Қиындықтан қалай қашамыз?

Қиындықтан қалай қашамыз?

Өмірде көп қиындыққа тап боламыз. Біріміз оларды жеңу үшін әрекет жасасақ, екіншілеріміз әрекетсіздік танытамыз. Осыған байланысты биология саласының маманы Анри Лабори өзінің «Қашқындарды мадақтау» атты кітабында адам баласының қиындықпен кездескенде үш түрлі жауап қайтаратындығы туралы жазады. Олар:

1) Күресу

2) Әрекетсіздік

3) Қашу

1. Күрес жүргізу: ең дұрыс әрі ең табиғи реакция. Психологиялық шабуылдарға адамның ағзасы төзе бермейді. Нәтижесінде алған соққыға сәйкес қарсы жауап дайындайды. Өкінішке орай, мұндай әрекеттің денсаулыққа тигізер зияны мол. Адам үнемі агрессияға толы ортаға тап болады. Сол ортада өзінен де мықты адамға кезігеді.  Ал ол адам басымдылығын танытып, бірден «нокаутқа» жібереді.

Күрес жүргізуге дайын адамдар қалай өтірік айтады:

- Кірпіктері қатуланып, көздерін бедірейтеді;

- Төменгі кірпіктері жоғары көтерілуі мүмкін;

- Еріндерін жымқырады;

- Сұраққа сұрақпен жауап қайтарады.

2. Әрекетсіздік: өзгелерге іштей ренжіп, агрессияға мән бермеу. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда бұл мінезді жиі кездестіруге болады. Бұны «әрекетке тоқтау салу» деп атайды. Әрине, сырттан келген соққыға лайық жауап қайтарғымыз келеді, алайда қарсы жауап алып, артынша ұзын-сонар «қойылымға» жалғасып кететіндігін түсінгендіктен, әрекет жасаудан бас тартамыз. Соққыға қарсы жауап қайтармағанымыз үшін қатерлі ісік, псориаз, жүйке жүйесінің қызметі бұзылуы, ревматизм сынды ауруларға шалдығамыз.

Әрекетсіздікті жақсы көретін адамдар қалай өтірік айтады:

- Қозғалыссыз бір орында тұрып қалады;

- Қимыл қозғалыстарын баяу жасайды;

- Даусы бәсеңдеп қалады.

3. Үшінші жол – күрестен бас тартып, қиындықтан қашу. Оның бірнеше түрі болады:

Химиялық: ішімдік, антидепрессанттар, транквилизаторлар, ұйықтататын дәрілер, шылым және т.б. Бұлардың барлығы да агрессияны сейілтіп, қиындықты біраз уақытқа дейін ұмытуға мүмкіндік береді. Ондайда барлығы уақытша ұмытылып, адам ұйқыға кетеді. Арасында сандырақтайды. Мұндай адамдар өмір шындығынан жалтарып қалуды жөн көреді.

Географиялық қашу: аты айтып тұрғандай, тұрақты мекенжайын біржолата ауыстырумен байланысты. Мұнымен қатар жұмысты, достарды, сүйіктімізді, үйімізді ауыстыру да кіреді. Қиындықтан осылайша қашқанмен, оны үнемі жадымызда сақтап жүреміз. Географиялық қашу мәселені шеше алмаса да, жаңа істердің басталуына себепші.

Әртістік қашу: қиындықтан осы жол арқылы қашатын адамдар өзінің жынын, ашуын, іштегі ренішін фильмдер көріп, музыка тыңдаумен, романдар оқып, мүсіндерді, картиналарды тамашалау арқылы басады. Біз айта алмағанымызды жоғарыда аталған өнер туындыларының басты кейіпкерлері айтады. Бұл нәтижесінде катарсис әсерін сыйлайды. Яғни, рухани тазаруға мүмкіндік береді. Кек қайтарып жатқан кейіпкерінің іс-әрекетімен танысу арқылы өзін ләззатқа бөлейді.

Ал сіз қиындықты қалай қарсы аласыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mansdays.ru

Қ. Бүйенбай