Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мақсатыңызды бірге анықтайық!

Мақсатыңызды бірге анықтайық!

Мақсатыңызды бірге анықтайық!

Сіз өз ісіңізбен айналысып жүрсіз бе? Таңдаған мамандығыңыз көңіліңізден шыға ма? Олай болмаған жағдайда мақсатыңызды төмендегі 7 сұрақтың көмегімен анықтап алуыңызға болады.

1. Сізге немен айналысқан ұнайды?

Сіздің мақсатыңыз жақсы көретін ісіңізбен байланысты. Мысалы, Билл Гейтс компьютерді ұнатады, Опра Уинфри адамдарға үнемі көмектесіп жүреді. Ал Эдисон жаңа дүниелерді ойлап тапқанды жақсы көреді. Ал сізге ше? Мүмкін кітап оқып, өлең жазып, спортпен шұғылданғанды жақсы көретін шығарсыз, әлде бизнес саласына барғанды жөн көресіз бе? Қалай десек те, сіздің мақсатыңыз жақсы көретін ісіңізге байланысты болуы тиіс.

2. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

Қолыңыз босай салысымен қолыңызға қағаз бен қалам алып сурет салсаңыз, сізге осы бағытқа қарай жылжу керек. Дәл осыны өзге де қызығушылықтарға байланысты айтамыз. Осы секілді жасырын белгілерді жіберіп алмау үшін бос уақытыңызда қандай іспен айналысатыныңызды есіңізге түсіріп көріңіз?


3. Не нәрсеге назар аударасыз?

Сатушы қандай тауардың үлкен сұранысқа ие болатынын алдын ала білсе, шаштараз адамдардың шаш үлгісіне назар аударады. Ал механик көліктің даусынан-ақ жаңа немесе ескі екенін, сол сияқты дизайнер талғаммен киінген адамды бірден байқайды. Ал сіз не нәрсеге назар аударасыз? Нені ұнатпайсыз? Осы сұрақтардың жауабы мақсатыңызды тануға көмектесетін белгілер болады.

4. Не туралы біліп, оқығанды жақсы көресіз?

Қандай кітап пен журнал оқисыз? Мүмкін бизнес туралы мәліметтерді сүйіп оқитын боларсыз? Өзіңізге ғана арналған кітапхана ашсаңыз, онда қандай кітаптар болғанын қалайтын едіңіз?

5. Шығармашылықпен не себепті айналысасыз?

Мүмкін сауда жасау сізге ляззат сыйлайтын шығар? Немесе журналдан көрген асты бірден дайындайтын кезіңіз бола ма? Жеке басыңыздан өткен оқиғаға байланысты сурет саласыз ба? Яғни сізді алға жылжытып тұрған қандай күш екендігін анықтаңыз?


6. Айналаңыздағы адамдарға сіздің қандай қасиетіңіз ұнайды?

Сіздің жасаған тамағыңызды ерекше мақтайтын «жанкүйерлеріңіз» бар ма? Ал тамағыңыз ешкімге ұнамаған болса, болашақта аспаз боламын деп жоспарламасаңыз да болады. Әлде өлең айтып, би билегеніңізге қайран қалатын жандар көп пе? Өзгелерге ұнайтын қасиет барлығымызда да бар екенін мойындаңыз.

7. Табысқа жететініңізді алдын ала білгенде қандай іспен айналысатын едіңіз?

Біреу өзін музыка саласында сынаса, екіншісі сұлулық салонын ашады. Ал үшіншісі дүкеннің бастығы болғанын қалайды. Сіздің кез келген жауабыңыз мақсатыңызға жетелейтін алапат күшке айналады.

Ал сіздің алдыңызға қойған мақсатыңыз қандай?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 26 сәуір 2014, 15:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.