Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мына 7 адамнан қашық болайық!

Мына 7 адамнан қашық болайық!

Мына 7 адамнан қашық болайық!

Жер бетіндегі адамдардың саны қаншалықты көп болса, мінездері де түрліше. Мінездерін жақсы, жаман деп бөліп айту қиын. Мұнымен қатар бұл адамдар біздің өмірімізге өзгеріс енгізеді. Сол себепті досты таңдау кезінде абай болғанымыз жөн. Олай болса төмендегі 7 мінезді адамнан қашық болайық:

1. Сыншылар. Сізге ұнаған ғажап құбылысты жағымсыз деп есептейтін жандар бар. Біреуді «Талантты, болашағы зор» деп бағаласаңыз, сыншы досыңыз оны «Нағыз ақымақ» дейді. Олар үнемі біреумен сөз таластырмаса, тұра алмайды. Мұнымен қоймай, өзімен келіспейтін адамдарды «Нағыз ақымақтың өзі» деп санайды.

Несімен қауіпті: Олар әлем мен жанындағы адамдарды өзінің қалауына сәйкес өзгертіп алғысы келеді. Бұл жандар адамдар әртүрлі болған сайын өмір де ерекше болатындығын мойындамайды. Олар сөз таластыру барысында жинаған негативті эмоциямен қоректенеді.

2. Нәркестер. Бұл адамдар өзін жер әлемнің патшасындай сезінеді. Жоғарыдағы сыншылар секілді адамдарды өз дегенімен жүргізгенді ұнатады. Бірақ қу деуге келмейді. Әдетте оларға «Аспаннан жерге түсші!» деп айтқымыз келеді.

Несімен қауіпті: Олар өздерінің қажеттіліктерін кез келген жолмен өтеуге дайын тұрады. Сіздің қызығушылықтарыңыз мүлдем маңызды емес. Адамдардың өзінің алдында бас иіп, құртша жорғалағанын қалайды.

3. Пессимистер. Бұлар қолда бардың қадірін білмейді. Оған: «Бүгін күн қандай тамаша!» десеңіз, «Ауа райы ертең жаңбыр жауатындығын айтты» деген жауап аласыз. Немесе сүйікті футбол командаңыздың финалға шыққандығын айтсаңыз, финалда міндетті түрде жеңіледі деген сөздер естисіз.

Несімен қауіпті: Бұл адамдар өзгелердің қуанышын ұрлайды. Өмірге деген өкпе, назы жетерлік. Мұндай адамдармен сөйлесу арқылы, өмірден көңіліңіз қалып қалуы да ғажап емес.

4. Манипуляторлар. Олар адамдарды алдаудан алдына жан салмайды. Адамдардың әлсіз тұстарын біліп алған соң, оны өзіне қарсы пайдаланады.

Несімен қауіпті: Бұлардың жанында жүрген адамдар өзін төмен сезінеді. Өзіңіз ұнатпайтын істермен айналысуға мәжбүрлейді. Көп кешікпей өзіңіздің не қалайтындығыңызды ұмытып қаласыз.

5. Армандарды өлтіруші. Сізде жаңа идея пайда бола салысымен, оның орындалмайтындығын айтып, артқа тартады. Табысқа қол жеткізер сәтте, төмен тартып әкетуге дайын тұрады. Арманыңыздың ешқашан орындалмайтындығын айтып, мазаңызды алады.

Несімен қауіпті: Өмірде өздерінің жолы болмағандықтан, басқалардың табысқа жете алатындығына сенбейді. Өздерін дамытуға еш үлес қоспайды. Жаңа өмір бастаудан бас тартады.

6. Екіжүзділер. Олар шынайылық атаулысын баяғыда ұмытқан. Мысалы, сіз күлкілі әңгіме айтсаңыз, жауап ретінде жәй ғана жымия салғанын көресіз. Көзіңізге қарап, жақсы көремін десе де, іштей сізді жақтырмай тұрады.

Несімен қауіпті: Бұл адамдармен қарым-қатынаста болу, шынайы сезімдермен бөлісу мүмкін емес. Тіпті қажет кезде қолдау көрсете алмайды. Бойында жасандылық көп.

7. Мәдениетсіздер. Бұл адамдармен бірге жүрген кезде қызарып, ұялумен уақытымыз өтеді. Олар басында миы жоқ адаммен бірдей. Тіпті өздерінің ұятты әрекет жасап тұрғандарын да байқамайды.

Несімен қауіпті: Бұл адамдар тәртіп пен шекті білмейді. Өзге адамдардың сезімдерін сыйламайды.

Мұндай адамдармен дос болғанша, алшақ жүрген мың есе артық. Уақытты мұндай адамдарға құрту үшін өмір тым қысқа.

Ал сіз қандай адамдардан алшақ жүргенді ұнатасыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

13
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 09 сәуір 2014, 15:22
Пікірлер
+0
09 сәуір 2014, 15:21

Көп сөзділерден (құрс сөз) қашық жүруге тырысам. Тыңдап отырған-отырмағаныңда шаруасы болмайтын кейбір адамдардың сол мінездеріне таң қалам. Бірақ адамдардың бәрі де жақсы ғой негізі )))

+0
09 сәуір 2014, 17:15

Онда ешкіммен араласпауға тура келетін шығар ;)

+0
09 сәуір 2014, 18:14

Мына адамдарды терсек ешкіммен араласпауға тура келеді екен және менімен ешкім араласқысы келмес еді )))

+0
09 сәуір 2014, 21:21

Ал мен есе, тек өзін ғана айта беретін, сөзінің дәм-тұзы жоқ көп сөйлей беретін адамдардан алшақтау жүруге тырысамын. ;)

+0
09 сәуір 2014, 21:44

3,4,6,7 және берген уәдесін орындамайтындар, айтқан сөзінде тұрмайтындар, сатқындар т.с.с.

+0
09 сәуір 2014, 21:44

1,2,5-терді түзеп алуға болады.

+0
09 сәуір 2014, 22:18

Мен арманды өлтіруші деп-өз бастығымды айта аламын, ал екі жүзділер екі дүниеде де оңбайды, кейде ондайлар әртіс секілді боп, жасампаздық көрсетеді.. Жеке мақтап алады, көпшілік көзінше даттап алады-мыс, миымды сан-саққа айналдырғандай болады сөздері... Бұл екеуіде менің жұмысымда үстімнен қарайтын басшылар, қалай алшақ жүрерімді де білмейін?!

+0
09 сәуір 2014, 22:21

"Көзіңізге қарап, жақсы көремін десе де, іштей сізді жақтырмай тұрады." Бұл екіжүзділікке кіреді ме өзі?! Күнделікті жұмыстағы әріптестер арасында осындайларды көпшілігінен жиі көз жеткіземін.

+0
09 сәуір 2014, 23:12

Осы жеті жағымсыз қасиетттің бәрі де бір бойынан табылатын біреуді көз алдыма елестетті. Мен оны тәрбиелеуден шаршадым. Нәтижесі де жоқ емес, бірақ осылардың қалдығы баршылық.

+0
11 сәуір 2014, 01:39

мұндай жағымсыз қасиеттердің бар болуы иман жоқтығының белгісі. Әйтпесе, иманы бар адам ең алдымен адамнан емес, барлығын жаратып, барлығын көріп тұрған Алладан қорқып, ұялар еді. Осы қасиеттердің ішіндегі ең жаманы ол ЕКІЖҮЗДІЛІК негізі қалғандарыда осы екіжүзділіктің ішіне кіріп кетеді. Сондықтан шынайы мұсылман болып, иманды болып өмірден өткенге не жетсін. Абай атамыздың жарты иманы бар адам жарты адам, толық иманы бар адам толық адам деп айтуы бекер емес еді. Көркем мінезді болайық ағайын!!!

+0
14 сәуір 2014, 01:30

Сыншылар мен екіжүзділердің астын сызып айтар едім.Табиғаты,түсінігі,танымы бір-бірімен үйлеспейтін жандар да бір-біріне қауіпті болары анық.

+0
14 сәуір 2014, 10:13

Жақсы адамдар өмірде сирек кездеседі...булардың барлығы әрбір адамның бойында болуы мүмкін,сондықтан әр адам өз-өзіне жауапкершілікпен қарап бірінші өзін силаудан бастаса..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.