Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Өміріңізді пайдалы істерге ғана арнаңыз

Өміріңізді пайдалы істерге ғана арнаңыз

Өміріңізді пайдалы істерге ғана арнаңыз

1. Айналаңызға мұқият қараңыз. Жан-жағыңызда болып жатқанның барлығына мән беріңіз. Өзгелерге қарап тәжірибе жинақтауға болады.

2. Басыңызға келген идеяларды жібермеңіз. Қажет болса, қағазға жазып, іске асырып көріңіз. Немесе біраз уақыт өткен соң іске асыруыңызға болады.

3. Сізді қоршаған адамдардан пайдалы сабақ алыңыз. Айналаңыз мысал мен жаңа идеяларға, құнарлы сөздерге, жылы қарым-қатынасқа, қателіктер  мен тәжірибелерге толы.

4. Әрдайым өзіңізбен бірге кітап немесе журнал ала жүріңіз. Осылайша бір жерде кезекте немесе көлік кептелісінде тұрып қалсаңыз уақытыңызды құр босқа жібермейсіз.

5. Күніне аз дегенде 30 минут кітап оқыңыз.

6. Ойланыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Бұл миыңызға арналған пайдалы жаттығу.

7. Әр күніңізді ұйқы алдында сараптап отырыңыз. Нені жасап үлгердіңіз? Немесе жасап үлгермедіңіз? Қателік жібермеу үшін не істеуіңіз керек еді?

8. Суды көбірек ішіңіз.


9. Жасаңыз.

10. Ұлы адамдардың ұлы сөздерін көбірек оқыңыз. Ол – ақылдың дария.

11. Бір күнге арналған пайдалы кеңесті таңдап, оны жүзеге асырыңыз.

12. Есеп-қисап жүргізіп отырыңыз. Ақшаңызды не нәрсеге жұмсағаныңызды мұқият жазыңыз. Айдың соңында нәтижесін шығарып, келесі жолы ақшаңызды қажетсіз дүниелерге шығындамайтын боласыз.

13. Бір нәрсені бірінші рет жасап көріңіз. Мысалы, жұмысқа немесе сабаққа жылдам апаратын жолды таубуыңызға болады. Бұл миыңыздың мүмкіншіліктерін арттырады.

14. Интернеттегі мақалалардың тек пайдалысын оқыңыз. Құры оқып ғана қоймай, көзқарасыңызды білдіріңіз.

15. Бір істі орындау үшін таймерді пайдаланыңыз.


16. Компьютерде жылдам жұмыс істеуді үйреніңіз.

17. Мақсаттарыңызды айқындап отырыңыз.

18. Ерте ояныңыз.

19. Ерекше шабыт сыйлайтын бағдарламаларды, қысқа бейнебаяндардың көріңіз.

20. Күні бойы барлығымен достық қарым-қатынаста болыңыз. Бұл көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

21. Күнде Уикипедияның кездейсоқ таңдап алған бір мақаласын оқып отырыңыз.

22. Өмірдің қызығы мен шыжығына кенеле біліңіз. Осы қасиеттің арқасында ғана өмірден ляззат аласыз.

Жоғарыдағы қасиеттердің қаншасын орындап жүрсіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

3432 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 27 қаңтар 2014, 08:48
Пікірлер
+0
27 қаңтар 2014, 09:37

Сізді қоршаған адамдардан пайдалы сабақ алыңыз. Айналаңыз мысал мен жаңа идеяларға, құнарлы сөздерге, жылы қарым-қатынасқа, қателіктер мен тәжірибелерге толы :) :) :) :) :) :)

+0
27 қаңтар 2014, 10:59

Жалпы бір істі осынша сағатта істеймін деп өзімді бағдарлағаныммен, басқа нәрселерге көңілім бөлініп, межелі сағатта орындай алмайтыным бар. Осы тұрғыда әлі жұмыс істеуім керек)

+0
27 қаңтар 2014, 13:00

Таймерді қосып қоятыным бар кейде, және уақытынан бұрын бітірсем марқайып қалам...

+0
27 қаңтар 2014, 14:50

Компьютерде жылдам жұмыс жасауды үйрене алмай-ақ қойдым. Көңіл басқа дүниелерге бөлініп кете береді

+0
27 қаңтар 2014, 19:23

Мен күнде ерте сағат 7 де оянам. Неге екенін білмим.

+0
27 қаңтар 2014, 20:33

Осылардың бірнешеуі күнделікті әдетіме айналып жатыр...

+0
28 қаңтар 2014, 10:02

Компьютерде жылдам жұмыс істеуді үйреніңіз. Сонда да көп уақытымды алады ((

+0
28 қаңтар 2014, 21:10

14-те "Құры оқып" деп жазылған, негізі...

+0
28 қаңтар 2014, 21:10

Күнде Уикипедияның кездейсоқ таңдап алған бір мақаласын оқып отырыңыз. СУПЕР КЕҢЕС! Рахмет)

+0
18 ақпан 2014, 20:55

жақсы кенестер, пайдасы мол жасаған адамға! өмір деген қып-қысқа, уақыт көзді ашып-жұмғанша өтіп кетеді, сондықиан пайдалы іс жасайық!!!! Менде тырысып жүрмін осы кенестерге!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...