Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Мамандар: "Шешім қабылдадыңыз ба, іске кірісіңіз!"

Мамандар: "Шешім қабылдадыңыз ба, іске кірісіңіз!"

Мамандар:

Психолог мамандардың табысқа ұмтылатын жандарға арналған кеңестері:

1.«Ашкөздік» - табыстың ең бірінші кілті. Сол себепті әрдайым аш жүріңіз!

А) Ашкөздік ішкі жан дүниеңізге бір нәрсенің жетіспеушілігінен туады. Тіпті, ең табысты адамдардың қатарында жүрсеңіз де, түйсігіңіз бұдан да көбірек іс тындыра алатындығыңызды білдіреді.  

Ә) Алдыңызға қойған мақсатыңыз айқын болсын әрі ол мақсатқа жеткіңіз келетіндігіңіздің себебі туралы да ойлаңыз. Мұның барлығы күш-қуат сыйлайды.

2. Дүниетанымның маңызы зор

А) Дүниетанымның дұрыс қалыптасуының да табысқа жету жолында тигізер әсері мол. Бұл «Мұны қалай жүзеге асырамын» секілді аспектілерден де жоғары.

Ә) Табысты адамдар философияны да назардан тыс қалдырмайды. Олар адамдардан пайда көріп қалуды емес, керісінше оларға қандай көмек көрсете алатындығын ойлайды.

Б) Адамдармен жарысамын деп рухани құндылықтарды назардан тыс қалдырмау керек.

В) Бір нәрсені алдап арбау арқылы алуға ұмтылмаңыз. Өмірге не сыйласаңыз, соны қайтып аласыз.

Г) Білім алудан жалықпаңыз. Миыңызды тың ақпараттармен байытып, күн сайын жаттықтырып отыруға тиіссіз.


3. Сізді қоршаған ортаңыз тәрбиелейді

А) Қоршаған ортаңыз қандай болса, сіз де дәл сондайсыз. «Бүркіттердің» жанында жүрсеңіз, алысқа қалықтап, олжаңызды міндетті түрде алатыныңыз анық. Ал енді «тасбақалармен» жағдайыңыз қиындай түседі. Сол себепті дос таңдауда мұқият болыңыз.

Ә) Өзіңіз тұрып жатқан ауладан, жұмыс істейтін жеріңізден, бірге оқитын достарыңыздың ішінен ең мықты деген адамдарды таңдаңыз. Олар жетістікке жетелейді.  

Б) Оларға, тіпті, тегін болса да, қызмет көрсетіңіз. Бұл адамдардан міндетті түрде үйреніңіз. Көпшілікке айтатын ақылдарын тыңдаңыз.

В) Бірден көзге түсемін деп ойламаңыз. Әрекеттеріңізді бірнеше рет қайталауға дайын болыңыз. Табысты адамдар өмірде мінсіз болған жоқ, олар бар болғаны сүрінген сайын қайта тұрып жүгіре білді.

4. Сұлбасын жасаңыз

А) Сіз табысқа жеткіңіз келген істе жетістікке жеткен адамдардың тәжірибесін қайталаңыз.

Ә) Велосипед ойлап табу секілді бұрын-соңды жасалған істермен айналыспаңыз. Олар уақыттың жауы.


5. Көбірек оқыңыз

Табысты адамдардың барлығы көптеген кітап оқиды.

А) Кітап оқу философиялық және психологиялық деңгейде толысуға көмектеседі.

Ә) Өзіңіз шебер атанғыңыз келетін саланың қыр-сырын толығымен меңгеріңіз. Бұл өміріңізге өзгеріс енгізеді.

Б) Сіздің ең бағылы құралыңыз -  интеллектілігіңіз. Сізден материалдық құндылықтарыңызды ұрлап ала алса да, екі құлағыңыздың ортасынан орын алған білімді ешкім де тартып ала алмайды.


6. Жасап көре бергенше, шын іске кірісіп көріңіз

А) Тұрсынбек Қабатов әзілдерінде келтіретіндей «Бір нәрсе жасау керек еді» деген ұраннан аулақ болыңыз. Шешім қабылдадыңыз ба, іске кірісіңіз.

Ә) «Осы істің шебері атанбайынша, әрекет жасаймын» деп өзіңізге уәде беріңіз әрі дүниетанымыңызды осы ұранға сәйкес қалыптастырыңыз.

Б) Жасап көру керек еді дейтіндер табысқа жетпейді.

В) Шеберлер шебер атанбайынша жұмыс істей береді.

7. Табыстың 80%-ы психологияңызға байланысты

А) Сіз не нәрсеге сенесіз? Ойынды қандай ережелермен ойнап жүрсіз? Сіз үшін мүмкін және мүмкін емес істердің ара-жігі қандай? Жасап көрушісіз бе әлде шеберсіз бе?

Ә) Жоғарыдағы қойылған сұрақтың жауабы сіздің қандай адам екендігіңізді бірден айтып береді.

Б) Ең қиыны – алған бетіңізден таймау.


8. Қажет әдеттерді өміріңізге кірістіріңіз

9. Барлық «жаңаны» қабылдай біліңіз

А) Жаңа адамдар, жаңа жер, жаңа мекен, жаңа қызмет, жаңа білім - мұның барлығы санаңызда жаңа идеялар тудырады.

Ә) Әрі қызмет жолында өсуіңізге септігін тигізеді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 ақпан 2014, 19:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->