Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ойланбастан салынған суреттердің мағынасы

Ойланбастан салынған суреттердің мағынасы

Ойланбастан салынған суреттердің мағынасы

Қызықсыз дәріс немесе ұзақ жиналыс кезінде дәптеріңізге түрлі суреттер салушы ма едіңіз? Психолог мамандардың айтуынша, ойланбай отырып салынған осындай суреттер адамның мінезін сипаттай алады екен.

Біреу ерігіп отырғанда дәптеріне жұлдыз не жүрек салса, басқалары өз есімін жазып, қолын қояды. Бұның мағынасы қандай? Бірге іздеп көрейік.

Сандар

Телефон нөмірі, туған күні немесе басқа да кез келген санды жазып отыратындар материалды құндылықтарға жақын болады. Сіз сандармен, ақшамен жақсы жұмыс істей аласыз.

Күн, күн шуағы

Дәптерінің бұрышына күн, күн шуағын салып қоятын жандарға жылулық, мейіріміділік пен басқалардың ілтипаты жетіспейді. 

Геометриялық пішіндер

Қарапайым шаршы, үшбұрыш, ромб суретін салатындар өз ойын ашық айтудан қорықпайды. Олар қойған мақсаттарына жету жолын іштей жоспарлап жүреді.

"+" белгісі

"+" белгісін салатындар өзін бір нәрсеге кінәлі санайды. Және сол жағдайды шешпей, тыныштанбайды.

Ирек сызықтар

Дәптеріңіздегі ең жиі кездесетін сурет ирек сызытар немесе спираль болса, сізді басқалардың қиындықтары мен мәселелері аса ойландырмайды деп айтуға болады. Мұндай адам тұйық, басқалармен ашық қарым-қатынас құру ол үшін қиынға соғады.

Жұлдыз

Жұлдыз – салуға ең оңай белгі. Алайда оны тек оптимист жандардың дәптерінен байқай аласыз.

Жүрек

Мұндай белгі қыздар арасында кең таралған. Дәптеріңізге толған жүрекшелер сіздің сол кездегі эмоционалды жағдайыңызды көрсетеді. Демек жүректі тек біреуге ғашық қыздар салады.

Гүлдер

Гүлдің суретін салуды бізге сонау балабақша кезінде үйретеді. Ал ересек адамның гүл суретін салуы оның кең пейілді, мейірімді, жылы мінезін байқатады.

Шахмат тақтасы

Әсіресе тор дәптерге шахмат тақтасын салу оңай. Алайда мұндай қарапайым суретті салған адам өмірде қиын жағдайда болуы мүмкін. Сіздің алдыңызда қиын таңдау жасау немесе маңызды сұрақ шешу мәселесі тұрған болар. Ойланып көріңіз.

Қол қою

Өз есімін жазып, қасына қолын қоятын жандар жиі жағдайда өздерінің қамын басқалардан жоғары қояды. Мұндай кісі өзін жақсы көреді, оған қарамастан өзіне тура баға бере алады. Ол әрқашан әрі қарай даму жолдарын іздейді.

Өрнектер

Қайталанатын түрлі өрнектер сіздің бұл істен (жиналыстан, сабақтан) әбден шаршағаныңыздың белгісі.

Смайл

Смайл мен қызықты келбет салатындардың достары, таныстары көп болады. Олар кез келген адаммен тез арада танысып, достасып кете алады.

Тыныс белгілері 

Сұрақ не леп белгісі, үтір, нүктелерді "ойшыл" кісілер салады. Олар қандай да бір жағдайды ойлап, оны іштей өңдегенді жөн санайды. Әдетте мұндай кісілердің өзіндік философиясы болады.

Ал сіз ойланбастан ненің суретін салушы едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: refashion.ru

14
Рейтинг: +4

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 07 ақпан 2014, 11:27
Пікірлер
+1
07 ақпан 2014, 11:41

Сандарды мүлдем салмайды екенмін. Геом.фигуралар, гүлдер салып, қол қоя беремін. Жүректер салмағалы көөп болыпты ;)

+0
07 ақпан 2014, 11:53

Гүлдің суретін салып, жанына атымды жазып, қолымды көп қылып қоямын...

+0
07 ақпан 2014, 12:02

жұлдыз, қол қою :?

+0
07 ақпан 2014, 13:32

Әр уақытта әр қайсысын салыптым, сөтсем себебі бар екен ғой. Қазір ручка ұстамағалы қай заман )))

+0
07 ақпан 2014, 13:41

Түптеп келгенде бәрімізде эгоистік қасиеттер бар сияқты)

+0
07 ақпан 2014, 14:58

Жұлдыз,Қол қою :)

+0
07 ақпан 2014, 23:40

мен жұлдызды көп салам

+0
08 ақпан 2014, 01:08

көбіне не салатынымды білмейм әр кезде әр түрлі сурет салам

+0
09 ақпан 2014, 12:24

+ белгісін

+0
10 ақпан 2014, 02:28

смайликтер :D :D

+0
10 ақпан 2014, 13:44

Жүрген жеріме қол қойып жүремін. Құрбыларым:" қол таңбаң әдемі болғаннан кейін қоя бересің ба, әлде кейін "жұлдыз" болып кетсем ,тегін афтограф деп қоясың ба?-деп қалжыңдап жататын. Мен ыржиып, екі иғымды селт еткізіп қоя салатынмын. Енді жауабын айтпасам ба :idea:

+0
16 ақпан 2014, 09:15

кол коямын))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.