Тест: "Сіздің мінезіңіз қай құсқа ұқсайды?"

Тест: "Сіздің мінезіңіз қай құсқа ұқсайды?"

Табиғатта өмір сүріп жатқан тірі денелердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бір қызығы, құстардың мінезі мен адам болмысы ұқсайды екен. Төмендегі тестің көмегімен қай құсқа ұқсайтындығыңызды анықтаңыз:

1. Таңғы асқа нені қалайсыз?

А) Бір стақан қара шәй, кофе немесе шырын

Ә) Асылған жұмыртқа немесе бутерброд

Б) Кешеден қалған тамақты жылытып жеймін

2. Демалыста жұмыс күндеріндегідей ерте тұрасыз ба?

А) Иә, бұл әдетке айналып кеткен

Ә) Жоқ

Б) Әр кезде әр түрлі

3. Уақытты минутына дейін сағатқа қарамай дәл анықтай аласыз ба? Бұл тапсырманы орындау үшін жақындарыңыздан көмек сұраңыз. Нәтижесі төмендегілердің қайсысына сәйкес келді?

А) Бір минутты артық айттым

Ә) Бір минутты кем айттым

Б) Дәл таптым десем болады

4. Тәуліктің қай уақытында біреумен ұрысасыз немесе өзіңізден-өзіңіз ашулана бастайсыз?

А) Кешке қарай, шаршай бастаған кезде

Ә) Таңертең, ұйқым қанбаған кезде

Б) Нақты айта алмаймын

5. Жұмыссыз болған жағдайда, ұйқыға нешеде жататын едіңіз?

А) Шамамен түңгі 00-де

Ә) Түңгі 1-де

Б) Сағат 22.00 болғанда

6. Төмендегілердің қайсысынан оңай бас тартасыз?

А) Кешкі шәйден

Ә) Таңертеңгі кофеден немесе шәйден

Б) Маған шәй мен кофенің қай уақытта ішілетіні маңызды емес. Көңілім қашан қаласа, сол кезде ішемін

7. Әдеттегіден 1 сағат ерте тұру керек болса, ұйқыға да ерте жатасыз ба?

А) Шынымды айтсам, жоқ

Ә) Иә, әрине

Б) Жоқ, әдеттегідей ұйықтай беремін

8. Таңертең оятқыш шырылдаған кезде қандай сезімде боласыз?

А) Мені ашуландырмайды

Ә) Оны терезеден лақтырып жібергім келіп тұрады

Б) Барлығы ұйқымның қанған-қанбағанына байланысты

Жауабы:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

А

0

0

3

6

6

3

6

3

Ә

3

3

6

3

0

6

0

6

Б

6

6

0

0

3

0

3

0

0-18 ұпай арасы: Жарқанат. Дәрігерлер адам баласына  жарқанаттың күн тәртібінің сай келетіндігін айтады. Бұл типке жататын жандар қан тамырлары мен жүрек ауруларымен мүлдем ауырмайды деуге болады.

21-33 ұпай: Үкі. Үкілердің миы түнде жақсы жұмыс істейді. Алайда дәрігерлер осы қасиеттерінің арқасында денсаулықтарының жақсы болмайтындығын айтады. Олардың үнемі қан қысымдары артып, жүрегі қысылады.

36-48 ұпай: Көгершін. Мінезі жарқанат пен үкінің ортасында. Басқаларға қарағанда сыртқы ортаға жылдам үйренеді. Бірақ күйзеліске жиі тап болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:plus.ru

Қ. Бүйенбай