Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сіз жайында саусақтарыңыз айтып берсін

Сіз жайында саусақтарыңыз айтып берсін

Сіз жайында саусақтарыңыз айтып берсін

Адамдардың қолдарына, саусақтарына қарап мінезін, бойында бар түрлі ауруларын анықтауға болады. Тек қолдың көлемін ғана емес, мұнымен қатар түсін, саусақтардың ерекшеліктерін, тырнақтарды пайдалануды ұсынамыз.

  1. Қалыпты тип – алақаны жалпақ, ал саусақтары қысқа қолдар. Өзін-өзі ұстай алмайтын, аз дөрекілігі бар, өмірлік ұстанымы жоқ адамдар.
2. Төртбұрышты тип – алақаны әдеттегі қолдарға қарағанда үлкен. Интеллектісі орташа, жинақы, барлығын уақытымен орындайтын, заңды барынша құрметтейтін, дәстүрдің алдында бас иетін жандар. Бейбітшілікті жақсы көреді.    
    3. Күрек тәрізді тип – алақанның көлемі әр түрлі. Интеллектісі жоғары, энергияға толы, тәуелсіз жандар. Шығармашылық белсенділігінің жоғары, мақсаты айқын болғандығына қарамастан, бұндай адамдар тәуекелшіл әрі тұрақсыз болып келеді.
4. Философиялық тип – алақаны барынша ұзын, саусақтың буындары айқын білініп тұратын қолдар. Ерекше ойлайтын, өмірге деген эксцентристік көзқарасы бар, көпке сырын аша бермейтін, жұмбақ өмірді жақсы көретін жандар. Айналадағыларға мінезін көрсете бермейді.      
    5. Әртістік тип – ұзын, майысқақ, саусақтарының ұшы жіңішке қолдар. Өте сезімтал. Үнемі сыртқы көзқарасқа тәуелді, өзгелердің пікірін көп тыңдайтын, тұрақсыз жандар. Шыдамсыздығына қарамастан, шығармашылықпен белсенді түрде айналысады.
6. Идеалды тип – әртістік типке қарағанда алақаны мен саусақтары ұзын. Өзгелерге жүрегі жылып тұратын, арманшыл жандар әрі адал, түйсігі мықты, тылсым күштердің иесі болуы да ғажап емес. Өкінішке орай, көрсетерлік мінезі жоқ, меланхолик.    
    7. Аралас тип – бұндай типтегі адамдардың мінезін дөп басып айту қиынға соғады. Оларда жоғарғы типтерде аталған мінездердің барлығы дерлік кездеседі.

Саусақ буындарының қаттылығы интеллектілік қабілеттің жоғары болып, мінездің жылдам өзгеріп отыратындығын білдіреді.

Ұзын саусақтар мәдениетті жандарға тиесілі.

Қысқа саусақтар – шыдамсыздық, шешімдерді жылдам қабылдау.

Саусақтарға тоқталайық:

1. Төртбұрышты саусақтар – 7 рет өлшеп, 1 рет кесетін, әрдайым абайлап жүретін адамдар.

2. Күрек тәріздес – энергияға толы, өзгелердің пікіріне құлақ асатын адамдар.

3. Тарылған – импульсивтілік, әртістік өнерге бейім. Нақтырақ:

Жіңішке – эстетикалық талғамы зор, өзімен тілдескенді жақсы көреді.

Қысқа әрі толық – эгоизм.

Ілмек тәріздес – ашушаңдық.

Ісіңкі – бақыттың құшағында жүруді жақсы көреді.

4. Буындары бөлінбеген – шешімді ойланбай қабылдайды.

5. Буындары айқын көрінетін – терең ойлайтын, ақылды жандар.

Тырнақ:

1. Қысқа – энергияға толы, өзгелердің ісіне араласуды жақсы көреді.

2. Қысқа әрі жалпақ – өмірге деген сыни көзқарастың иесі, ұстамды.

3. Жалпақ, ұзын әрі ұшы сүйірленген – ойлары анық, өте ақылды.

4. Ұзын әрі сопақ – жеңілтек әрі арманшыл.

5. Үлкен әрі төртбұрышты – флегматик, өзімшіл әрі суық жүзді.

6. Кішкене әрі сына тәрізді – өте сезімтал.

Ал сіздің қолдарыңыз не дейді?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: mysteria.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 10 қаңтар 2014, 17:00
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2014, 17:47

4 - философиялық тип )) ;)

+0
10 қаңтар 2014, 18:49

Дәмбосын зат :x (түсінбегендер түсініп алыңдар, Маңғыстаулық диалект)

+0
10 қаңтар 2014, 18:56

менікі әртістік типке жатады бірақ майысқақ емес туп тузу :)

+0
10 қаңтар 2014, 18:59

Идеалды тип)

+0
10 қаңтар 2014, 19:22

Саусақ та, тырнақ та дәл шықты)) Рахмет, Қарлыға!

+0
10 қаңтар 2014, 21:31

тура шыкты :o :o

+0
11 қаңтар 2014, 13:13

тук недеген қиын ем ))

+0
11 қаңтар 2014, 18:58

ЖАҚСЫ ЖАЗБА.
жазба ұнаса "ҰНАДЫ" батырмасын басамыз

+0
12 қаңтар 2014, 09:28

Менің саусақтарым қысқа әрі жіңішке. Қалым көп,қалы көп адамдар қандай болатынын жарияласаңыз алдағы уақытта

+0
12 қаңтар 2014, 13:20

Қызыққққ! Рахмет жазбаңа, Қарлыға!) Өзіммен танысып жатырмын тағы да))

+0
12 қаңтар 2014, 14:32

менікі 5 сияқты)

+0
13 қаңтар 2014, 23:56

менің тырнағым мен саусағыма және қолыма бәріі қызығадыы,ұзын саусақ әрі тырнағымды жасбысьырып алғансыңба депп :idea: мыналар аздап келеді екенн))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.