Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: "Сіз қызғаншақсыз ба?" (қыздар үшін)

Тест: "Сіз қызғаншақсыз ба?" (қыздар үшін)

Тест:

Жігітіңіздің қалта телефонын ақтарып, смс хаттарын жасырын оқығанды жақсы көретін сәттеріңіз жиі бола ма? Болашақта бұл әдетіңіздің қаншалықты жалғасатынын білгіңіз келсе, тестіміз сізге арналған. Сұрақтарға тек «Иә», «Жоқ» жауаптарын жазып отырыңыз.

Сұрақтар:

1. Сүйіктіңіз көшеде өзге қызға жай ғана қарап қалса шу шығарасыз ба?

2. Ол сізбен кездесуге кешігіп келсе, сізді бұрынғыдай сүймейді деп ойлайсыз ба?

3. Сізді оның жұмыс істейтін орны мен әріптестерінің кім екені қызықтыра ма? (Немесе ЖОО-дағы бірге оқитын группаластарының кім екені)

4. Қолдарыңыз босай қалса, бірге болуымыз керек деп ойлайсыз ба?

5. Оны өміріңіздің мәні деп қабылдайсыз ба?

6. Оның іс-әрекеттері, қайда баратындығы туралы ортақ достарыңыздан сұрастырасыз ба?

7.  Оның сүйем деген сөздеріне сенесіз бе?

8. Сіздің қалауыңызға сәйкес өзгергенін қалайсыз ба?

9. Оның отбасына, достарына қатысты мәселелер туралы бірге сөйлесесіздер ме?

10. Оған ренжісеңіз, бірнеше күн бойы сөйлеспей жүріп алатын кездеріңіз бола ма?

11. Оның сізге дейін жүрген қыздары туралы өсек сөздерді білуге құмарсыз ба?

12. Ол қызғанбайтындығын сізге деген сеніммен байланыстырған кезде махаббат оты сөніп қалған деп ойлайсыз ба?

Енді «Иә» жауаптарын санаңыз.

Тест қорытындысы

«Иә» жауаптарының саны 10-нан асса:

Сіз өте қызғаншақсыз. Бұл мінезіңізді аурумен салыстыруға болады. Өзіңізді сүйетін адам мен табынатын адамды шатастырмаңыз. Жігітіңіз өзіңізге қарағанда сұлу бойжеткенге кетіп қалады деп қорқасыз. Ешкімге сенбейсіз. Қызғаншақ әрі ашуланшақ мінезіңіздің арқасында айырылысып кетулеріңіз де ғажап емес.

«Иә» жауабы 5-9 болса:

Сіздің мінезіңізді түсіну қиын. Қызғанып тұрсаңыз, ұрысып аласыз. Артынша ашуыңыз басылған соң қателік жасағаныңызды түсінесіз. Яғни, мінезіңізде аздаған тұрақсыздық бар.

«Иә» жауабыңыз 5-тен төмен болса:

Сіз тіпті қызғаныш сезімінің не екенін білмейсіз. Өкпеңізді ұзақ уақыт бойы жүрегіңіздің түбіне жасырып жүре бересіз. Сезімдеріңізге байланысты қиыншылықтарды бірге шешкендеріңіз жөн.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com желісінен

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 27 наурыз 2014, 11:44
Пікірлер
+0
27 наурыз 2014, 12:45

;) иа қызғангшақ екем

+0
27 наурыз 2014, 17:44

өзімнің қызғаншақ еместігіміді білуші едім, біраөқ тестте 7 шықты. Шындықты шылп еткізді ғой бетіме)))

+0
27 наурыз 2014, 17:51

Дәл шықты, қызғаншақпын ғой ))

+0
28 наурыз 2014, 00:07

қызғанбауды, бейтарап болуды үйреніп жүрмін, пайдалы негізі, басың болмашы нәрсеге қата бермейді.

+0
03 сәуір 2014, 21:13

Қызғанбайтын адам бар ма , бұл жалғанда?!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.