Адам мінезін ерніне қарап таны

Адам мінезін ерніне қарап таны

Адам мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін оның бет-жүзіне қарап анықтауға болады. Адамның беті үш әлемді қамтып көрсетеді деп есептеледі: маңдай тағдырын сипаттайды, мұрын мен көз физикалық әлемді, ал иек пен ауыз адамның материалды әлемінен хабар береді.

Ауыз бен ерін пішіні неден хабар береді?

Ауыз бен ерін махаббат және сөзшеңдікке негізделген беттің сезімтал бөлігі. Егер адамның ерні жіңішке, ал аузы кішкентай болса, бұл оның нақтылық пен тәртіпке ұмтылатындығын білдіреді. Кішкентай ауыз мінездің әлсіздігі жайлы «айтады», рухы мықты адамдардың аузы үлкен болады. Пропорционалды, пішіні біртегіс ерін мінездің қаталдығын білдіреді. Томпақ біртегіс еріндер – мейірімділік, жайдарылық, ақжүректіктіктің, жіңішке еріндер – эгоизм, қатыгездік, мысқыл, қулықтың белгісі. Жіңішке ерінді адамдар ұсақшыл және кәнімшіл келеді.

Жоғарғы ерні алға қарай көрнекті болып тұратын адамдардың болмысы мейірімділікке толы. Қусырылған еріндер эгоизмнің белгісі. Қалың ерінді адамдар сезімталдық, жалқаулық, ашқарақтық пен арсыз түйсікке ие. Үстіңгі ерні астыңғысынан сәл үлкен болса еркектік болмыстан хабар береді.

Болмысы сезімтал және нәзік адамдардың еріндері гүлдің түйнегіне ұқсайтын болады.

Еріндердің мынадай пішіндері бар:

- томпақ әрі жалпақ,
- томпақ әрі шағын,
- үстіңгі ерін астыңғысынан үлкенірек,
- астыңғы ерін үстіңгісінен үлкенірек,
- үлкен ауызды, жіңішке ерінді,
- кішкентай ауызды, жіңішке ерінді.

Ерні арқылы әйелдің мінезін тану

Ерні томпақ әрі жалпақ әйелді қызбалы деуге болады. Егер оған бірдеңе ұнаса, ол оған қол жеткізбейінше жан таппайды. Мұндай әйелдер әдетте өздерін емін-еркін ұстайды, батыл және бірінші болып ықылас білдіруден қорықпайды. Олар үшін тәуелсіздік пен еркіндік өте маңызды, олар адамның жеке кеңістігіне түсіністікпен қарайды және басқалардан да соны күтеді. Мұндай әйел үшін еркектің шешім қабылдай алуы маңызды. Ез еркектер олар үшін жаралмаған.

Аузы шағын, ерні томпақ әйелдердің болмысы романтикаға құмар. Ол көп жағдайда есеппен емес, эмоциямен әрекет етеді. Мұндай әйелдің өмірі шарықтау мен құлдыраудан тұрады. Ол басқа адамдардың қайғысына ортақтасып, демеу сөздерді жақсы айтады. Адамдар оны осы қасиеті үшін құрмет тұтады. Ол мәселенің неден туындағанына аса бас қатырмайды, жай ғана қашып құтылудың жолын қарастырады. Мінсіз еркектің бейнесін махаббат романдары мен фильмдерінен құрап алған. Көптеген еркек мұндай әйелдерді сыпайы, айтқаныңды істеп, тыныш отырады деп ойлап, қатты қателеседі.

Үстіңгі ерні астыңғы ерніне қарағанда үлкенірек болса, мұндай әйел басқарғанды жақсы көреді. Қолға алған ісін тиянақты орындап, соңына дейін апаратын тыңғылықты адам. Мұндай әйелдер не қалайтынын жақсы біледі. Алайда өзінің дұрыстығына көз жеткізген соң ғана белсенділік танытады. Олар бастаған ісін аяқсыз қалдыратын адамдарды жек көреді. Өзін-өзі бағалау мен даңғойлығын біріктіру арқылы жетістікке жетеді. Мұндай әйелдің көшбасшылық қасиеті өте жоғары. Оның арманындағы еркек те өзі сияқты болғанын қалайды. Мұндай адаммен тіл табысу үшін және қарым-қатынасты сақтау үшін ортақ мәмілеге келіп үйрену керек.

Астыңғы ерні үстіңгісінен үлкен әйелдердің болмысы жұмбақ келеді. Ол көпшіліктің ортасынан әрдайым ерекшеленіп тұрады. Еркектер оның жұмбақ болмысына жиі ғашық болады, ал әйелдер мұндай аруларды жақтыра бермейді. Мұндай әйелге өзінің даралығын сезіну маңызды, сондықтан ерекше стильде киініп, мінез-құлқы да өзгеше болады. Оның арманындағы мінсіз еркек – ешкімге ұқсамайтын ерекше адам.

Ерні жіңішке, аузы кең әйелдер – реалистер. Ол аяғымен нық тұруды, бәрін алдын ала жоспарлауды жөн көреді. Реалистер ұқыпты келеді, ғашық болса да басын жоғалтпайды. Теңізге баспен сүңгімес бұрын ол судың температурасын, түбінің тереңдігі мен бедерін зерттеп алады. Ол эмоциясын сыртқа шығармайды және сыртқа суық, тәкаппар адам сияқты көрінеді. Алайда бұл қате пікір. Мұндай әйелге тұрақтылық пен нақтылық ұнайды. Ол таңдаған жігітінен тосын сыйлар мен ерекшелікті күтпейді, тек сенімді адам болса болғаны.

Аузы шағын, ерні жіңішке әйелдер – жанкешті. Оның оптимизмі 3-4 адамға жетеді және оған ештеңе қорқынышты емес. Ол бір орында отыра алмайды, бір сарынды жұмыстар оған қызық емес. Мұндай әйелге әрдайым адреналин қажет, сондықтан ол шытырман оқиғаларға жиі тап болады. Жанкештілігі сонша, ол басқалардың батылы бармайтын істі өз мойнына алуға дайын тұрады. Мұндай әйелдер мықты, ержүрек, нағыз күрескер келеді, сондықтан жігіттер олардан қорқады. Оған әр адам лайықты бола бермейді, оның ойындағы мінсіз еркек өзі сияқты ержүрек болуы тиіс.

Сурет: tatler.ru, lady.pravda.ru, popcornnews.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina