Ым-ишара тілі: "Адамдардың тұрысын бақылау"

Ым-ишара тілі: "Адамдардың тұрысын бақылау"

Ым-ишара тілін бақылау үшін объектіміздің көзіне, бетіне және қолдарына қараймыз. Ал аяғы жайында мүлдем ұмытып кетеміз. Мидан алшақ орналасқан дене мүшелерін бақылау қиынға соғады. Адам қажет эмоцияны бетінде көрсетіп, қолдарын оған сәйкестендіре білгенімен, аяқтарын бақылауды ұмытып кетеді. Атақты психолог маман Аллан Пиз «Ым-ишара» туралы жазған кітабында: «Қарсы алдыңызда отырған адамның шындықты айтып тұрғанына күмәндансаңыз, үстелдің астына үңіліп аяқтарын қараңыз», - дейді. Олай болса, аяқ тұрыстарын жеке бақылайық. Мұнымен қатар әйел мен ер адамдар тұрыстарын түсіндіруде айырмашылық бар екенін ескерте кетейік.

Психолог ғалымдар «Қай жастағы болмасын адамдар өтірік айтқан кезде, аяғының ұшымен баспалдақтан түсіп келе жатқандай теңселіп, бір орында тұрмай қозғала беретіндігін» айтады.

Негізгі 4 тұрыс:

1. Назар

Аталған тұрыс сізді мұқият тыңдап тұрған адамдыкіне келеді. Және бұл тұрысымен өзінің дәрежесі сізден төмен екендігін байқатады. Әдетте, бұл тұрысты мұғалім алдында тұрған оқушы немесе басшысының алдында тұрған қызметкер пайдаланады.

2. Талтайып тұру

Бұл тұрыс нағыз ер жүрек жігіттерге лайық. Көбіне өзіне 100% сенімді жігіттер дәл осылай тұрады.

3. Бір аяқтың тізесін бүгіп тұру

Дәл осылай тұрған адамның ойында не бар екендігін бірден аңғаруға болады. Бүгілген аяқ қай жаққа бағытталса, адам да сол жаққа қарай жүрейін деп тұрғаны. Немесе бірнеше адамның ортасында тұрған кезде осы тұрысты пайдалану арқылы кімге көбірек ықыласы бар екендігін білдіреді. Ал егер адам өзін ыңғайсыз сезінсе, жақын маңдағы сыртқа шығу есігіне қарай бұрылады.

4. Аяқты айқастыру

Қолдарын немесе аяқтарын айқастырып тұратын адамдар жанында тұрған адамның көзқарасын немесе қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қабылдағысы келмейтіндігін білдіреді. Ол адамға сөзбен бір нәрсені дәлелдеу қиынға соғады.

Егер дәл осылай қолы мен аяғын айқастырып тұрған адамның күлімсіреп жылы қабақ танытып тұрғанын байқасаңыз, алданып қалмаңыз. Олар сізге іштей сенімсіздік танытуда.

Осы тұрысты бұрын-соңды болмаған ортаға тап болған адамдар пайдаланады. Яғни бейтаныс жандардың жанында осылай тұрады. Мұнымен қатар бұл тұрыс жұқпалы ауруға ұқсайды. Оған көз жеткізу үшін өзіңіз онша танымайтын адамдардың жанына барып, қол-аяғыңызды айқастырып көріңіз. Аз уақыттан соң олардың да дәл осы әрекетті қайталап жатқандығын байқайсыз.

Ашуланып тұрсыз ба әлде мұздадыңыз ба?

Ым-ишара тілін бірден анықтау өте қиын. Себебі айналадағы әсер етуші факторлардың барлығын есепке алу керек. Жоғарыдағы тұрысты мұздап немесе дәретханаға қысылып тұрған адамдар да жиі пайдаланады. Ол туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:

Айналасындағыларды дұшпан ретінде қабылдайтын адамдар үнемі осылай тұрады.

«Америкалық төрттік»

«Америкалық төрттік» отырысын ұлдар пайдаланады. Әдетте, басқаруды жақсы көретін, энергияға толы және жас жігіттер осылай отырады. Осылай отырған адам өзін сізден жоғары сезінеді әрі сіз айтқыңыз келген пікірмен мүлдем келіспейді. Ал егер осылай отырып тізесін қолымен ұстаса, өз пікірін соңына дейін қорғайды. Оны айтыскер ақындардан да байқауға болады.

Ғалымдар екі аяғы да жерге тиіп тұрған адамдар дұрыс шешім қабылдайтындығын айтады.

Тобықты айқастыру

Адамдар ішіндегі негативті эмоцияларды жасырып қалу үшін тобықтарын айқастырады. Мұны ерінді тістеп қалу белгісімен байланыстыруға болады. Әдетте, тіс дәрігерімен, заңгер мамандармен және салық инспекторларымен кездесер алдында осылайша отырады.

Қысқа белдемше синдромы

Бұл отырысты қысқа белдемше киіп жүретін қыздардан жиі байқауға болады. Яғни жанында отырған адамнан қорыққан кезде осы отырысты пайдаланады.

Аяқтарды шиеленістіру

Бұл да - қыздарға тән отырыс. Әдетте, өзіне сенімсіз, ұялшақ қыздар осылай отырады. Мұндай адамдармен тіл табысу үшін ашық жарқын болу қажет.

Егіздік

Бұл отырысты көбіне сәнбике қыздар қолданады.

Оң аяқ артқа, оң аяқ алдыға

Адам баласы өзінің аяғын екі түрлі мақсатта пайдаланады. Өзіне керектісін қуып жету мен қауіп-қатерден қашу үшін. Егер сізбен сөйлесіп тұрған адам оң аяғын (солақайлар сол аяғын бүгеді) сізге қаратып бүксе, әңгімелесушіңіз сізді толықтай тыңдауға әзір әрі сізге деген қызығушылығы бар деген сөз.

Мамандар белдемше киіп жүретін қыздарға отырған кезде аяқтарын айқастырмауды ұсынады. Ал жігіттерге орындыққа отырған кезде аяқтарын жинап отыруға кеңес береді. Ең дұрысы – екі тізенің ортасын қосып, тік отыру екендігін айтады.

Ал сіз көбінесе қалай отырасыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: lifehacker.ru

Қ. Бүйенбай