Бүгінгі бойжеткендерге қандай қасиет жетіспейді?

Бүгінгі бойжеткендерге қандай қасиет жетіспейді?

Біз өмір сүріп жатқан ғасырда бойжеткен мен бозбаланың мінезін айыру қиынға соғатын сияқты. Өмірден алған сабақтарына сәйкес адам мінезі өзгереді. Кей жігіт өзін қыздай күтіп, барынша сыпайы болуға тырысады, тіпті көше төбелесінен де бас тартады. Ал (кей жағдайда ғана) қыздар қауымы өз кезегінде батыл, өжет, физикалық деңгейде өзі үшін жауап бере алатын дәрежеге жетуде. Қажет болса ұлдардың да киімін киіп алады. Осылай жүргеніміз Қыз Жібек пен Құртқадайын ақылды да нәзік арулар сипатталатын жырларымен сусындап өскен біздер үшін қаншалықты қажет? Олай болса материалымызда сүйкімді бойжеткенге қажет 20 қасиетті ұсынамыз:


1. Дұрыс киім кию. Сүйкімді бойжеткен ашық-шашық киімдер киюден аулақ және мүмкіндігінше белдемше, көйлек, туфли, мойынорағыш секілді киімдер кигені дұрыс. (Әрине мектептегі мұғалімдер секілді де киініп алудың қажеті жоқ).

- Ең жарасымды киімді таңдаңыз. Белдемшелер жараспаса, шалбар киіңіз;

- Түріңіз ұйпаланған болмауы тиіс. Күнделікті ерте тұрып жиналуға дағдыланыңыз;

- Дорбаға ұқсас шалбарлар мен кеудешелерден бас тартыңыз;

- Қандай киім кисеңіз де, оны талғаммен таңдағыныңыз көрініп тұруы тиіс.

2. Көп косметика қолданбаңыз. Әсіресе далап пен көз бояғыштардың түсі тартымды болмағаны жөн. Косметикасыз да жүруге болады. Оны тек қолданғыңыз келген кезде пайдаланыңыз.

- Ал егер макияжға мүлдем қарсы болсаңыз, ерінге арналған бальзам жағыңыз.


3. Аксессуарлар. Киім мен макияждан өзге косметиканы да ойластырғанымыз жөн. Ата-анамыздан көп ақша сұрап аксессуар сатып алудың қажеті жоқ. Олардың бірнешеуінің көмегімен-ақ стилімізді ретке келтіріп алуымызға болады.

- Әдемі жібек мойынорағыш;

- Маржан тастан жасалған және гүл формасына ұқсас сырғалар;

- Шашқа тағатын ободок;

- Шаш қыстырғыштар;

- Жіңішке күміс білезіктер;

- Білезікке сәйкес жүзік;


4. Денеңіздің әрбір бөлшегін  жақсы көріңіз. Адамның тәні мен жаны – бар байлығы. Оны ерекше ықыласпен күтуіміз керек. Еркектерге қарағанда әйел адамның денесінде май ұлпалары көп. Сол себепті сәнбикенің сымбатына ұмтылмай, ең бірінші кезекте денсаулықты ойлайық.

- Сүйкімді бойжеткендер де физикалық жаттығулар жасайды. Йога, би, жүзумен айналысқан соң өзіңізді жақсы сезінесіз.

5. Сырт келбетіңізді ретке келтіруге уақыт бөліңіз. Күнде сағат сайын душқа түсіп, түрлі шаш үлгілерін жасаудың қажеті жоқ. Бар болғаны әрдайым таза болуға тырысуымыз керек.

- Еш уақытта достарыңыздың көзінше боянып, таранбаңыз. Олар сіз туралы басқа ойда қалуы мүмкін.

6. Хош иісті әтірлер мен ласьон пайдаланыңыз. Әркімнің талғамы түрлі болғандықтан, әтірді барынша аз сепкен жөн.

7. Кербез бола біліңіз. Бойжеткендер бозбалаларға қарағанда кербез болады. Әрине, еркекшора қыздарды және нәзік ұлдарды есептемегенде. Мұнымен қатар ситуацияны да ескерейік. Мысалы спорттық ойындарда барынша мықтылық танытуға болады. Әрдайым нәзік болып жүруіміз керек деген заң жоқ.


8. Кейде кербез болып көріну үшін лайықты аяқ киім де қажет. Биік өкшелі аяқ киім кие алмасаңыз, алдын ала үйдің ішінде жүріп көріңіз.

9. Би билеп үйреніңіз. Би кез келген қыз баласына жарасады. Ол еш уақытта артық болмайды. Мысалы, шығыс биінің көмегімен қыпша белді аруға айналуға болады.

- Әуен мен ырғақты сезіну үшін міндетті түрде маман болудың қажеті жоқ.

10. Көтеріңкі көңіл-күймен жүріңіз. Өмірдегі сәтсіздіктерді жеңіл қабылдаңыз. Сондықтан да үнемі күлімсіреп, қалжыңдасыңыз. Ешбір бойжеткен жасандылықпен сүйкімді көріне алмайды. Әрдайым шынайы болуға тырысыңыз.

11. Өзіңізге барынша сенімді болыңыз. Өзімізді жақсы көрудің маңыздылығын көпшілік мойындайтын шығар. Сенімділік өзіңізді нәзік әрі физикалық тұрғыдан мықты сезінуге септігін тигізеді.

- Ол үшін сенімді адамға лайық ым-ишара тілін меңгеруіміз қажет. Әрдайым бойыңызды тік ұстап, күлімсіреп және алдыңызға қарап жүріңіз;

- Сенімді адам мен тәкаппар адамды шатастырып алмаңыз.


12. Мүмкіндігінше жүрісіңіз нәзік болсын. Еденді тықылдатып жүрудің орнына жеңіл қадамдар жасаңыз. Тіпті, бір жерге асығыс жүріп бара жатсаңыз да, өзіңізді барынша байсалды ұстауға тырысыңыз.

13. Мейірімділік танытыңыз. Жаныңызға жақын адамдарға әрдайым демеу бола біліңіз. Жылаған адамның көз жасын сүртіңіз. Сүйкімді бойжеткен кез келген жағдайда белсенділік таныта біледі.

14. Жоғарыда жылап жүрген жандарды іздеп оларға демеу болу туралы айтылып жатқан жоқ. Тек кез келген уақытта мейірімділік танытуға дайын болу керектігіңізді білдіреді.

15. Сыпайы мінезді ұмытпаңыз. Жанымыздағы адамдармен жақсы сөйлесіп, тамақ ішкен кезде шынтағымызды үстелге қоймауымыз керек. Бір сөзбен айтқанда өзгелерге үлгі болған жөн. Сыпайылық ережесінің ең бастылары:

- Дастарқан үстінде тағамға қолыңыз жетпесе, оны біреудің алып беруін өтініңіз.

- Дисфемизмдерді эвфемизмдермен алмастырып көріңіз. Мысалы, «Аузыңды жапшы» секілді дөрекі сөздердің орнына «Сөзің аузыңда болсын, мен бір нәрсе айтып жіберейінші» секілді сөздерді қолданыңыз;

- Кекіріп қалған жағдайда міндетті түрде кешірім сұраңыз. Және достарыңызды күлдіргіңіз келіп әдейі кекірудің қажеті жоқ;

- Алдыңыздағы адамды жек көріп тұрсаңыз да, ала көзбен қарамаңыз.


16. Ханшайым секілді сөйлеңіз. Сөзімді барлығы тыңдасын деп айқайлап сөйлеген сүйкімді бойжеткендерге жараспайды. Ойыңызды қызыл тілмен барынша ұғынықты, сыпайы жеткізуге тырысыңыз. Даусыңыз бен күлкіңіз де кешегі Қыз Жібектің шолпысындай сылдырлаған болсын. «Түүүу, құлағым қатып қалды ғой» деудің орнына, «Бүгін күн суық екен» деп сыпайы түрде айтып көріңіз. Яғни ойыңызды емес, бар болғаны оны жеткізу әдісін өзгертіңіз.

17. Шынайы қошемет сөздер айтыңыз. Сөздің адам жанын емдеу құдіреті бар. Сондықтан оны орнымен пайдалана білу де өнер.

- Және жағымпазданамыз деп адамның асты-үстіне түсіп, жалған қошеметтер айтудың қажеті жоқ.

18. Мақтаншақ болмауға тырысыңыз. Бар болғаны өзгелер мақтап жатса, алғыс айтыңыз.

19. Мәдениетті болыңыз. Сүйкімді бойжеткен өзгелерге де жақсылық ойлайды. Әдетте мәдениетті қыздар «Мархабат, өтініш, рақмет» сөздерін жиі қолданады.


- Көпшіліктің ортасында жағымсыз тақырыптағы әңгімелерді қозғамаңыз.

20. Мінезіңіздің тұрақты болуына да назар аударыңыз. Жеңілтектік пен өзгермелі адамдарды көпшілік ұната бермейді.

- Сүйкімділік пен нәзіктіктің күші біз ойлағаннан да мықты. Сол себепті нәзіктігіміз бен күш қайратымызды қатар алып жүруіміз керек;

- Шаш селдіреп, жылтыр болып тұрған кезде ғана жайған дұрыс.

Ал сіз қыз баласының қандай болғанын қалайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: very beautiful girls kazakhstan

Қ. Бүйенбай