Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Ойланып барып әрекет жасайтын адамдар

Ойланып барып әрекет жасайтын адамдар

Ойланып барып әрекет жасайтын адамдар

Оптимизм – жанның жай-күйі. Оған жағымды эмоциясыз қол жеткізу өте қиын. Сол себепті оптимист адамдарға тән 10 белгіні жинақтап, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Оларды игеру арқылы өміріңіздің ағысын жақсы арнаға бұра аласыз.

1. Оптимист адамдар үнемі күлімсіреп жүреді. Жәй ғана жымию арқылы ашуландырып тұрған адамның көңіл-күйін жайландыруға, дұшпаныңызды сөзсіз жеңуге, жаныңызға жақын адамдарға бақыт сыйлауға болатынын жақсы біледі.

2. Оптимист еш уақытта қалының нашар екендігін айтпайды. Ол бұдан да жаман болуы мүмкін екендігін жақсы түсінеді.

3. Оптимист еш уақытта көңіл-күйін түсірмейді. Ол көңілсіз сәттердің тек ғана уақытша екендігін жақсы біледі. Мұндай жағдай бірнеше рет қайталанса да мән бермейді.

4. Оптимист қол қусырып отырмайды. Арман мен мақсаттарының алдында ғана бас иеді.

5. Оптимистер болжам айтқанша, әрекет жасап, не болатынын өз көзімен көруді жөн көреді.

6. Оптимист әрдайым өзіне сенеді. Оған кей адамның сенбейтініне мүлдем мән бермейді.

7. Оптимист қолында тұрған сары уыз балапаннан, аспанда ұшып ұстатпай жүрген бүркітті жөн көреді. Бүркітке ие болу үшін соңғы демі қалғанша тырысып бағады.

8. Оптимист бірінші ойлап, артынша әрекет жасауды жақсы көреді. Бірақ, көп ойланып, артынша бас тартқанды жөн көрмейді.

9. Оптимист басына түскен қиындықтарын өзі ғана шешеді. Оны өзгелерге артып қоятын қасиеті де бар. Бұл «Еңбекті дұрыс жоспарлау» деп аталады.

10. Оптимист барлығының жақсы болатындығына қатты сенеді. Су тасқыны болса, жүзуді үйреніп, жанында жанартау атқылап жатса, өрт сөндіргіш құралды дайындап тұрады.

Сіз өзіңізді оптимист адамдардың қатарына жатқызасыз ба?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: sun.az

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 29 қаңтар 2014, 18:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.