Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Несиені төлей алмаған жағдайда не істейміз?

Несиені төлей алмаған жағдайда не істейміз?

Несиені төлей алмаған жағдайда не істейміз?

Біз өмір сүріп жатқан заманда қарызсыз өмір сүру мүмкін емес.  Қарызды алғанда барынша қуансақ, қайтарар кезде қиналамыз. Кейде жеке басымызға қатысты жағдайлармен қарызымызды қайтара алмаймыз. Немесе туған-туысқандарымызға алып берген несиеміз уақытында төленбейді. Ал жұмысымыз бен жалақымыздың тұрақты болып қалатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Олай болса не істейміз?

Біріншіден, қатты уайымдамаңыз. Бұл өмірде адам өмірінен маңызды еш нәрсе жоқ. Бар болғаны төмендегі ережелерге сәйкес әрекет жасаңыз.

1. Еш уақытта банктен жасырынбаңыз. Жағдайыңызды жазбаша түрде банкке ескертіңіз. Шамамен «Жұмыстан шығып қалу себебіме немесе денсаулығыма байланысты дәл қазір несиемді төлей алмаймын» сынды ескерту болуы керек.

2. Банктен шарттарын өзгертуді өтіну «реструктуризация» деп аталады. Яғни келісімшарт қайта жасалады. Ондағы несие мерзімі мен пайызы өзгертіледі.

3. Заң сізді қолдайды. Барлығының заңды түрде жүзеге асқаны дұрыс. Сот алдында несие берушілерге берер жауабыңыз «Мен несиені төлеуден бас тартпаймын. Тек дәл қазір төлейтін ақшам болмай тұр. Сол себепті мерзімді созуларыңызды өтінемін» секілді болғаны жөн.  

4. Сот жоғарыдағыдай берілген жауабыңыз үшін түсіністікпен қарайды.

5. Мұндай мәселелердің сот арқылы дұрыс шешім таба салғаны банктерге ұнамайды. Сот маңызды рөл атқарған жағдайда банктер алдын ала қорқытып мазаңызды алмай, бірден қажетті органдарға тапсыратын еді.

6. Бұл мәселемен өзіңіз айналыса алмайтыныңызды сезсеңіз, арнайы мамандарды жалдаңыз. Олар тиісті жауап пен заңды жақсы біледі. Бұл мамандарды «антиколлекторлер» деп атайды.

- Антиколлекторлер сіздің атыңыздан кез келген кездесуді өткізе алатындай келісімшартқа отырады. Яғни несие берушілердің алдында сізді таныстырады;

- Сіздің атыңыздан хат дайындап банкке жібереді әрі сотқа арналған өтінішті дайындайды;

- Өсім мен айыппұлды 80-90%-ға дейін төмендетеді;

- Психологиялық және физиологиялық қысымнан құтқарады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: and.kz

8437 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 28 наурыз 2014, 13:49
Пікірлер
+0
28 наурыз 2014, 14:22

Несие төлей алмай қалудан сақтасын. Осы несиенің бір жаманы - үнемі мойныңда қарыз бар екенін сезініп, емін-еркін жүре алмайды екенсің.

+0
28 наурыз 2014, 15:03

Бұл мақаланы бекер жаздың ғой....

+0
28 наурыз 2014, 15:20

өйткені Нұрлан банкир, қателеспесем) несие бөлімінде қызметте.

+0
28 наурыз 2014, 15:31

:D ия, ия. Негізі несие алар кезде ойлану керек қой. Несиені белгілі бір мақсатқа жаратамын, сол жұмсаған ақша маған қайта келеді ма?- деп жоспармен алған дұрыс.

+0
28 наурыз 2014, 15:35

ия, дұрыс. Менің банкте жасайтын бір танысым несие алуға келетіндерді әуелі әбден үгіттейді екен несие алмауға)) біреу сол ақшаның бәрін сыйға беріп жатқандай алып кетеді, қайтаратын кезде қатты қиналатындықтан жаным ашып, солай істейм дейді.

+0
28 наурыз 2014, 18:17

Бір шетінен несие алатындарды түсінемін, бала-шағасының қамы үшін ғой...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...