Өзгелер сені қаперіне де алмайды

Өзгелер сені қаперіне де алмайды

Данияр Яан (АҚШ)

Біреулер күні бойы өзгелердің өзі туралы сырттай тон пішуінен алаңдайды. Осы мәселені шешу үшін мен оларға «18/40/60» заңдылығын ұсынар едім.

18 жасқа толғаныңда барлық адам саған ғана назар аударатындай сезінесің.

40 жасқа келгенде басқалардың өзің туралы қандай ойда болуымен есептесіп жатпайсың.

60 жасты аттағаныңда сенің жеке шаруаларың жайында ешкім де бас қатырмайтынын байқайсың.

Адамдар әр күні саған емес, қайта өздерінің жеке ісіне ми жүгіртумен және соған алаңдаумен болады. Әрбір күнді қалай өткізіп жатқаныңды ой елегінен өткіз. Бүгін қандай ойда болдың? Басқалар немен шұғылданып жатыр деп ойладың ба, әлде не істеймін, нені істеуім керек деп бас қатырдың ба? Шындығында сен тек мынадай істер жөнінде ғана үнемі ойланасың: «бүгін не істеуім керек, кімге жолығамын, қайсы қарыздарымды алдымен өтеймін, қожайын не бала-шағам маған қандай әурешіліктер тауып береді, қосағым мені шынында жақсы көре ме», т.б. Әркім тек өзінің қамын күйттейді, сені қаперіне де алып қоймайды. Ата-анаңның, досыңның, әріптесіңнің нысанасы үшін емес, жеке нысанаңа негізделе отырып, мәселеге ой жүгіртуің және байлам жасауың қажет.

Өзгелердің өзі жайлы көзқарасын уайымдау қоғамдық қарым-қатынастан үрейлену науқасына шалдығушылардың немесе қоғамдық қарым-қатынастан тайсақтайтын не оған сәйкеспейтін жандардың ортақ ерекшелігі. Мәселенің бергі беті мынадай, бұндай адамдар әдетте өзгелер өзіне баға беріп жатқандай, өзінің сыртқы келбетін, киім киісін, сөз-әрекетін таразыға тартып тұрғандай сезінеді.

Басқалардың өзің жайлы қандай ойда екендігін уайымдауды доғар. Ойыңды, байламың мен нысанаңды көптен көксеген нәрселерге қарай, әсіресе өзіңе арман болатын дүниелерге бейімде. Өзін ғана өзек еткен тұрмыс тәсілін дәріптеп тұрған жоқпын, көп адам өзгелермен достық қарым-қатынас орнатуды әрі басқаларға көмек қолын созуды қалайды. Ол үшін басқалардың өзің жөнінде қандай көзқараста болуымен есептесіп жатпай, өз ойыңа сай қимылдауың керек.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan