Жануарлар адамдардан да ақылды

Жануарлар адамдардан да ақылды

1. Табыстың бірінші сабағын тоқылдақтан үйренуімізге болады. Ол «Қайтпас қайсарлық» сабағы деп аталады. Тоқылдақ бізге қарағанда әлдеқайда ақылды. Басымен ағашты соқса да, өзіне пайдалы іс тындырады. Ол өмірге шынайы көзқараспен қарайды. Өзгелер секілді ағашты бір ұрып бөлгісі келмейді, орнына уақыт пен үздіксіз еңбекті таңдайды. Және ағаштың бір нүктесін ғана тесуге ұмтылады. Нәтижесінде өзі аңсаған құртқа қол жеткізеді. Бізге құрт емес, бірден жылан керек. Сол себепті оны керек жерден іздеп, қайсарлық танытуымыз қажет.

2. Табыстың екінші сабағын балықтардан үйренеміз. Балықтардың бұл сабағы «Ағысқа қарсы жүзу» деп аталады. Балықтар әрдайым ағысқа қарама-қарсы бағытта жүзеді. Мұны өз өмірін қиындату үшін емес, жанынан суды көбірек өткізу үшін жасайды. Осылайша жанынан азық пен оттегі де көп шоғырланады. Өмірі де нұрлана түседі. Өзгелердің болмашы пікіріне құлақ асып 40 жыл өмірімізде тәжірибе жинаудың орнына 1 жылдық тәжірибені 40 рет қайталаймыз. Жаңа мүмкіндіктерді жайлы орынға ауыстырғымыз келмейді. Өмірде лоторея билетін сатып алмасақ та, ұтысқа ие бола алатынымызды ұмытпаңыз.

3. Табыстың үшінші сабағын арыстанның күшігі үйретеді. Бұл сабақ «Ауызды қанға батыру» деп аталады. Олар үйрене біледі. Тәжірибені арыстандарға қарап жинақтайды. Және сөз бен кітаптан емес, іс жүзінде үйренеді. Біз, тіпті, қолымызды былғаудан қорқамыз. Тақтаның алдында тұрған ұстазымыздан ғана үйренеміз. Оны тыңдамайтын кездеріміз де болады. Ең дұрысы барлығын іс жүзінде орындау.

4. Табыстың төртінші сабағын иттер ұсынады. Бұл сабағымыз «Бірінші қозғалып үлгер» деп аталады. ХХІ ғасырда өзіңіздің не жасайтындығыңыз емес, өзгелерге не жасата білетініңіз маңызды. Мысал ретінде итті алуымызға болады. Иттер еш уақытта « Мені үйге апарып тамақтандыр, артынша үйшігіме жылы көрпе төсе» деп ойламайды. Бар болғаны таңертеңнен бастап қорадағы мал мен үйді күзетіп, артынша берген тамақты талғамай ішеді. Сол себепті табыс та қажырлы еңбектің арқасында ғана келетіндігін ескеруіміз керек.

5. Бесінші сабағымыздың ұстазы – жылан. Сабақ «Жылаудың қажеті жоқ» деп аталады. Жыландар «Менің қолым да, аяғым да жоқ, менен өзге тіршілік иесі жиіркенеді» деп ойламайды. Оның «мүгедек» екенін енді байқаған шығарсыз... Ол өзінде бардың қадірін біледі. Тіпті, өзінен бірнеше есе үлкен адамдарды қорқыта алады. Жыландар өзіне бір нәрсе ұнамаған жағдайда терісін өзгертіп, ары қарай өз жолымен кетеді.

Табиғат тарту еткен бес сабақты сіз де жүзеге асырып көріңіз. Бұдан өзге неден сабақ алуға болады?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rambler.ru

Қ. Бүйенбай