Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ең жақсы сыйлық

Ең жақсы сыйлық

Ең жақсы сыйлық

1963 жылы Марри Банни есімді кішкентай қыз «Чикаго» газеті редакциясына жазған хатында өзінің шешесіне көмектесіп, барлық үй шаруасын істессе де «Ақылды құлыным» деген бір ауыз ғана құрғақ мақтауға ие болатынын, ал үнемі үй ішін шашып, айтқан сөзге құлақ аспайтын бауырының қолы қимылдаса болғаны тәтті-дәмдіге ие болатынын, барлық ықылас пен мейірім сол бауырына үйіліп-төгілетінін айтып, осының себебі неде екендігін түсіне алмағандығын жазыпты. Ол барлығын білген Шиллер Кустер мырзаға: «Жаратқан әділетсіз бе? Ол не үшін өзі сияқты ақылды, жуас балаларды ұмытып кетеді?», – деп сұрақ қойған.

Шиллер Кустер «Чикаго» газетінің балалар бетіндегі «Көңілдегі сөз» айдарының жауаптысы еді. Ол көп жылдардан бері балалардың осы тектес «Не үшін өмірде жақсы адамдар мадақталып, өз бағасын алып, ал жаман адамдар жазаланбайды» деген мазмұндағы сұрауларын тапсырып алып жататын. Ол бұл сұрақтарға қандай да бір нанымды жауап таппаған-ды. Үнемі бас қатырып ойланумен жүретін.

Бірде, Кустер досының үйлену салтанатына қатысты. Ол осы жолғы той рәсімін өмір бойы есінен шығармастай болды. Өйткені, сол той үстінде ол өз сұрағының жауабын тапқан еді, әрі бұл жауап оның даңқын күллі жұртқа паш етті.

Шиллер Кустер той рәсімін еске ала былай дейді: «Дін қызметкері салтанатты шараны басқарып, жас жұбайлардың өзара жүзік тағуын талап етті. Дәл сол сәтте бақыттан басы айналғандықтан болар, екі жас жүзіктерін алмастырып тағып алды. Яғни, олар жүзікті оң қолдарына тағысты. Дін қызметкері мұны көріп, оң қолдың кемелді екендігінде шек жоқ, жүзікті ең дұрысы сол қолға тағыңдар деді. Дәл осы сөз менің санама сәуле жүгіртті».

Оң қол кемелді болған екен, оған жүзік салу қажетсіз, сол сияқты ақыл мен басқа да жақтан жетілген кемелді адамдар басқалар жағынан немқұрайлы қаралады. Оң қолдың солай болып жаратылуы оған берілген ең жақсы сыйлық, осы тектес жақсы, ақ көңіл адамдарға осы қасиеттің сыйлануы да өмірдің оларға тарту еткен ең қастерлі сауғасы.

Шиллер Кустер бұл ақиқатты сезгеннен кейін: «Жаратқанның сізді жақсы бала етіп жаратуы – ең қастерлі сый» деген тақырыпта хат жазып «Чикаго» газетінде жариялайды. Бұл хат басылым көріп көп өтпей, АҚШ және Еуропа елдеріндегі мыңнан астам газет-журнал осы жазбаны көшіріп басты. Әр жылы балалар мерекесі кезінде де аталған жазба қайталай басылым көріп тұрды.

Жақында қытайлық жасөспірім бала бұл хатты оқығаннан кейін «Чикаго» газетінің ғаламтор парақшасына: «Қытайдағы жаман адамдар неге жазаланбай жүр деп ойлаушы едім, қазір оны түсіндім, олар әлдеқашан жазасын алған екен, өйткені, олардың жаман адам болып жаратылуы, жаратушының оларды жазалауы екен ғой», – деп пікір жазды.

Аударған: Ибан (ник)

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: blogspot.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 22 сәуір 2014, 10:39
Пікірлер
+0
23 сәуір 2014, 16:06

Унады! ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.