Тест: "Сіз қандай адамсыз?"

Тест: "Сіз қандай адамсыз?"

Гюго «Әрбір адамның үш мінезі бар: басқалардың оған телитін, оның өзіне-өзі телитін және ақырында, шын мәнісінде өзінде бар мінезі» дейді. Біріміз өзімізді жақсы танысақ, екіншіміз өзгенің жетегінде жүреміз. Ал сіз ше? Егер бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі тестіміздің көмегіне жүгініңіз. 

1. Сіз сөзжұмбақ шешкенді ұнатасыз ба?

А) Ия

Ә) Жоқ

2. Көңіл-күйіңіз жабырқайтын сәт жиі бола ма?

А) Ия

Ә) Жоқ

3. Күнделікті жаттығу жасайсыз ба?

А) Ия

Ә) Жоқ

4. Тыныш жерде отырып жұмыс істегенді ұнатасыз ба?


А) Ия

Ә) Жоқ

5. Үйіңізге келген қонақтың көңілін аулай аласыз ба?

А) Ия

Ә) Жоқ

6. Шаш үлгісі стиліңізді өзгерткенді ұнатасыз ба?

А) Ия

Ә) Жоқ

7. Көпшілік бар жерде бойыңыздағы сенімділігіңізді жоғалтпай тұра аласыз ба?

А) Ия

Ә) Жоқ

8. Басыңыз жиі ауырады ма?

А) Ия

Ә) Жоқ

9. Ащы бұрыш қосылған тағамдарды жейсіз бе?

А) Ия

Ә) Жоқ


10. Кейде тісіңізді тазалауға ерінесіз бе?

А) Ия

Ә) Жоқ

11. Сізде төбеңіз көкке жетіп қуанатын сәттер бола ма?

А) Ия

Ә) Жоқ

Жинаған ұпай санын есептеңіз:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Ия

1

1

3

4

3

1

2

1

3

4

4

Жоқ

4

4

1

1

2

3

1

2

2

1

2

20 ұпайдан төмен: Сіз табиғат аясында қыдырып жүргенді, тыныштықты ұнатасыз. Көпшілік жастар жүрген мейрамхана мен бастаңғыға қарағанда, достарыңызбен бірге жүріп әңгіме айтқанды жақсы көресіз. Сізді жақын таныстарыңыз көңілсіз жүретін адам деп ойлайтын шығар, алайда мүлдем олай емес.

21-25 ұпай: Адамдармен бірден тіл табысасыз. Аздап жеңілтектеусіз. Мұнымен қатар құбылмалылығыңыз да бар. Бірде мұңаясыз, бірде көңілдісіз.

25 ұпайдан жоғары: Сіз өзіңіздің де, өзгенің де көңілін аулай аласыз. Достарыңыз сіздің жаныңызда жүруді ұнатады. Ертегі, хикая айтудан алдыңызға жан салмайсыз. Қалжыңды да өте жақсы айтасыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: joins.com

Қ. Бүйенбай