Үйленгісі келмейтін жігітті көндірудің амалдары

Үйленгісі келмейтін жігітті көндірудің амалдары

«Өмір бойы үйленбеймін» деген атақты актер Джорд Клуни жақында сүйіктісі адвокат Амаль Аламуддинге ұсыныс жасап, қолына сақина салды. Бастапқыда бұл жаңалыққа ешкім сене қойған жоқ. Өйткені Джорджд 22 жыл бойы «бойдақ» статусынан арылмай келген болатын. Қалайша Амаль актердің жүрегін жаулап алды? Сұрбойдақ жігіттер қандай қыздарға үйленеді? Саралап көрейік...

«Онымен матрица сияқты жараса қалған қыз ғана сұрбойдақтың әйелі бола алады, - дейді психолог. – Клуни мен оның қызы Амальдың жағдайы дәл осындай. Оның деңгейіндегі барлық бұрынғы әйелдер оны жай ғана қызықтырып қана қойған. Амаль болса – білімді, басқа саланың маманы, жақсы серіктес».

Абайлаңыз, сұрбойдақ!

Психиатрияда сұрбойдақ – бұл диагноз. Мұндай еркектерден аулақ болуға кеңес етіледі. Заманауи психологияның көзқарасы басқаша.

Ешқашан үйленбеуге бел буған жігіт қолыңа түсті ме? Сен оны ойынан айнытып көр. Сұрбойдақпен байланысу - күреспен тең. Және жеңу немесе жеңілу өз қолыңда. Тіпті түзелмес сұрбойдақты да баурап алып, неке сарайынан бір-ақ шығаруға болады. Еркіндігін жақсы көретіндігі жайлы әр бұрышта жар салатын адам ішінен біреудің сүйіктісі болуды армандайды.

Неге сұрбойдақ болады?

Еркектер «ешқашан үйленбеймін» деген мақсатпен туылмайды. Олар уақыт өте келе сондай болады. Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін.

Мысалы, кішкентай кезінен оның жанынан қыздар айналшықтап шықпай жүрген болар. Ер адам өзін қалай ұстаса да, әйелдер әрдайым оны жақсы көретін болады деген оймен өмір сүреді. Және ол қыздардың бәрін жақсы көруі міндетті емес, бірақ жанынан әрдайым бір қыздың табылатынына сенімді.

Сұрбойдақтықтың тағы бір себебі – өкпе, реніш. Егер бозбала шағында ол қыз бала немесе анасынан қатты зәбір көрсе, ол мұны есінде сақтап қалуы мүмкін. Сол себепті де әйелдерді өміріне кіргізбейді.

Және сұрбойдақтардың үшінші түрі – бұл анасының балалары. Бірақ көбінесе осы типтегі ерлерден жақсы отбасы қожайыны шығып жатады. Өйткені олар әйел адамын құрметтеп, әр ісіне ризашылығын білдіріп отырады.

Аталған еркектердің барлығын сатқындар немесе қыз атаулының жаулары деуге болмайды. Олар көбіне уақытты бірге өткізсек те, үйленбейміз деп, алдын-ала ашық және шындығын айтады.

Мұндай еркектерге оны жалғыздық пен көңілсіздіктен құтқаратын әйел қажет емес. Олар жалғыздықтан қиналмайды. Олар өз-өздерінің көңілін қалай көтеруді және қалай даму керек екендігін жақсы біледі.

Сұрбойдақты үйлендіруге қалай көндіруге болады?

Сіз сұрбойдақпен жүре бастадыңыз делік. Сіз оның өмір салтын білесіз, сондықтан оны тәрбиелеуге емес, оның өміріне бейімделуге тырысыңыз. Оны қайта тәрбиелеу және оның қалауынсыз бірдеңені талап ету – бекер. Мұндай қарым-қатынас көп ұзамай сәтсіздікке ұшырайды.

Сіз тек қана сырттай бақылап, аяқтың ұшымен өміріне жайлап ене аласыз. Асығыстықтың қажеті жоқ. Өз ұстанымдарыңызбен оның өміріне баса көктеп кірмеңіз. Егер сіз оның үйінде жиі болсаңыз онда заттарыңыз бен киімдеріңізді қалдырып, із тастауға талпынбаңыз. Сіз оның қалыпты өмірін бұзбауыңыз қажет. Оның заттарын ауыстырып қою да құпталмайды. Бұл оның жеке өміріне қол сұғушылық болып қабылдануы мүмкін.

Ол – бойдақ, демек өз көйлегін өзі жуып, өзі үтіктейді. Оның сұлулық пен тазалық жайлы өз ұғымы бар және бұл тұрғыда сіз оның көңілінен шықпасаңыз іс насырға шапты дей беріңіз. Мұндай ұсақ-түйек те маңызды рөл атқарады. Егер ол сізге киімін жууға, үйін жинауға өз рұқсатын берсе, өз қалауыңызша немесе салақтық танытып жүрмеңіз, тура өзі сияқты әрекет етсеңіз жетіп жатыр.

Және ең соңғысы, бірақ ең маңыздысы – сұрбойдақтың өмірін өзіңізбен толтырмаңыз. Қыздар жігіттерге өмірбаянын, күнінің қалай өткенін, достары мен жаулары жайлы бүге-шігесіне дейін баяндағанды жақсы көреді. Мұндай әңгімелерде әйелдік «мен» тым көп. Сұрбойдақпен қарым-қатынаста «мен» емес, «сен» көп болуы тиіс. Сіз оның өміріне білдірмей кірудесіз, оның сенімінен шығуға талпынудасыз, яғни ол сіз оған не үшін қажет екеніңізді, неге дәл сізсіз өмір сүре алмайтындығын, оған қандай пайдаңыз бар екенін өзі ұғуы қажет. Ал өзіңіздің қызығушылықтарыңызды бірінші кезекке қойып, тек өзіңіз жайлы айта берсеңіз – оны жаулап аламын деген оймен қош айтыса берсеңіз болады.

Cурет: starnote.ru, wday.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina