Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: "Сіздің мінезіңіз қандай?"

Тест: "Сіздің мінезіңіз қандай?"

Тест:

В. Гюго адам мінезі туралы: "Әрбір адамның үш мінезі бар: басқалардың оған телитін, оның өзіне-өзі телитін және ақырында, шын мәнісінде өзінде бар мінезі", - деп көрсетеді. Ал сіз өзіңіздің мінезіңіз туралы білесіз бе?  Білгіңіз келсе, өзіңізге ұнаған суретті таңдап, төмендегі жауаптарды оқыңыз:

1. Оптимист

Сіз өте белсендісіз. Жаныңыз нағыз махаббатқа құмартқанымен, оны таба алмай қаламын ба деп қорқасыз. Жүрегіңізге түскен сызаттарға қарамастан, кез келген адаммен тез тіл табысатын жансыз. Үнемі өзіңізді түсінетін достарды іздейсіз. Қарым-қатынастың адалдыққа негізделгенін қалайсыз. Бейтаныс адамдарға жылдам бауыр басасыз. Өмірдің онсыз да қиын екенін түсініп, адамдардың алдында көңілді де қарапайым адам болып көрінуге тырысасыз.

2. Тұрақты әрі тұйық


Сіз тұрақтысыз. Сырт көзге жолы болғыш, ең бақытты адам болып көрінесіз. Ішкі сезімдеріңізді өзіңіз де түсінбей қалатын сәттер болып тұрады. Сіздің ойыңызда не тұрғанын айту қиын. Сезімдеріңізді өзгелерге көрсеткіңіз келмейді. Өзгелерге көмек қолын соза білетін ақылды да байсалдысыз. Қоғамнан қалмай өмір сүруге тырысасыз. Дәрменсіздерге көмектескенді жақсы көресіз.  

3. Қызуқанды әрі тұрақсыз

Сіз қызуқандысыз. Бөлменің ішіндегі ең жарық шам секілдісіз. Ашуланып жүресіз. Өмірде еш уақытта тоқтамайтын мотормен бірдейсіз. Ойыңызда түрлі идеялар бар. Үнемі жарысуды ұнатасыз.

4. Ақылды әрі ашық жарқын

Сіз өте ақылдысыз. Жақсы кітаптарды оқудан ляззат аласыз. Өзгелердің әлемін аралағанды жақсы көресіз. Терең ойланып, қоршаған ортаңызға сай әрекеттер жасайсыз. Өзгерістер мен жаңа идеяларды ұнатасыз. Тәртіп пен адалдықтың құлысыз. «Өмірде ең бастысы – адалдық» деген ұстанымыңыз бар. Ешкімге бағынбайтын тәуелсіз, дүниетанымы кең адамсыз. Бойыңыздағы көп қасиетіңізді мақтан тұтсаңыз да, оны көрсетпеуге тырысасыз.

5. Жолы болғыш

Үнемі өзгелер үшін алаңдап жүресіз. Қарапайым, терең ойдың құшағында жүретін мейірімді жансыз. Сізге ұзақ уақытқа жетерлік жоспарлар керек. Осы өмірдің жақсаруына аз да болсын үлес қосқыңыз келеді. Әрбір күнді соңғы күндей өткізгенді жақсы көресіз. Ғаламды тұтастай өзгерте алмасаңыз да, адамдардың өмірін өзгертіп жүрсіз. Ара-тұра жолыңыз да болып тұрады.

6. Позитив

Сіз белсенді жансыз. Сіздей күндей жарқырап, ешкімде жоқ энергиясы бар адамға қызықпау мүмкін емес. Айналаңыздағының барлығын білгіңіз келеді. Достарыңыздан да алыс емессіз. Әрбір сағатыңызды бағалап, оны қуанышты сәттерге толтырудасыз. Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүресіз. Әзіл-қалжыңды қызықты қылып айтасыз. Өмірден рахат алғысы келетін адамдар сізбен сөйлеседі. Өзіңізді қуанышқа бөлегенді жақсы көресіз.

7. Табысты әрі энергияға толы

Сіздің күш-қуатыңыз мол. Бір уақытта бернеше жұмыс істей аласыз. Цирк өнерін меңгерген болуыңыз да ғажап емес. Алдыңызға қойған айқын мақсаттарыңыз бар. Армандарыңыздың орындалуы үшін барынша тырысып бағудасыз. Әрбір қабылдаған шешіміңізге жауапкершілікпен қарайсыз.

8. Тәртіпті әрі мейірімді

Сіз тәртіпке бағынуды ұнатасыз. Өзіңіз бар жерде адамдар өзін жайлы сезінеді. Әрбір адамға жеке индивид ретінде қарайсыз. Өмірде бәріне көңіліңіз толады. Күлкіңізде шынайылық бар. Достарыңыз жүрегіңіздің тазалығын ерекше құрметтейді.

9. Мейірімді әрі барлығын да түсінетін адам

Сіз өте мейірімдісіз. Өмірге деген көзқарасыңыз да ерекше. Әрдайым кешіріп, түсіністікпен қарай білесіз. Тыныш өмірді жақсы көресіз. Айғай-шудан аулақ жүресіз. Бос уақытыңызда өмір туралы терең ойлағанды жақсы көресіз. Уақытты қадірлей білесіз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: yuorlife.com.ua

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 19 ақпан 2014, 12:21
Пікірлер
+0
19 ақпан 2014, 13:27

Тәртіпті әрі мейірімді :)

+0
19 ақпан 2014, 13:35

Барлығы да ұнап тұр ;) Тұрақты әрі тұйықтың суретін тандаппын :D

+0
19 ақпан 2014, 14:00

оптимист және позитив ;)

+0
19 ақпан 2014, 14:23

Мен позитивный адаммын) :)

+0
19 ақпан 2014, 16:19

Мен де позитивный екенмін... Сыртымнан онша ұқсамаймын)))

+0
19 ақпан 2014, 17:57

3. Қызуқанды әрі тұрақсыз 8-)

+0
19 ақпан 2014, 23:26

Менің Монтиым бірінші боп күнді көрген шығар, мен қызуқанды екенмін

+0
20 ақпан 2014, 13:52

:ugeek: :geek: :mrgreen: :| :arrow: :idea: :?: :!: :evil: :cry: :x :lol: 8-) :? :shock: :o :( ;) :) :D

+0
21 ақпан 2014, 17:49

7.табысты әрі энергияға толы :ugeek:

+0
21 ақпан 2014, 23:07

Мен 9-ды таңдадым. шыныменде мен тек тыныштықты жақсы көрем. Жалғыз оңаша қалғанда болашағым туралы коп ойлаймын ;)

+0
24 ақпан 2014, 12:16

5 менің мінезіме келеді екен бұл расымен дәлелденген бе, алде сәйкестік пе!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.