Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Жігіттердің ең басты құпиясы

Жігіттердің ең басты құпиясы

Жігіттердің ең басты құпиясы

Сүйе ме, сүймей ме? Телефон соғу қажет пе, әлде күте тұру керек пе? Әлемде миллиондаған қыз осы сұрақтармен бас қатырады. Біз қымбат уақытын болмайтын жігітке жұмсамай, махаббатта жетістікке жеткісі келетін заманауи қыздарға жаңа заңдар жинағын үйретеміз.

Жігіттердің қыздың жүрегін жаулау принципінде ешқандай логика жоқ. Егер қыз ұнаса – ол әрекет етеді, ұнамаса – ештеңе істемейді. Сол себепті өзіңіз бірінші хабарласып, бар екеніңізді есіне салып, бір жерге шақырып, оның пікірін біліп, қайда жоғалып кеткенін сұраудың еш қажеті жоқ. Бұл ортағасыр ережелерін ұстанып, ешқайда шықпай, ешкіммен сөйлеспей, ақбоз атты ханзаданы күту керек дегенді білдірмейді, жай ғана өз құныңызды түсірмей, жігіттердің бос ақталулары мен сылтауларына ермей, жағдайды бақылауда ұстау деген сөз. Әрдайым өзіңізге деген сенімді жоғалтпай, өз-өзіңізді сыйлап, жақсы көрсеңіз дәл солай жауап беретін жігіт табылатынына сеніңіз.

Жігіттер әрдайым шынайы сезімін сізге айтып отырады. Тек оны тыңдап үйрену керек. Біз бүгін олардың бізге түсініксіз әрекеттерін түсіндіруге тырысып көреміз.

Сіз оған ұнамайсыз, егер..

Ықылас танытпаса

Жігіттер – жаулап алуға құмар. Олар дегеніне жеткенді қалайды. Және егер сіз оған керек болсаңыз, ол сізді міндетті түрде тауып алады. Сізді лайықты бағалай алатындай уақыт жеткіліксіз болды десеңіз, онда сіз оны лайықты бағалауға қанша уақыт жұмсағаныңызды ойлап көріңіз.

Достық қарым-қатынасты құртып аламын деп қорқады

Екеуіңіздің тамаша достығыңызбен тәуекелге барғысы келмейді. Бір жағынан түсінуге болады, бірақ іс жүзінде бұл сандырақ. Егер ол сізді шынымен жақсы көрсе оны бұл қарым-қатынас қанағаттандырмайтын еді. Немесе қорқады деу де шындыққа сай келмейді, жігіттің ең қорқатын дүниесі: қыз оған тіпті ұнамайтынын түсіндіру.

Жағдайды асықтырғысы келмейді

Кез келген ақталу – бұл сыпайы бас тарту. Егер сіз оған қызық болсаңыз, бірақ ол қандай да бір себептермен жағдайды асықтырғысы келмесе, онда ол сізге мұны анық айтады. Және осы уақытта сіз де одан алыстамағаныңызды қалайды. Оның шешім қабылдауына қанша уақыт кететінін, қандай шешім қабылдайтыны тағы белгісіз. Есіл уақытыңызды оның ойлануына құртқыңыз келсе, мархабат...

Сізді кездесуге шақырмайды

Егер сіз оған ұнасаңыз, онда ол сізбен оңаша қалуды армандайды. Сауық кештерінде достармен бірге бас қосу деген сияқты кездесулер ғашықтардың кездесуіне сай келмейді. Ұмытпасаңыз, кездесу – бұл ай астында қол ұстасып серуендеу немесе бірге кешкі ас ішу, киноға бару.

Бос уақыты жоқ

«Қолым бос емес», «жұмыс көп» деу – барлық қарым-қатынасты құртатын құрал. Әрине, жұмыс көп болуы әбден мүмкін. Бірақ тұтқаны көтеріп, бір минут сөйлесуге уақыт табуға болады ғой? Егер сіз оған ұнасаңыз, ол өзінің бар екенін сізге ескертіп, қалыңызды біліп қоюға уақытты қалай да табатынына сенімді болыңыз.

Сізге хабарласпайды

Мобильді технологиялар мен интернет дамыған заманда телефон сымы үзіліп қалыпты, бірлік салатын жер болмады деген сияқты сылтаулар өтпейтіні анық. Бұдан шығатыны: егер ол сізге хабарласпаса, демек ол сізді ойламайды. Егер хабарласамын деп уәде беріп, үшті-күйлі жоқ болса, басқа мәселелерге де осылай салғырт қарайтынына сенімді болыңыз.

Тұрақты қарым-қатынастан қашады

Ол сезімін бүгіп қалмай, әрдайым шынайы болуға тырысады. Бірақ әлі де үйленуге, байсалды қарым-қатынас құруға дайын еместігін айтып отырады. Демек, ол сізді болашақ жары ретінде елестете алмайды деген сөз.

«Сен - мендіксің» деп айтпайды

Бастапқыда бәрі көмескі және түсініксіз – бір жағынан сіз оның қызы сияқтысыз, бірақ нақты ештеңе айтылмайды және сіздің өміріңізде болып жатқан мәселелерге ол мүлде араласпайды. Тұрақты қарым-қатынаста жігіттер де, қыздар да ғашығының қамқорлығында екенін сезінгісі келеді. Ғашық жігіт сүйіктісінің тек оған ғана тиесілі болғанын қалайды және соны әрдайым білдіреді.

Көзіңізге шөп салады

Көзге шөп салу аяқ-асты болмайды. Бұл – тайып құлау сияқты оқыс жағдай емес. Егер ол жасырын түрде басқа қыздарға барып жүрсе, демек сізге деген сезімі тұрақты емес деген сөз.

Сізге үйленгісі келмейді

Некеге сенбеймін деген жігіттердің өзі бір күні үйленеді. Бірақ сізге емес. Өйткені оның «үйленуге дайын емеспін» деген сөзін «саған үйленбеймін» деп түсінген абзал. Сондықтан үйленетін жігітті басқа жақтан іздеуге кірісіңіз.

Ұшты-күйлі жоғалып кетті

Бәрі жақсы болатын, сіздер кездесіп жүрдіңіздер, тіпті болашақты бірге жоспарладыңыздар, бірақ бір күні ол ұшты-күйлі жоғалып кетті. Ғашығыңыз ес-түссіз ауруханада жатыр, есін жоғалтып алған, телефонын ұрылар алып кетіп, хабарласа алмай жатыр деген сылтауларды ойдан сызып тастаңыз. Негізінде ол мәселеден, түсіндіруден қашып, осы әрекетті дұрыс деп шешкен болуы керек. Мәселенің шетін шығарып берсеңіз, мұның ақиқат болып шығатынына сенімді болыңыз.

Әрине, шындықты білу әркімге оңай тимесі анық. Алайда «тәтті өтіріктен ащы шындық жақсы» деген қағида әр уақытта өзекті. Қанша ғашық болсаңыз да, бір уақыт сүйіктіңіздің ісіне назар аударып, өз қадіріңізді ұқтырып қойғаныңыз абзал. Және егер жігіт сізді лайықты сыйлап, құрметтесін десеңіз, өз-өзіңізді қолға алып, ең алдымен өзіңізге сүйкімді болыңыз. Жоғарыда көтерілген мәселелер, тәккаппарлық танытып, ешкімді менсінбеу дегенді білдірмейді. Тек өзіңізді қаншалықты сыйлап, қаншалықты құрметтейтініңізді айқындайды. Өз-өзін жақсы көріп, бағалайтын, керім мінезді аруға өзіне сай жігіт табылатыны анық. Бәрі өз қолыңызда!

Сурет: willywazza.com, chinadaily.com.cn, kuwaitiful.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

3130 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 20 ақпан 2014, 15:21
Пікірлер
+0
20 ақпан 2014, 15:08

Керемет жазылған! Қыздар, соқыр болмайық!!!

+0
20 ақпан 2014, 15:21

осы жігіт пен қыз мәселесі деген мен үшін осыншалықты қиын, түсініксіз мәселеге айналады деп ойламаппын) қайран менің 18-дегі ойларым-ай :(

+0
20 ақпан 2014, 15:24

тамақ жеуге уақыт тапқан адам, күніне бес минут болсын сөйлесуге уақыт табады)) Ол анық дүние. Уақыт жоқ десе, онда расында САҒАН уақыты жоқ деп түсіну керек екен. Жалпы, мынау енді -енді қарым-қатынас құратын қыздарға керек дүние керек екен)))

+0
20 ақпан 2014, 16:07

осындай кемшіліктері жоқ мінсіз жігіт бұл әлемде жоқ шығар :!: :idea:

+0
20 ақпан 2014, 16:38

Барынша көңіл аударып жүрсе де жәй ғана сені сүймеуі мүмкін екен

+0
20 ақпан 2014, 19:57

Не деуге болады, бәрі ып-ырас :)

+0
20 ақпан 2014, 20:59

кейде расыменде телефон сымы узилип калады расыменде платеж салатын жер болмай калады болсада акшасы болмай калады барин отирик сылтау деп тусинуге болмайдыгой бастысы суйктине сену

+0
20 ақпан 2014, 22:54

Осы "неге амандаспайсың", "неге хабарласпайсың" дейтін жігітсымақтарға жыным келеді. Бәрі оқып алсыншы осыны.

+0
22 наурыз 2014, 22:44

Дұрыс айтасыз Әсел...... :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...