Ақылдың білімнен асып түсетін тұстары

Ақылдың білімнен асып түсетін тұстары

Біздің миымыз екі жақ бөліктен тұратындықтан, қай ми бөлігімізбен ойласақ, соған байланысты сипаттама береміз. Мәселен, оң жақ ми бөлігімен ойлайтындар шығармашылықты талап ететін жұмыстарды өнімді атқарса, ал сол жақ ми бөлігімен ойлайтындар есеп-қисап пен аналитикалық ойлауды талап ететін қызметте табысқа жетеді дейміз. Бірақ осы екі түрлі ойлау жүйесі бар адамдарда болуы қажет ортақ бір қасиет бар. Ол – ақыл. Білімді болу үшін көп оқып, көп тоқу керек болса, ақылды болу үшін не істеу қажет? Мұнда сізге Massaget.kz көмекке келмек.

1. Ақылды қоспа

Креатин – тағамға қосылатын қоспа. Бұл қоспа адамды күшті етіп қана қоймай, сонымен бірге тез әрі дұрыс ойлауға көмектеседі. Сидней университетінің қызметкерлері егер осы қоспаны 6 апта бойы күніне 5 грамм мөлшерде қабылдаса, адамның IQ деңгейі 15 бірлікке жоғарылайтынын дәлелдеген. Креатин бұлшықеттер мен миды энергияға толтырады. Осыған сәйкес сіз ақылды бола түседі екенсіз.

2. Бір жұтым су

Кей кезде алдыңызда таудай болып атқаралатын жұмыс жатады. Ал бірақ сіз бұл жұмысты орындауға еш дайын болмайсыз, істі соңына дейін бітіре алмайтын сияқты болып тұрасыз. Consciousness and Cognition журналы мұндай жағдайда су ішу керек деп жазады. Егер адам ағзасында жеткілікті мөлшерде сұйықтық болса, адамда энергия пайда болады. Мурали Дораисвами есімді маман 15 минут сайын ішілген бір жұтым су шаршағандықты басады дейді, ал жұмысқа дейінгі 30 минут алдында бір саптыаяқ кофе күрделі мәселелерді орындауға мүмкіндік береді дейді. Ал көк шайдың күннің екінші жартысында және ұйқы алдында көмектесетінін айтқан.

3. Иіс

Егер парфюмерлік дүкенде бола қалсаңыз сатушыдан розмарин иісі бар әтір сұраңыз. Бұл сіздің әсте аса сәнқой болып бара жатқаныңыздың белгісі емес. Ұлыбританияның Нортумбрия университеті ғалымдары розмарин гүлінің иісі адамның миын белсенді ете түсіп, дұрыс шешім қабылдауға әсерін тигізеді дейді.

4. Шайнау рефлексі

Адам сағыз шайнап жатқанда оның пульсі жылдамдай түседі екен. Ал бұдан шығатын нәрсе, егер пульс жылдам болатын болса, миға көп мөлшерде оттегі мен глюкоза түсіп, адамның ойлау қабілеті артады. Бұл дерек сенімсіз көрінгенімен, Нью-Йорк зерттеушілері мұны ғылыми негізде дәлелдеп шыққан. Сонымен, қандай да бір мәселені шешуде немесе ойға ауырлық түсіретін жұмыс кезінде сағыз шайнаудың да пайдасы барын біле жүретін болдық.

5. Дәрумендер

Миға күш түсетін жұмыс та дене шынықтыру жаттығуына өте ұқсас келеді. Ауыр жұмыс істеген соң ми да ауырып, жұмысқа жарамсыз болып қалады екен. Дэниел Уилсон есімді невролог маман кеңес береді: «B дәрумені мидың қайта қалыпқа келуіне септігін тигізеді. Ал В дәрумені сүтте, нанда, жұмыртқа мен бауырда болады. Осы тағамдарды көп жеңіз».

6. Мәселені жұдырықпен шешу

Жоқ, бұл сіздің ойлап отырған төбелес емес. Неміс психологтары шығармашылықты талап ететін жұмысты атқаруда сол қол жұдырығыңызды екі минуттай қаттырақ қысып тұруыңыздың керектігін айтады. Бұл жаттығу оң жақ ми бөлігіңізге қажетті мөлшерде нейрондарды белсенді етеді екен. Осылай, жұдырықты қысыңыз да, жұмыс істей беріңіз!

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: imhonet.ru

A. Mustafina