Өзгеге ұнаймын десеңіз...

Өзгеге ұнаймын десеңіз...

Адамның бәріне бірдей ұнау мүмкін емес. Өйткені әркімнің таңдауы мен талғама басқа. Бірі - мейірімді, әрдайым күлімсіреп жүретін жанды ұнатса, екіншісі - ешкімнің пікірімен санаспай, тек өз бетінше өмір сүретін жандарды дос етеді. Осыған байланысты назарларыңызға көпшіліктің көңілінен шығуға жәрдем ететін кеңестер ұсынамыз. 

1. Қошемет сөздер. Қошемет сөздерді күнде айтуға дағдыланыңыз. Оны көшеде мүлдем танымайтын адамға барып өзіңізге ұнаған іс-әркетіне байланысты қошемет сөз айтудан бастауыңызға болады. Қошемет сөздер әрдайым шынайы болуы тиіс. Адамдардың жақсы қасиеттерін іздеп, оларға бұл туралы үнемі айтып жүріңіз.

2. Жабыспау. Өзге біреуді өзімізді сүюге мәжбүрлей алмаймыз. Ал олардың жеке басына қатысты ісіне араласпау арқылы көп дүниеге қол жеткізуге болады. Әңгімелесушіңізге ұнамайтын сұрақтарды қоймаңыз, оның сізге жабық жан-дүниесіне бойлап жатудың қажеті жоқ.

3. Сыпайылық. Диалогты дұрыс жүргізіп, этикет ережелерін сақтау арқылы кімді болса да таң қалдыруға болады.

4. Байқағыштық. Психикасы дұрыс адамдар өзін жақсы көреді. Және ережеге сай өздері туралы көп айтады. Ал оларға ұнау үшін сөзін бөлмей, мұқият тыңдау жеткілікті. Мұнымен қатар арасында сұрақ қойып отыруды ұмытпау керек.

5. Стреотиптердің жоқтығы. Көбіміз стреотиптердің құрбаны болып жүрміз. Қоғам ұсынатын қатал ережелермен бірден келісеміз. Ережелерді ойлап тауып, өзгелерді де сол жолмен жүруге мәжбүрлейміз. Алдымызда қандай адам тұрмасын, бірінші кезекте ол индивид тұлға екенін ұмытпаңыз.

6. Күлімсіреу. Миллиондаған жылдарға созылған эволюция біздерге сөзсіз түсінетін тіл сыйлады. Ол ым-ишара тілі деп аталады. Бұл жерде қызғанудың қажеті жоқ. Көп күлімсірегеніңіз өзіңізге жақсы.

7. Мейірімділік. Ең сүйкімді деген бойжеткенді үш нәрсе құртады: көрсеқызарлық, мақтаншақтық, сын. Әрине, жер бетіндегі барлық адамның сізге ұнай бермейтіні түсінікті. Бірақ бұл жерде «ұнамаса, сөйлеспе» деген принцип жұмыс істейді.

8. Ибалылық. Адамдардың сіздің жетістіктеріңізді мақтан тұтқанын қалайсыз ба? Олар туралы адамдардың өздері білсін. Биографияңыздағы ең таңдаулы фактілер олар үшін тосын сый болсын.

9. Харизма. Өзгелерге позитивті энергия мен жеңіл қалжыңды жұқтыра біліңіз. Харизмалы тұлға болу үшін айналадағыларға жылы лебіз сыйлау білу керек.

10. Қанша таңырқарлық болмасын. Бәріне бірдей ұнауға тырыспау керек. Таңдауды өзгелерге қалдырыңыз. 

Ал сіз қандай адамдармен дос болуды жөн көресіз?

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет авторы: Yerlan Kidirov  

Қ. Бүйенбай