Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Қыздар аяқ киімінің өкшесіне қарап мінезін таны

Қыздар аяқ киімінің өкшесіне қарап мінезін таны

Қыздар аяқ киімінің өкшесіне қарап мінезін таны

Психологтар қыздардың таңдайтын аяқ киіміне қарап мінезін тануға болады дейді. Егер ұнатқан аруыңыздың болмысын анықтай алмай жүрсеңіз, оның күнделікті киетін аяқ киіміне назар аударып көріңіз.

1. Биік өкшелі туфлилер

Биік өкшені бейсаналы түрде басқалардан «жоғары» тұруды аңсайтын қыздар жақсы көреді. Олар қарсы келуден және ережелерді бұзудан тайсалмайды. Және тартымдылығы мен сымбаттылығын көрсеткісі келеді.

2. Біз өкшелі туфлилер

Біз өкшелі туфлилерді өзіне сенімді қыздар киеді. Олар өз тартымдылығына сенімді болғандықтан таныстық орнатудан қиналмайды және табиғатынан өте биязы болады.

3. Платформа табанды туфлилер


Психологтардың пікірінше, платформа табанды туфлилерді мінезді, әрдайым өз пікірін қуаттайтын қыздар жақсы көреді. Олар көбіне болжап болмайтын әрекеттерге жиі барады.

4. Платформа өкшелі туфлилер

Платформа өкшелі туфлилерді көбіне ұқыпты, және романтик қыздар ұнатады. Мұндай қыздар әрдайым табысқа жетуді қалайды және тік мінезді келеді.

5. Аласа танкеткалар

Аласа танкеткаларды жаны сүйетін қыздар жұмсақ мінезімен, көнгіштігімен және сабырлығымен ерекшеленеді. Мұндай қыздар әрдайым мәмілеге келуге асығады және олармен қарым-қатынас құру өте оңай.

6. Жайпақ аласа өкшелі туфли

Жайпақ аласа өкшелі туфлилерді (ерлер туфлиіне ұқсас) өзіне не керегін нақты білетін, мықты қыздар таңдайды. Бірақ мұндай арулар көп жағдайда стресске берілгіш, күйзеліске жиі түсетін болып келеді.

7. Спорттық аяқ киімдер

Психологтардың пікірінше, спорттық аяқ киімдерді жайдары мінезді қыздар жақсы көреді, олар адамдармен тез араласады, бірақ консервативті келеді, өмірлеріне өзгеріс енгізуден қашады.

Ал сізге қандай аяқ киімдер ұнайды?

Сурет: polskayobuv.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

12
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 07 наурыз 2014, 10:17
Пікірлер
+0
07 наурыз 2014, 11:22

Платформа өкшелі туфлилерді көбіне ұқыпты, және романтик қыздар ұнатады. Мұндай қыздар әрдайым табысқа жетуді қалайды және тік мінезді келеді. ОХО!!!

+0
07 наурыз 2014, 14:08

Аласа танкетка кигенді іздейтін болдық

+0
07 наурыз 2014, 15:36

Платформа өкшелі туфлилер ұнайды. мінезіме Дұрыс келеді екен

+0
08 наурыз 2014, 14:33

1,2,3,7 аяқ киімдерді ешқашан тастаған емеспін. Соңғысын анда-санда ғана киемін.

+0
08 наурыз 2014, 21:24

3, 4, 5 ;)

+0
09 наурыз 2014, 15:40

4-төпли әдемі екен! :ugeek:

+0
09 наурыз 2014, 22:49

баратын жерлерімізге қарай барлығын да киеміз ғой) көңіл-күйге де байланысты.

+0
10 наурыз 2014, 21:33


ia 4-төпли keremet ;)

+0
14 наурыз 2014, 15:18

Мен мыналардың барин киемін, менің мінезім қандай сонда :idea: , негізі осындай психологиялық тесттерді оқысам, күлкім келеді, біреулер айтқандай "жындының сандырағы" сияқты, сосын романтик кыздарды тік мінезді деп қойыпты, олар тік мінез көрсетпейді, сыпайы ғана жымиып-ақ тірліктерін бітіре береді

+0
15 сәуір 2015, 11:38

5. Аласа танкеткалар



Аласа танкеткаларды жаны сүйетін қыздар жұмсақ мінезімен, көнгіштігімен және сабырлығымен ерекшеленеді. Мұндай қыздар әрдайым мәмілеге келуге асығады және олармен қарым-қатынас құру өте оңай.

7. Спорттық аяқ киімдер



Психологтардың пікірінше, спорттық аяқ киімдерді жайдары мінезді қыздар жақсы көреді, олар адамдармен тез араласады, бірақ консервативті келеді, өмірлеріне өзгеріс енгізуден қашады.

+0
21 сәуір 2016, 23:42

Спорттық аяқ киімдерді ұнатамын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.