Махаббатты достықтан қалай ажыратуға болады?

Махаббатты достықтан қалай ажыратуға болады?

Екеуіңіздің дос болып жүргендеріңізге айтарлықтай уақыт болды. Уақыт өте келе «Біз доспыз ба әлде бір-бірімізді сүйеміз бе?» деген сұрақ туындайды. Мүмкін сіздердің араларыңызда достық емес, махаббат бар деп туысқандарыңыз да айтқан шығар. Тіпті, оны сүйіктісінен қызғана бастаған боларсыз? Жоғарыдағы сұрақтың туындауына қандай себеп әсер етсе де, сіздің мақсатыңыз – шындықты анықтау. Олай болса, оны бірге анықтайық.

1. Сезімдеріңізді тексеріңіз

Егер сіздер шын мәнінде дос болсаңыздар, оның сүйіктісін таба алғанына қуанасыз. Бұл – дұрыс белгі. Егер сізге сүйіктісімен жылдам уақыттың ішінде танысуға ұсыныс жасаса, не деп жауап қайтарасыз? Оған бірден келісім берсеңіз, бұл да араларыңыздағы нағыз достықтың белгісі. Бұдан өзге сіздің жәй ғана дос екеніңізді сүйіктісінің сізді ұнатуынан-ақ байқауға болады.

2. Егер сіз досыңызға ғашық болсаңыз, үнемі оның сүйіктісінің бойынан кемшіліктерді байқайтын боласыз. Байқап ғана қоймай, оны досыңызға айтасыз. Әрдайым досыңыздың сізбен таныстырған сүйіктілерінің бойынан ақымақтығын, сүйкімсіздігін, киіну мәнерінің жоқтығын байқаған болсаңыз, жоғарыдағы болжамымыз расталады. Мұның барлығы досыңызға өзіңізден басқа біреу сай келмейді деген ниеттен туған пікірлер. Сонымен досыңыздың таңдауы нашар ма әлде сізде оған деген сезім бар ма? Осыны ойлап көріңіз...

3. Жәй ғана достар бір-бірінен қымсынбайды. Бұл да – нағыз достықтың белгісі. Онымен тамағыңыз ауырып, дауысыңыз қарлығып тұрса да, сөйлесуіңіздің өзі осыған дәлел. Ол келген кезде үй киіммен шыға саласыз. Ықылықтап қалсаңыз да еш ұялмайсыз... Сіздің жәй ғана дос екендіктеріңізді осылардан-ақ аңғаруға болады.

Әрине, сүйіктіңізбен бірге болған кезде де өзіңізді дәл осылай сезінуіңіз мүмкін, алайда алғашқы жарты жыл уақыт бойы бір-бірлеріңізге үйрене алмай қиналасыздар.

4. Досыңызға ғашық болсаңыз, аздап қобалжуыңыз мүмкін. Ғашық болған кезде кенеттен еркін араласып жүрген досыңызбен әңгіме барысында үндемей қалып, көзіне тік қараудан ұялатын боласыз. Бұның барлығы сіздің ғашық бола бастағандығыңызды білдіреді.

- Сезім оты тұтанған сайын, ол мен жайында қандай пікірде екен деп ойлай бересіз.

5. Жәй ғана достар болсаңыздар, бірнеше күн бойы сөйлеспей, артынша бұл туралы мүлдем ойламауыңыз да мүмкін. Бұдан өзге бірнеше күн сөйлеспеулеріңіз ұйқыларыңыздың бұзылуына әсер етпейді. (Күні-түні оның қайда кеткендігін ойлап, ол үшін алаңдайтын болсаңыз жағдайыңыз қиын). Шынайы достардың өзі бірнеше апта бойы араласпай кетуі мүмкін.

6. Егер сіз ғашық болсаңыз, досыңыздың не істеп жатқандығы туралы ойлай бересіз. Сіз үшін «Көзден алыстаған көңілден де алыстайды» деген мақалдың еш мәнісі болмайды.

7. Жәй ғана достардың арасында ұрыс-керіс көп бола бермейді. Соңғы рет қашан ұрсыстыңыздар?

- Бір-біріңізге ғашық болсаңыздар, болмашы себепке бола ренжісе беретін боласыздар. Сағат сайын ұрысасыздар ма? Кейде жылап, үйге ренжіп кетіп қалатын сәтіңіз бола ма? Араларыңыздағы осы секілді жанжалдар махаббаттың белгісі болуы мүмкін.

8. Жәй ғана достар бір-бірі үшін аса алаңдамайды. Әрине, мүлдем алаңдамайды десек, қате болар еді.

- Достар бір-бірін өз қалпында қабылдайды. Олар бір-бірін өзгертуге тырыспайды;

- Сіз досыңыз жаман ортаға түссе немесе бірнеше күнге тауға демалысқа кетсе алаңдайсыз ба? Оны ойланбай жасаған әрекеттері үшін ұрысып алғыңыз келе ме? Осы сияқты қамқорлық көрсеткіңіз келгендігінің өзі оған деген ерекше ықыласыңыздың бар екендігін танытады. Әрине бұл аға мен қарындастай болып кеткен жандардың арасындағы достық қой деп ойлауыңыз да ғажап емес. Алайда мұның астарында бір сыр жатқандығын ұмытпаңыз;

- Жәй ғана достар бір-бірінің үйіне үй киімімен бара береді. Сіз үшін оның үйіне спорт залдан кейін немесе ұйықтар алдында киетін киіммен баруыңыз ерсі көрінбейді. Оған ұнаудың сіз үшін маңызы болмаса, кездесу алдында әдемі киінудің маңызы бар ма?

- Ал керісінше кездесу алдында сырт көрінісіңіз туралы уайымдағаныңыздан оған деген сезіміңіздің бар екендігін байқауға болады. Айнаға жиі қарап, ол келген кезде небары бірнеше секундтың ішінде киініп шығуға дайынсыз ба? Яғни, оның сіз туралы не ойлайтыны жайында ойланасыз. Тіпті, қыз бала болсаңыз, шашыңызды қайтадан өргізуіңіз мүмкін;

- Досыңыздың киінуіңізге байланысты айтқан қошеметтердің көбейгенін байқадыңыз ба? Осы қошеметтердің айтылу барысында сіз қызарып кетесіз бе әлде өзіңізді қалыпты ұстайсыз ба? Қызарған болсаңыз, досыңыздың сізге деген ықыласын байқағаныңыз;

- Жәй ғана достар болсаңыздар, үшеуіңіз бірге өткізген уақыт қызықты өтеді. Олардың сіздің кетуіңізді күтіп тұрғандай сезімде болмайсыз. Мұнымен қатар, оның құрбысы немесе жігіті сізбен уақыт өткізуді жақсы көреді;

- Ғашық жан, өзінің сүйіктісіне айналған досының өзге біреумен бірге жүргенін көре алмайды. Оның сүйіктісі бар болса да, сізбен жеке уақытын өткізгенін қалар едіңіз;

- Егер сіздер жәй ғана дос болсаңыздар, айналаңыздағылар араларыңыздағы сезімді әдеттегі достық  деп түсінеді. «Осы ... сенің жігітің емес пе?», «Екеуің жүріп жүрген жоқсыңдар ма?» сынды сұрақтар қоймайды. Кейде өздеріңізден бұрын сырт көз барлығын да түсінеді;

- Ал ғашықтықтарыңыз білінсе, туысқандарыңыз бен ортақ достарыңыз жоғарыдағы сұрақтарды қойып мазаларыңызды алатын еді;

- Әрине, адамдар айтқаны әрдайым шындыққа жанаса бермейді. Бірақ, бір емес, бірнеше адамның араларыңызда махаббат сезімі бар деп ойлауы күдік тударытан сияқты;

- Бұл секілді сұрақтар қойған кезде қалай жауап бергеніңіз есіңізде ме? Ала көзбен қарап, бәрін жоққа шығардыңыз ба әлде қызарып кеттіңіз бе?

- Жәй ғана достар бір-біріне ескертпестен алыс жаққа кетіп қалуы мүмкін. Бұндай жағдай достарда ғана болып тұрады. Ал араларыңызда дәл осындай үзілістер болған кезде не істейсіз?

- Ғашықтар кем дегенде күніне бір рет сөйлеседі. Таңертең тұра салысымен хабарлама жазбасаңыз, өзіңізді жынданып кетердей сезінесіз бе? Сезінсеңіз, араларыңызда достық қарым-қатынастың бар екендігіне қарамастан, одан күштірек сезімді талап етесіз;

- Ол телефон соққан кезде жүрегіңіз жылдам соға ма әлде сізге бәрібір ме?

Шындықты біліңіз

- Араларыңызда махаббаттан артық сезім болмаса, дос болып қала бергендеріңіз жөн. Қарапайым достарға араларындағы сезімді талқылаудың ешқандай да қажеті жоқ;

- Зерттеулер жігіттің бірінші кезекте қыз досын өзіне ғашық болып жүр деп ойлайтындығын көрсетіп отыр;

- Шын ғашық болсаңыз, келесі әрекетіңізді жақсылап ойластырып алыңыз. Сезімдеріңіздің соңына үтір қоясыз ба, әлде нүкте қоясыз ба - ол сіздің еншіңізде;

Сіздің басыңызда осындай жағдайлар болды ма?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: wikihow.com

Қ. Бүйенбай