Ыстық суды суық сумен шатастырған кезіңіз болды ма?

Ыстық суды суық сумен шатастырған кезіңіз болды ма?

Қолыңызды жуып тұрған кезде судың мұздай суық екенін сезіп, артынша оған күйіп қалғаныңызды білген сәттеріңіз болды ма? Мұндай жағдай, расымен де, жиі кездеседі. Кейбір адамдар бұл күйді бірнеше миллисекунд бойы сезініп тұра беруі мүмкін. Бұл құбылыстың себебін анықтайық.

Жүйкеңіз алдыңызда кездесетін қиындықтың барлығына төтеп береді. Оның бір бөлігі суықты сезінеді. Ал ыстықты сезінуге арналған бөлігі бұл уақытта жұмысты келесі бөлігіне жүктейді.

Күні бойы жүйкеңіз қолыңызды ыстық затқа салып жібермейінше бір қалыпта тұра береді. Қолды ыстық суға салған кезде жүйкенің басқа белгілерді айыруға арналған талшықтары іске қосылады. Түрлі талшық суықтың әсерін сездіреді. Сондықтан көп адам дабыл миға бармас бұрын суықтың әсерін сезініп, алданғанын байқамай қалады.

Рефлекторлық доғаның (сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға ағзаның жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы) арқасында ыстық шәйнектің сыртына тиген қолымызды бірден жұлып аламыз. Жүйкеміз ауруға жауап берген кезде ақпарат тек артқы миға жетіп үлгеріп, моторлы нейрондар жұмыс істей бастайды. Дәл сол нейрондар сыртқы орта құбылыстарына жауап беруге итермелейді. Ауруды миымыз емес, бірінші кезекте жүйкеміз сезінеді. Ал миымыз ақпаратты қабылдап үлгермейді. Және өте суық нәрсе бізге керісінше ыстық болып көрінуі мүмкін. Аязға үсіп қалған адамдардың жұқа киіммен табылуының себебі осыда болса керек.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru

Қ. Бүйенбай