Жұмыс іздеп жүрсеңіз

Жұмыс іздеп жүрсеңіз

Өмірде түрлі жағдайлар болып жатады ғой. Жұмыс іздеп жүріп талай оқиғаны бастан өткереміз. Жұмысқа да бірден кіре қоймаймыз. Қолымызға түйіндемемізді қысып алып, бастықпен сұхбаттасуға кіреміз. Кейде оған ұнаймыз. Кейде ұнамаймыз. Кейде мынадай да қызықтар болуы мүмкін. 

Мәселен, біз жұмысқа тұрғымыз келетін компания бөтен қалада болады. Ал сол ұйымның басшысы сізбен көзбе-көз сұхбат жүргізбестен бұрын сізге интернет арқылы көз салып әңгімелесуді қалауы мүмкін. 

Бүгінгі жазбамыз да осыған арналмақ. Сонымен Skype арқылы сұхбат жүргізудегі кейбір ньюанстар туралы айтып өтеміз. 

1. Есіңізде ұстайтын нәрсе сіз қарапайым бөлменің фонында әдемірек көрінесіз. Сондықтан ақ қабырғаның артына тұру сәтсіз таңдау екендігін ұмытпаңыз. Тек бөлмеңіздің шашылып жатпағанына куә болыңыз. Үстіңіздегі киіміңіз үй киімі болмауы керек. Маңызды кездесулерде киетін киіміңізді киіп отырғаныңыз құба құп болады. Тек лайық шалбарды да киюді ұмытпаңыз. Іш киіммен немесе треникпен отырмай-ақ қойыңыз. Бәлкім белігілі бір себептермен орныңыздан тұру қажеттілігі туар?

2. Камерада кеудеңізден жоғары жағы көрініп тұрғаны жақсы. Құдды паспорттағы сурет секілді. Басыңыздың жоғарғы жағында аздап кеңістіксің болуын да қадағалаңыз.

3. Сұхбат кезінде экрандағы өз бейнеңізге қарауғы тырыспаңыз. Көзіңіздің жалтақтап отырғандығын көрген адам сізді қысылып отыр деп түйіндеуі мүмкін. Және де мүмкін болса камераны экранға мейлінше жақын қоюға тырысыңыз. Бұл сіздің экранға емес, сұхбаттасыңыздың көзіне қарап отырғандығыңыздай сезім қалдырады.

4. Кейбір техникалық ақаулар адамның еркіне әлбетте тәуелсіз болады. Сондықтан камерадағы бейненің сапасы төмендеп, тіпті көрінбей қалуыңыз да мүмкін. Ондай жағдай орын алса, сасқалақтамай әңгімені чат арқылы жалғастыра беріңіз. Тіпті кешірім сұраудың да қажеті жоқ. Байланыс сапасының нашарлап кетуі мүмкін екендігін алдын ала ескертсеңіз ойлы адам ретінде жақсы әсер қалдырасыз. 

сурет: context-profi.com