Сылтауратудың пайдалы тұстары да бар

Сылтауратудың пайдалы тұстары да бар

Өз қателігімізден кейін саналы түрде болсын, бейсаналы түрде болсын – өз-өзімізді ақтап алғымыз келіп тұрады. Сәтсіздіктер мен қателіктерден кейін өз-өзімізді ақтап, ол үшін түрлі сылтау тауып алудың алға қарай жетелейтін күші барын білесіз бе?

Ал енді мынадай екі мысалға кезек берейік: оқу орныңызда өте оңай делінетін тапсырма беріледі. Ал профессор сізге келіп екі түрлі дәрі ұсынады. Оның біріншісі – жұмыс өнімділігін арттыратын дәрі де, ал екіншісі керісінше: жұмыс өнімділігін әлсіретіп тастайтын дәрі. Қайсысын таңдайсыз?

Екінші мысал: оқу орныңызда шешілуі өте қиын тапсырламалар беріледі. Ал профессор сізге әлгі екі дәріні береді. Қайсысын таңдайсыз?

Дәл осы жоғарыда аталған мысалды арқау етіп, Принстон мен Гарвард университетінің мамандары зерттеу жүргізеді. Сөйтсе, оңай тапсырма алған студенттер жұмыс өнімділігін арттыратын дәріні таңдаған да, шешімі қиын тапсырма алғандар жұмыс өнімділігін әлсірететін дәріні таңдаған. «Логика қайда?», - дерсіз. Ал ғалымдар бұған мынадай түсініктеме береді: қиын тапсырманы таңдаған студенттердің кері реакция беретін дәріні таңдауының себебі – өздерінің нашар нәтижесін ақтап алғысы келеді.

«Менен басқасының бәрі кінәлі!»

Басқа сөзбен айтқанда, біз қателіктен соң құнымызды түсірмеу үшін өзімізді ақтап алу жолдарын іздей бастаймыз. Бұл психологиялық феномен сізді оң нәтижеге ешқашан алып келмейді.

Зерттеулер нәтижесі бойынша, сылтау айту біздің жұмыс өнімділігіміз бен мотивациямызды төмендетеді екен. Тағы бірнеше мысал келтірейік:

  1. Адамдар өзіне жұмысы ұнамаса да, өзге салаға бет бұруға келіспейді. Себебі олар өзге салаларда да сәтсіздікке тап боламын деп ойлайды.
  2. Толық адамдар әрқашан өздерінің толықтығын атадан балаға тарайтын гендік қасиет деп ақтап алады.
  3. Әрқашан ауырып жүретін немесе аурушаң адамдар мұны өміріндегі үздіксіз сәтсіздіктерден болды деп түсіндіреді.
  4. Спортшылар өз жеңілісін сыртқы жағдайлардан көреді.

Бұл, әрине, қалыпты жағдай. Себебі сылтауратып өз-өзімізді ақтап алу арқылы біз өзіміздің көңілімізді орнына түсіреміз. Және бір қызығы, біз осы арқылы өзімізге пайдалы нәрселер ала алады екенбіз.

Сылтаурату қалай пайдалы болмақ?

Мартин Селигман есімді психолог жүзумен айналысатын бір топ адамдарды зерттеу астына алыпты. Жаттығудан кейін спортшыларға олардың нәтижелері ісі жүзінде жақсы болса да, жағдайдың көңіл көншітерлік емес екенін айтқан. Ғалым сөзден кейін олардың келесі жаттығуда одан да кереметтей нәтиже көрсете білгенін байқаған. Нәтижесі нашар деп ойлаған жүзушілердің ішіндегі өз деңгейлері сол екен деп ойлағандар – келесі жолы тіпті де нашар жүзген. Ал сол нашар жүзген тағы да басқа жүзушілер судың немесе дайындықтың аз болғанынан көріп, келесі жолы жақсы нәтиже көрсеткен.  

Бұдан шығатын қорытынды, өз-өзіңізді ақтау шын мәнінде сізге көмектесе алады деген сөз.

Мұны қалай жүзеге асыру керек?

Мәселен сіз бизнес ашасыз. Бірақ оның нәтижесі кереметтей болмайды. «Менің қолымнан келмейді», «Бұл менің ісім емес» деп өз-өзіңізді езгілей бергенше «Бәрі де қателеседі», «Келесі жолы үздік болам» деуіңіз керек.

Өткеннің бәрін сабақ алу деп түсіну керек. Өмірдегі барлық жағдайларды ешкім де көріп-біле алмайды, бірақ сіз сол жағдайларға деген өзіңіздің көзқарасыңызды қалыптастыра аласыз. Бастысы – әр қателік сайын өзіңізді жазғыра беруді қоюыңыз керек.

Бірақ мұнда бір ереже бар: өзіңізді ақтап алған сәтіңізде алға қарай жүруіңіз керек. Сабақ алдыңыз ба, өз құныңызды түсірмей – алға қарай адымдай беріңіз.

Ал сізде өзіңізді түрлі сылтаулармен ақтап алатын жағдайлар көп бола ма?

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: liveinternet.ru

А. Құлтай