Сізді арманға жетелейтін 12 дәйексөз

Сізді арманға жетелейтін 12 дәйексөз

Адам баласын алға жүргізіп, әр күн сайын жарқын болашаққа жетелейтін арманы болады. Көп ұзамай ол арман мақсатқа айналады. Назарларыңызға сол мақсатыңызды жүзеге асыруға көмектесетін 12 дәйексөз ұсынамыз. 

1. Өмірде орындалмас арманға қол созып, нар тәуекелге бара білетін адам ғана үлкен жетістікке жетеді.

2. Сіз күрестен бас тартқан кезде мақсатыңыздың тура қасында тұрғаныңызды байқамайсыз.

3. Қолыңыздан келетінді ұзақ уақыт бойы орындамай, күтудің қандай қажеттілігі бар? Алғашқы қадамды неге бүгін жасамасқа?

4. Сіздің ойлағаныңыз міндетті түрде жүзеге асады.

5. Арманыңыздың соңынан ерсеңіз, әлем сізге жаңа есігін ашады.

6. 20 жыл өткен соң жасаған істеріңізге емес, жүзеге асыра алмай кеткен армандарыңыз үшін өкінетін боласыз. Сол себепті ояныңыз! Желдің бағытын анықтап, армандарыңызға жетелейтін қанат сомдаңыз. Жаңалық ашыңыз.

7. Теледидардың алдында жайлы күндер өткізгенше, арманыңыздың соңынан ерем деп қанатыңыз күйіп, жерге құлағаныңыз мың есе артық.

8. Жер бетіндегі барлық зат бір кездері жәй ғана арман болған еді.

9. Іспен айналысып жүрген адам табыс күтеді. Ал бағын сынап көруші тек кедергіге ие болады.

10. Алыңыз да, жасаңыз. Еш нәрсе жасай алмасаңыз да, алға қадам басыңыз.

11. Мақсаты бар адам сол мақсатқа жетуге мүмкіндігі бар адамнан әлдеқайда мықты.

12. Үлкен де жарқын армандар кем дегенде 110%-ға орындалады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай