Сіз бен біздің басымыздан өткен оқиғалар

Сіз бен біздің басымыздан өткен оқиғалар

Бұл оқиғалардың барлығы бір адамда демесек те, басымыздан ең болмаса біреуі өткені анық. Оларды оқып, естеріңізге түсіріп көріңіздер.

1. Өз-өзімізбен сөйлесіп тұрған кезде ұсталу


Елестетіп көріңізші, бір нәрсені бүлдіріп алып, артынша өзіңізге сөгіс жариялап жатқан кезде бөлмеге біреу кіріп келді. Ақымақ болып көрінуіңіз мүмкін. Адамдар өз-өзімен екі күнде бір, кейбіреулері, тіпті, сағат сайын сөйлеседі екен. Алайда бұл жақсы белгі. Өз-өзімен сөйлесетін студенттер оқуда жақсы баға алады екен. Зерттеулер нәтижесі, адам өзімен сөйлесу арқылы кез келген жағдайға дайын болатындығын көрсетіп отыр. Бұл көбіне мектеп жасына дейінгі балаларда көрініс табады.

2. Досыңызға бір оқиғаны екінші рет айту


Тыңдаушыңыз бір естіген оқиғасын қайта тыңдаған жағдайда іштей ашулануы мүмкін. Кейбіреуі «Айттың!» деп сөзді бөліп жібереді. (Оны бұдан көп уақыт бұрын айтқандығыңыз маңызды емес). Әңгімелесушіңізді бұл әрекетіңізбен мезі етіп жіберуіңіз мүмкін. Әрі ұқыпсыз екендігіңізді танытасыз. Зерттеулер, бұл оқиғаны бұрын-соңды айтқандығыңызды жақсы білетіндігіңізді, мәселе нақты кімге айтып бергендігіңізді ұмытқанда екендігін анықтап отыр. Қорықпаңыз, бұндай жағдайлар жалғыз сіздің ғана басыңызда емес.

3. Ұялы телефонды дәретханаға түсіріп алу


Телефонды қолдан түсіріп алу - бір бөлек, ал оны дәретханаға түсіріп алу - үлкен мәселе. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір бесінші адам өмірінде бір рет болмасын телефонын дәретханаға немесе су толтырылған ваннаға түсіріп алады екен.

4. Бір фильмді көріп қойғандығыңыз жайында өтірік айту


Немесе кітап оқығандығыңыз жайында. Өтірік айтуға себебіміз болмаса да, достарымызға бір фильмді немесе талқыланып жатқан кітапты оқығандығымыз жайында өтірік айтамыз. Бұл ақылды болып көрінуге тырысатындығымыздан болуы мүмкін. Бір қызығы ешкім жаңадан шыққан фильмді көргендігі туралы өтірік айтпайды екен.

5. Есікті керісінше ашу


Әсіресе, көпшіліктің көз алдында тұрып бұл әрекетті жасау қиындық тудырады. Архитекторлар мен дизайнерлер бірінші кезекте туындыларының көркем шығуын ойлайтындықтан, оның біздер үшін қолайлы болуын ескере бермейді. Ең қызығы есікті қай жаққа қарай ашу керектігі жазылып тұрса да, осы әрекетті қайталайтындығымыз.

6. Өлеңнің сөздерін шатастыру


Бұл көбінесе мектептерде әнұран айтып тұрған кезде байқалады. Біреулер «Ерліктің дастаны» деген жолдарын айтып жатса, екіншілері қайырмасында жүреді, үшіншілері, тіпті, аяқтап жатады.

Бір өлеңнің түрлі нұсқасы болатындықтан, оны түрліше айтамыз. Кейде сөздерін ұмытып қалсақ, өзіміз ұйқастырамыз. Сол ұйқастырған жалған мәтіндер жатталып қалады. Бұдан өзге адамдардың даусы бәсеңдеп, жоғарылаған сайын кейбір сөздерін түсініксіз естиміз. Алайда еріндерінің жыбырлағанына қарап нақты не нәрсені айтып жатқандығын ажыратып алу мүмкіндігіміз бар. Ал өлеңдерді кім айтып жатқанын көрмей, тек ғана тыңдайтындықтан, сөздерін шатастыруымыз заңды.

Бұндай оқиғалар сіздің басыңыздан өтті ме?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: music, kartinki-i-oboi.ru

Қ. Бүйенбай