Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Ұят-ай...

Ұят-ай...

Өмірде жерге кіріп кеткің келетін сәттер аз болмайды. Дәл сол сәтте, дәл сол жерде жоқ болып кеткің келетін... Сондай кезде не істеу керек?

Ыңғайсыз жағдай деп өмірде қайталана бермейтін, өзімізді қалай ұстау керектігін білмей қалатын сәттерді айтады. Ыңғайсыз жағдайға түспес үшін жалпыға ортақ ережелермен әрекет етуіміз керек. Бұл ережелерді мыңдаған жылдар бойы, мыңдаған адамдар жасаған. Ол этикет деп аталады. Әлбетте, өмір тоқтап тұрмайды, сол себепті ережелер де ауысып отыратыны белгілі. Бәрін дерлік ұстанатындар кемде-кем. Бірақ этикеттің жақсы жері – адамның өз іс-әрекеттерін бақылап, қоғамда өзін түзу ұстауына көмектеседі. Міне, осы ішкі бақылау ыңғайсыз жағдайға түспеудің алдын алады. Әрине, егер тайып, жығылсаңыз – бұл сәтсіз оқиға. Ал далаға үй аяқ-киімімен шығып кету – бұл сол ішкі бақылаудың бұзылуы.

Егер сіз ыңғайсыз жағдайға түсіп қалсаңыз, табиғи қалпыңыздан таймауға тырысыңыз. Мысалы, құлап қалып, бір жеріңізді ауыртып алдыңыз. Ауырлық сезіміңізді көрсетіңіз, бірақ байсалдылық танытыңыз. Тіпті құлағаныңыз сырт көзге күлкілі көрінсе, достарыңызбен бірге күліп алсаңыз да болады. Және де «Сыртымнан жынды сияқты көрінген шығармын?» деген сұраққа басыңызды мүлдем ауыртпаңыз. Сол сәтте жаныңызда болған адамдарды ойлаңыз. Оларға бұл әрекет қалай әсер етті? Көбіне, олар үшін бұл тез ұмытылатын бір сәт қана. Және адамдардың бәрінің де сүрініп, құлайтыны есіңізде болсын. Сізге қарап, күлкісін тыя алмай тұрған досыңыздың 5 минуттан соң, өзінің де оңбай құламайтынына кім кепіл?..

Кез келген сәтсіз оқиға - бұл үлкен сабақ. Өзіңізге «Бұл жағдай неге дәл маған болды?» деген сұрақ қойып, осы жағдайдан қандай сабақ ала алатыныңызды, қандай әрекеттеріңізбен жұмыс істеу керектігін ойлаңыз.

Ыңғайсыз жағдайлардан шығуда сөз тауып кету - ең ұтымды жол. Сол қасиетті жетілдіруге тырысыңыз. Өйткені ыңғайсыз жағдайлар мен сәттер қайталануы да мүмкін ғой. Сол себепті алдын ала алгоритм ойластырып қойсаңыз да болады. Тіпті жаныңыздағы адам ыңғайсыз жағдайға түскенде де, тапқырлығыңыздың арқасында досыңызды құтқарып ала аласыз.

Өзін-өзі жетілдіру курстарында адамды ыңғайсыз жағдайға қалдырып, өзіңді ұстау мен қиын сәттен шығудың амалдарын айтып, тренингтер өткізеді. Ал көбіне адамдар өмірдің өзі тренинг екенін ұмытып кете береді.  

Суреттер: lola0236.uol.ua, ladymag.info

5004 9
Рейтинг: +3

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 03 мамыр 2012, 09:04
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 09:42

ондай кездерді есіме түсіргім келмейді :D

+0
03 мамыр 2012, 10:13

Байқамай құлап қалған адамға еш уақытта күлмеуге тырысамын. Себебі, кейін ол адамның орнында өзім болуым да мүмкін. Сол кезде біреу сыртыңнан күліп тұрса, ауырсынған аяғыңды емес, жоқ жерде күлкі болғаныңды ойлап қатты ұяласың :roll:

+0
03 мамыр 2012, 10:21

Менде де солай, құлағанын байқамағансуға немесе жаным ашып тұрғызуғатырысамын, өйткені байқаусызда сүрініп қалатын сәттер менде көп болады...

+0
03 мамыр 2012, 12:53

байқамай құлап қалу деген жәй ғой. Жөтеліп тұрып осырып қойсаң,уот сол ыңғайсыз жағдай)))

+0
03 мамыр 2012, 23:44

күлу керек. басқа амал қанша

+0
12 мамыр 2012, 23:40

ахахахахахахахах :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
13 мамыр 2012, 11:26

Субілакім катырган екенсин :D

+0
13 мамыр 2012, 11:27

Оз басыннан откен сикты гой :lol:

+0
21 мамыр 2012, 01:37

катырады шынында осырганы нес

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...