-қалжың жаттап, оларды орайы келгенде айтып жүріңіз. Кез келген әзілді өміріңізбен байланыстырыңыз. Қатты ашуланғанда да, сол әзілдерді еске түсіріңіз. «Ашуланғанда мына әзілді еске түсірем» деген талпынысыңыздың өзінде күлкі тұрған жоқ па? Әлбетте...

Сурет: walland.ru

7270 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 мамыр 2012, 06:40
Пікірлер
+0
27 мамыр 2012, 11:03

қанағат етіңіз ;)

+0
28 мамыр 2012, 15:05

Қанағат -қарын тойғызады десеңізші!!!

+0
27 мамыр 2012, 15:32

Өмірлік құлшынысым артты.... 8-)

+0
27 мамыр 2012, 20:01

"Күпірлік қылғанша, шүкіршілік етіңіз." 8-) :!:

+0
27 мамыр 2012, 22:07

Он екі мүшеңіз сау екеніне, өміріңіздің бірқалыпты ырғақпен болса да, тыныштықта өтіп жатқаны үшін шүкір деңіз.

+0
27 мамыр 2012, 22:45

кейбір адамдардың жан дүниесі кемтар болады, сондықтан, оған қол-аяғың сау ғой, шүкірлік ет деуге келмейді, ол да мүгедек, көңілі жара адамның дене мүшелері сау болғаннан келіп кетер ештеңе жоқ. суицид осылай туады.

+0
28 мамыр 2012, 09:42

Бәрі де салыстырмалы түрде ғана анықталады! Біз көріп жүрген көп "қиындық" африка елдерінің балалары көріп жүрген күнделікті азабының бір секундына татымайды. Ал енді, миллионерлер көріп жүрген "қызықтарға" біз көрген қызықтар келмейді. Шүкір, барына, шүкір!!! Көп мәселенің кілті - сенімде. Иә, әлсіздік шығар, бірақ, Жоғарыдан Біреу сені жебеп, қорғап, ең жақсынын ұсынып, бұл өмірде жалғыз еместігіңді сездіріп, бір Кереметтің, Құдыреттің, сөзбен жеткізу мүмкін емес Мейірім мен Сұлулықтың бар екенін білу - адам жанына таптырмас ем!

+0
28 мамыр 2012, 16:15

осылай өмір сүруге тырысам енді :)

+0
28 мамыр 2012, 20:53

кейде барлық мүшесі түгел адамдар кемтар адамдардан да бірнеше есеге кем түсіп жатады. сол кезде адам өмірге келгеніне қуанбайды ма? сіз барсыз және саусыз. соған тым болмаса шүкіршілік етпейсіз бе? келесіде ол туралы ойланып жүреді деген ойдамын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...