Өміріңіздегі ең үлкен өкініш қандай?

Өміріңіздегі ең үлкен өкініш қандай?

Корнель университетінің профессоры Карл Пилемер 70 пен 100 жас аралығындағы 1500 адамға сауалнама жүргізген. Сауалнама барысында қарт адамдардың табысқа жету және ұзақ өмір сүру құпиясын сұраған.

Сауалнаманың сараптамасы мен нәтижесі «Өмірдің 30 сабағы: ақылды америкалықтардың тәжірибисінен өткен және шынайы кеңестері» деп аталатын кітапта жарық көрген. Олардың негізгілерімен сіз де таныс болыңыз.

1. Өмірдің мәні неде? Өмірдің тым қысқа екені есіңде болсын. Жванецкий: «Қартайған шақ электричка секілді. Бір қарағанда шалғай жерде тұрғанымен, көзді ашып жұмғанша қасымызға келіп қалады». Пилемер үй шаруасындағы адаммен, басшымен, тіпті, ұшқышпен сөйлескен кезде де әңгімені бір сұрақтан бастайтын болған: «Сүрген өміріңізден қандай басты қорытынды шығардыңыз?». Мұнымен қатар респонденттермен жүздескен кезде отбасылық өмірге, ақша мен балаларға, қартаю мен денсаулыққа байланысты сұрақтар қойған. Бір қызығы барлық қатысушылар өмірдің бір сәтте ғана өтіп кететіндігін айтқан.


2. Мансап туралы ше? Өзің ұнататын іспен айналыс. Респонденттердің көпшілігі басынан экономикалық дағдарысты өткізсе де, жастарға тұрақты, ақшасы көп жұмыс тап деп кеңес бермеген. Мұның орнына «Өзіңе ұнайтын іспен ғана айналыс» деп айтқан. Өмірдің қысқалығын ескеріп, адамға шаттық сыйлап, өзгелерге де пайдасын тигізетін жұмыс табуды ұсынған. Олардың пікірінше, ұнамайтын іспен аз уақыт та айналысудың қажеті жоқ.

3. Салуатты өмір салты ше? Тәніңізді әлі алда 100 жыл пайдаланатындай етіп күтіңіз. Әрине, медициналық жетістіктер мен технологияның көмегімен ұзақ өмір сүруге болады. Алайда бүлінген денсаулық бақытты өмірді қамтамасыз ете алмайды. Яғни өмірдің санына емес, сапасына мән бергеніміз жөн. Мұнымен қатар салауатты өмір салты дегеніміз көкіністерді көбірек жеп, дұрыс ұйықтап, шылым шегуден бас тарту емес, оны 100 жыл пайдаланатындай күту екендігін айтады.

Салауатты өмір салтын сақтамаған адамдар небары 20, 30, 40 жасында созылмалы ауруларға шалдығады.


4. Өміріңіздегі ең үлкен өкініш қандай? Осы сұрақты қойған кезде қарт кісілер шеттегі махаббат хикаясын, бір нәрсеге тәуелділікті және күдік туғызатын бизнесті уайымдағаны үшін өкінетіндіктерін айтады. Барлығы бір ауыздан: «Мәнсіз күдік пен қорқынышқа осыншама уақытымды құртқаным үшін қатты өкінемін» деп жауап берген.

5. Бақыт ше? Өз бақытыңды еш уақытта бір нәрсемен байланыстырма. Еш нәрсеге қарамастан бақытты бол. Келесі бір кеңес өмірдегі жауапкершілікпен байланысты. «Жастар бір елеулі оқиға болған кезде ғана бақытты болуға болады деп ойлайды. Бірақ әр күнімізбен бақытты болуға болатынын ұмытпайық!».


"Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" дейді қазақта. Ал бұл кісілер өмірді бір ғасырға жуық уақыт көрген жандар. Олардың кеңесіне құлақ асу, аспау өз еркімізде.

Ал сіз жоғарыдағы 5 сұраққа қалай жауап беретін едіңіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен 

Қ. Бүйенбай