Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Шашты қай күні қидырған дұрыс?

Шашты қай күні қидырған дұрыс?

Шашты қай күні қидырған дұрыс?

Талғамға талас жоқ екені рас. Қыздар қауымының бірі ұзын шаш үлгісін ұнатса, екіншілері қысқарған шашты жақсы көреді. Шашының ұшын ай сайын түзететіндер де, жастайынан кестірмеген де жандар бар. Ал шашты аптаның қай күні кестірген дұрыс екенін білесіз бе? Білмесеңіз төмендегі мәліметтерге зер салыңыз. 

1. Дүйсенбі (Ай). Соңғы күні көңіл-күйіңіз болмай жүрген болса, шашыңызды аптаның осы күні қидырыңыз. Кесілген шашыңызбен бірге жағымсыз эмоциялардан арыла аласыз. Дүйсенбі күні сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі туылғандарға шаш қидыруға болмайды.

2. Сейсенбі (Марс). Бұл күні шашын физикалық денсаулығы нашар, өмірі бір сарынды және аздаған батылдық жетіспейтін адамдар қидырғаны жөн. Ал дүйсенбі және жұма күні туылғандарға бұл күні шаш кестіруге болмайды.

3. Сәрсенбі (Меркурий). Бұл күні шашыңызды қидыру арқылы жүйке жүйеңізді қалпына келтіре аласыз. Білімге деген құштарлығыңыз артып, керек адамдармен қарым-қатынас орнатасыз. Есте сақтау қабілетіңіз де жақсарады. Бейсенбі күні туылғандарға бұл күні шаш кестірмеген абзал.

4. Бейсенбі (Юпитер). Бұл күні шашыңызды қидыру арқылы өмірдегі әділеттілік заңын сезінесіз. Мұнымен қатар жүрген ортаңызда беделіңіз артады. Сәрсенбі күні туылғандарға шаш кестіру үшін қолайсыз күн.

5. Жұма (Шолпан). Шаш кесіп, имиджіңізді өзгерту үшін таптырмас күн. Осылайша өміріңізге өзгеріс енгізетін адамдардың қатары да арта түседі. Өзіңіздің сыртқы келбетіңіз ұнаса, бұл күні шаш қидырмағаныңыз жөн. Себебі артық қыламын деп тыртық қылуыңыз ғажап емес. Бұл күні сейсенбі күні туылғандардың шаш қидырмағаны дұрыс.

6. Сенбі (Сатурн). Зақымданған шаштарды қалпына келтіру үшін арналған күн. Мұнымен қатар тағдырға өзгеріс енгізу күші де бар. Бойға сабырлық секілді қасиеттерді дарытып, жаңа мүмкіншіліктерге жол ашады. Адамның психикасын тұрақтандырады. Сенбі күні жексенбі күні туылғандарға шаш кестіруге болмайды.

7. Жексенбі (Күн). Шаш кестіру үшін барлық жағынан қолайсыз күн. Алдыңызға қойған мәселелеріңіз ұзақ уақыт бойы шешілмей қалуы мүмкін. Әсіресе мұны дүйсенбі күні дүниеге келгендер жақсылап сезінуі мүмкін.

Әдетте ай толған кезде шаш кестірудің пайдасы зор. Шаш қалың әрі жылдам өседі. Ал жігіттер үшін ең қолайлысы жарты ай кезі.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: showwallpaper.com, alemninjary.ucoz.com

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 01 сәуір 2014, 19:00
Пікірлер
+0
02 сәуір 2014, 13:09

Сенбі күні барып қидырамын көбіне, сол күні қолайлы екен как раз маған

+0
03 сәуір 2014, 21:31

"Әдетте ай толған кезде шаш кестірудің пайдасы зор. Шаш қалың әрі жылдам өседі."-деген дұрыс айтылған.
Өзімнің ұзын шашым бар.Бірақ қидыруға қимаймын.

+0
23 наурыз 2015, 17:57

мен жексенюби куни дуниеге келдим мен шашымды кобинесе сенби куни киямын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.