«Тұзың жеңіл» ме?

«Тұзың жеңіл» ме?

Адамның өмірі қайнаған тіршілік ішінде сынаптай ағып өте береді. Бірақ сол сәттердің жағымды да, жағымсыз да түрі болады. Біз көбінде қуанышты сәттерді ғана есімізде сақтаймыз. Ал бірақ кішкене келеңсіздік я «жолы болмаушылық», тіпті болмаса «тұзы жеңіл» деп сипаттайтын сәттеріміз бар. Сөйтсек, әрбір келеңсіз істің әйтеуір бір заңдылыққа бағынатыны тағы бар екен. Олардың тіпті өзіндік атауы да бар болып шықты.

Күнделікті тұрмыста тұзы жеңіл адамның басынан өтетін сәттерді жинастырдық. Енді, оқып көріңіз, бұл келеңсіздіктер сізде болды ма?

Сіздің кезекте тұрған кезіңізде өзге бір кезектер жылдамырақ жүреді – Этторенің заңдылығы.

Ештеңе көмектеспей жатса нұсқаулықты қараңыз – Кан мен Орбеннің аксиомасы.

Бірдеңені іздесеңіз ол міндетті түрде табылмай қойып, тек соңында ғана көз алдыңызда тұрғанын байқайсыз – Іздеу заңы.

Жұмысты жақсылап жасауға уақыт жетпейді де, ал оны қайта қарап түзетуге уақыт табылады – Мескимен заңы.

Ең қиын жұмысты ең жалқау адамға тапсырыңыз – себебі ол мәселені шешудің оңай жолын тауып алады – Хлейд заңы.

Кімде кім заңды құрметтейтін болса және шұжықты жақсы көретін болса, ол аталған екеуінің де қалай жасалатынын көрмей-ақ қойсын – Шұжық принципі.

Ұжымдық жұмыс өте маңызды, себебі қателікті өзге біреуге жаба салуға мүмкіндік бар – Фингейлдың сегізінші ережесі.

Сізге әрқашанда не ақша, не уақыт жетпей жатады – Лерман тергеуі.

Жұмыстың бірінші 90 пайызы 10 пайыз уақытта жасалады. Ал соңғы 10 пайызы қалған 90 пайыз уақытта жасалады – Жоба жасау мерзімінің ережесі.

Ағаш қажет болғанда дүниенің барлығы темірден жасалғанын ұғасыз. – Флаг заңы

Адам қандай да бір жұмысты жасамайтын болса – ол оған оңай көрінеді. – Холт заңы

Жасай алатын адам – жасайды. Жасай алмаған адам – оқиды. Студенттің осыған қосымшасы: Оқи алмағандар қалай оқу керектігін оқытады – Дж.Б.Шоу заңы.

Дұрыс түсіндірілмеуі мүмкін жарлықтың барлығы да дұрыс түсінілмейді – әскери аксиома.

Адам қажеті шамалы істі керемет орындайды – Зимергидің ерікті еңбек заңы.

Біз танымайтын адамның барлығы да – білгіш. Марс заңы.

Адамның тәжірибесі – оның бүлдірген заттарының санымен бірдей өседі – Хорнер постулаты.

Мұражайда немесе көрмеде ең қызықты жәдігердің атауы жазылған қағаз болмай қалады – Джоунстың мұражай туралы заңы.

Бір затты көп уақыт сақтауыңыз мүмкін. Кейін оны тастаған соң оның қажеттілігі туындап шыға келеді – Ричардтың қатынас заңы.

Жоғалған нәрсені ең соңғы көрген қалтаңда табасың – Буб заңы.

Биліктегі жемқорлық туралы ақпарат тек өткен шақта ғана хабарланады – Уотергейт принципі.

Құлаққа кіретін себептермен ештеме де жасалмайды – О’Брайен заңы.

Қандай да бір саналы іске қарсы тұратын әйтеуір бір сын табылады – Харрисон постулаты.

Барлық ұлы өнертабыстар қателіктен туындайды – Янг заңы.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: itstrong.ru

A. Mustafina