«Өзінше боп қалған» қыздың 5 белгісі

«Өзінше боп қалған» қыздың 5 белгісі

Қыздардың тәкаппарлығы дейміз бе, менмендігі дейміз бе, әйтеуір сол бір қасиеті стереотип болып қалыптасып, «өзінше боп қалған» деген қыздардың типі пайда болды. Біз қыздардың сол қасиеттерін тізбелейміз, ал сіз өз кезегіңізде қызыңыздың қандай екенін біле отырыңыз. Сонымен, сіздің қызыңыз «өзінше боп қалған» ба?
 
1. Сіздің SMS хабарламаңызға дер кезінде жауап бермейді. Қолынан смартфонын үнемі тастамай жүретін қыз неліктен хабарламаға жауап бермейді? Винита Мехта есімді психотерапевт «Егер ер адам қыз баласымен жекелей қарым-қатынас жасаспай, телефон немесе әлеуметтік желілер арқылы байланысатын болса қыз баласы өзінің қаншалықты құнды екенін білмейді» дейді. Шын мәнінде әлеуметтік желілердегі жеңіл флирт ешқандай жауапкершілікке тартпайды, оның алдында еш қысылмай-ақ әңгіме айтуға болады. Ал шын өмірде онымен бұлайша батыл сөйлесе аламыз ба? Қыз баланың назарын аудару үшін хабарлама емес, ең болмағанда телефон соғып, байланысу керек. «Егер жігіт телефон соғатын болса, қыз баласы жігіттің алдында өзінің абыройы бар екенін сезетін болады» дейді. Ойлап қарасақ, мәтіндік хабарламаны бір уақытта 100 қызға жібере аламыз, ал телефон соғып хабарласу әркімнің бір қолынан келе бермейді.

2. Оның әрқашан да уақыты жоқ. Ол сіздің қандай да бір ұсынысыңызды кері қайтарады. Кездесуге шақырсаңыз қыздың міндетті түрде шындыққа жанасатын сылтауы дайын тұрады. Мұнда үш түрлі тұжырым жасай аламыз. 1. Ол ойын-сауық кештеріне көп барады.2. Сіз оған қызықсызсыз. 3. Ол сізге қандай да бір белгі беруге тырысады. «Ол сіздің қоңырау шалғаныңызды күтіп отырмағанын көрсеткісі келуі мүмкін, - дейді Мехта, - Осы арқылы қыз баласы қызығы жоқ қарым-қатынасқа түскісі келмейтінін білдіреді».
Ал егер қыз сіздің әрбір ұсынысыңызға «иә» деп жауап беретін болса, онда оның сізге деген құрметі зор. «Қыз бала жігіттің қолына бірден түсе салғысы келмейді, сізбен көрісу үшін барлық ісін жинастырып қоятынын көрсеткісі келмейтін шығар. Ал егер кездесуге шақырсаңыз шықпай, сылтаурата беретін болса ол сізбен қарым-қатынас құрғысы келмейді. Және осы белгіні береді» дейді Винита Мехта.

3. Ол өзге жігіттер туралы көп айтады. Бұрынғы жігіті немесе досы, жұмыстағы әріптесі туралы әңгімесі таусылмайтын болса оның айтқысы келгені «Маған сұраныс көп, сен болмасаң да жерде қалмаймын» дегенге саяды. Ал егер қыздың жігіттер туралы әңгімесінде махаббат пен романтиканың иісі де шықпайтын болса, оның сізге деген көзқарасы жақсы.

4. Біртүрлі қыз. Сіз онымен бірге киноға бардыңыз. Бәрі де жақсы өтті. Ал ертесіне еш себепсіз сізге деген қарым-қатынасы суып кетті. Немесе қыз кездесу уақытын кенеттен ешбір себепсіз өзгерте салды. singlefied.com сайтының маманы Йю Цзю: «Мұндай жағдайды қыз бала өз-өзін қорғағаны деп түсіну керек. Іш пыстыратын адам болып көрінбеу үшін қыз қандай да бір өзгерістерге барады» дейді. Ал егер қыз баласы сіздің айтқаныңызбен санасатын болса оның сізге деген құрметі жоғары.

5. Сырлы қыз. Оның әрқашан да қолы бос емес. Өзін кездесулерде біртүрлі ұстайды. Және өзінің осы ісіне нақты жауап бере алмайды. Кездесуге шақырсаңыз, себебін айтпай қарсылық білдіреді. «Қыз бала әрқашан да құпиялы болғанды ұнатады. Өзі туралы біржақты ойламасын дегені» дейді Цзю.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: gorod.tomsk.ru

А. Құлтай