Ақша туралы аңыз бен шындық

Ақша туралы аңыз бен шындық

Америкада «Ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген мәтел бар екен. 5 сөзден құралған мәтелдің астарында көп дүние жатқандай. Табыс пен ақшаның көзі қара күште емес, ұтымды жүзеге асырылған жоспарда. Яғни ақылда. Олай болса төмендегі бірнеше аңызды оқып, бай болыңыздар:

1-аңыз: Мамандығымды әуел баста дұрыс таңдағанымда бай болатын едім.

Шындық: Кез келген салада жүріп миллионер болуға болады. Барлық айыпты таңдау мен мамандыққа жаба салуға болмайды. Бар болғаны қолда бар мамандықтың қыр-сырын игеру керек.

2-аңыз: Егер ата-анам бай болғанда, мен де табысты болатын едім.

Шындық: Тарихқа көз жүгіртсек, ең бай адамдар кедей отбасыдан шыққан. Кейбірі орта ауқатты отбасынан шыққан. Бай отбасылардың өздері де ақшаны тиындап жинап, орнымен жұмсауға мәжбүр болған.

3-аңыз: Мектеп қабырғасында жақсы оқығанымда, ақшаны көп мөлшерде табатын едім.

Шындық: Көз – қорқақ, қол – батыр. Дәріс тыңдай бергенше, тікелей іске көшудің маңызы зор. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, бай адамдардың арасында озат оқушылар аз.

4-аңыз: Әттең, мүмкіндіктерімді жіберіп алдым, әйтпесе бай болатын едім.

Шындық: Бай адамдар жастық шағында бақытты болған жандар деп айту қиын. Олар табысты болу үшін барын салған. Табыс пен мүмкіндікті күтудің қажеті жоқ, оларды өзіміз жасауымыз керек.

5-аңыз: Мемлекетімнің экономикалық жағдайы жақсы болғанда, мен де бай болатын едім.

Шындық: Кез келген мемлекетте, кез келген қоғамда миллионерлер бар. Яғни ақша барлық жерде.

6-аңыз: Ай сайын жалақымды күтіп отыратын отбасым немесе мемлекеттік қызметім болмағанда мен миллионер болатын едім.

Шындық: Мәселе жауапкершілікте емес, сол жауапкершілікке қалай қарайтындығыңызда. Сізге ақшаны үнемдеп үйрену керек.

7-аңыз: Қазір жылдам баюға көмектесетін жұмыстар аз.

Шындық: Сіз қателесесіз. Бүгінгі таңда ондай мүмкіндіктер өте көп.

8-аңыз: Өзім жалғыз миллионер атануым қиын. Егер мемлекет пен отбасым бастапқы жолда көмектесіп жіберсе, мен міндетті түрде баюшы едім.

Шындық: Сіздің басыңызда кез келген жағдай болуы мүмкін. Жұмыстан шығып, отбасыңыз сізден бас тартуы мүмкін. Сондықтан да табысыңыз үшін сіз ғана жауап бересіз.

9-аңыз: Қолымда көп ақшам болса, үлкен іс бастаушы едім.

Шындық: Теңіз де тамшыдан құралады. Барлығын кішкентайдан бастаңыз. Күткен адамдардың барлығының үміті ақтала бермейді. Сол себепті уақытты жоғалтпай, әрекетті дәл қазір бастаңыз.

10-аңыз: Ақшаны тек ауыр жұмыстар істеу арқылы табуға болады.

Шындық: Жер бетінде ауыр жұмысты кедей адамдар жасайды. Байлар ақыл-парасатымен ғана жұмыс істейді.

11-аңыз: Ақша табу үшін көп ақша керек.

Шындық: Ақша бар болғаны мүмкіндікке жармасып қалу үшін қажет.

12-аңыз: Жақсы жұмыс байлыққа жеткізеді.

Шындық: Жұмыс – уақытша табыс көзі ғана. Сіз ақша үшін емес, ақша сіз үшін жұмыс істеуі қажет. Сондықтан қай салада жүрсеңіз де, жеке бизнесіңізді ашуға ұмтылыңыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fotobg.ru

Қ. Бүйенбай