Спорт пен мінез

Спорт пен мінез

Спорт мінездің қалыптасуына әсер ететіні белгілі, алайда спорт түрін таңдау да мінезге байланысты екен. Бірі біріне қалай әсер ететіні жайлы осы мақаламызда баяндаймыз.

Спорт пен темпераменттің байланысы

Сабырлы, салмақты адамдар баяу қарқында іске асатын спорт түрлерін ұнатады. Оларға өз мінездері сияқты жаттығулар ұнайды. Көбіне олар бильярд, велосипед тебу, ұзақ қашықтыққа жүру, туристік жорықтар, бал билері, шахмат, құзға шығу сияқты спорт түрлерін таңдап жатады. Оларға спортпен айналысу процесінен ләззат алу маңызды. Ал керісінше, табиғатынан белсенді және тез шешім қабылдауға бейім адамдар бірдеңеге ұзақ уақыт шоғырлануды талап ететін спорт түрлерін ұнатпайды. Әдетте оларға жылдамдық пен тез әрекет етуді талап ететін спорт түрлері ұнайды: спорттық жүзу, футбол, баскетбол, шаңғы тебу немесе ролик тебу.

Экстраверттер мен интроверттердің таңдауы

Өздеріңіз білетіндей, ашық, жайдары адамдарды экстраверт деп атайды. Мұндай адамдар көбіне топтық спорт түрлерін таңдайды: мысалы, футбол, гандбол, судағы поло, волейбол. Оларға бастысы ойын кезеңіндегі достастық қарым-қатынас болып табылады. Интроверттер керісінше өзгелермен қарым-қатынасты барынша азайтуға тырысады. Олар салыстырмалы түрде жекелігін сақтап тұратын спорт түріне барады: жүзу, мәнерлеп сырғанау, ауыр атлетика. Дегенмен олар құрамаға немесе топқа кіре алады, бірақ өз нәтижелеріне өздері жауап береді.

Тұлға ерекшеліктері мен спорт түрлері

Спорттық мансаптағы табыс көп жағдайда тұлғаның икемділігіне, қызығушылықтарына, қабілеттілігіне және психофизиологиялық құрылымына тікелей әсер етеді. Адам болмысының ерекше қасиеттері таңдалған спорт түрінің қыр-сырына сай болуы маңызды. Мысалы, ауыр атлеттердің мінезі эмоция тұрақтылығымен, адалдығымен, сабырлығымен ерекшеленеді. Оларға қарағанда бағыт-бағдары бар спорт түрлерін таңдағандар әңгімелесуге бейім, интеллектуалды белсенді, тәуелсіз, мазасыз, тынышсыз болып келеді. Семсершілерге жаңашылдық пен тәжірибеге ұмтылыс, жауапкершілік, өз-өзіңді басқару, ерік жігер, сезімталдық, жаңа сезімдерге берілу, әртістік темперамент тән. Сонымен қатар әртістік белгілері бар адамдар көркем гимнастика, акробатика және т.с.с. таңдайды.

Спорттың мінезге әсері

Көбіне қандай да бір спорт түрімен айналыса бастағанда біз өзгере бастаймыз. Мысалы, аква-аэробикамен айналысу дененің иілгіштігіне және бизялыққа әсер етеді. Өзін сенімсіз сезінетін қыз ашылып, қимыл-қозғалысы байсалды бола бастайды. Сезімтал және эмоционалды адамдарға денеге күш түсіретін жаттығулар жақсы. Бұл оларға төзімділік, шыдамдылық пен табандылыққа ие болуға көмектеседі. Жүре келе пайда болған осы қасиеттер арқылы адам жеке өмірін де оң жаққа өзгерте алады. Көп сөйлемейтін адамдарға топтық спорт түрлерімен айналысу байланысқа бейімділігін арттырады.

Мінезіңізге байланысты спорттың қай түрін таңдау керектігі жайлы нұсқаулықты келесі мақаламызда баяндаймыз.

Сурет: votsovet.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina