Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: "Сіз бақытты адамдардың қатарына жатасыз ба?"

Тест: "Сіз бақытты адамдардың қатарына жатасыз ба?"

Тест:

Біреулер тағдырына риза болып, әрбір атқан таңына алғыс айтса, екіншілері оны айыптаумен болады. Ал сіз ше?

1. Жаңбырлы күні үйден шығып бара жатып, көлшікті басып кеттіңіз. Ең бірінші қандай сезімде боласыз?

А. «Өзіме де керегі сол, бұдан былай байқап жүремін!»

Ә. «Осы көше жолдарын қашан тегістеп қояды екен!»

Б. «Қап, енді ауырып қалатын болдым ғой!»

В. «Бұлай басталған күннің арты жақсы болмас!»

Г. «Тамаша, бұлай басталған күнімнің әлі де қызыққа толы болатыны анық»

2. Майда-шүйде жайсыздықтар барлығында да болып тұрады. Мысалы, саусақ терісін кесіп алу, ыдысты сындырып алу, т.б. Ал сізде ше?

А. Менде бұндай майда қиындықтар жиі кездеседі. Тіпті, мені күтіп тұратын сияқты көрінеді

Ә. Бір нәрселерді бүлдіріп жүретіндігім соншалық, өзімді тар бөлмеде жүрген пілдей сезінемін

Б. Бұндай қиындықтар менде жиі кездеседі деп ойламаймын

В. Айналама мұқият қарап жүретіндіктен, ондай қиындықтардан аулақпын

Г. Кейде бір жаққа асығып тұрған кездерімде болады

3. Алдыңызда жабық тұрған есікті көрсеңіз не істейсіз?

А. Секіріп өтуге тырысамын

Ә. Келген жағыма кері қайтамын

Б. Есіктің қоңырауын іздеймін

В. Барлығы сәтке байланысты. Егер сол сәтте жылдам өтуім керек болса, өтудің бір амалын табамын

Г. Басқа жол іздеймін

4. Басыңызға кірпіш түсіп кеткен жағдайда...

А. Барлығының менің басыма түсуге дайын тұратындығын білетінмін

Ә. Шетке қарай қашып үлгеремін

Б. Мүмкін оны біреу әдейі лақтырған шығар

В. Басыма кірпіш түсті деп, біраз ақша тауып алатын болдым ғой

Г. Мүмкін ауруханада жатып өмірлік серігімді кездестіретін шығармын

5. Демалыс күндері туысқандарыңыздың үйіне қонаққа баруды жоспарлаған едіңіз, соңғы сәттерде достарыңыз хабарласып жиналып жатқандығын айтты. Сіз...

А. Бұған дейін басқа жаққа баратындығыңызды айтып, кездесуден бас тартамын

Ә. Туысқандарыма хабарласып бара алмайтындығымды айтамын

Б. Туысқандарыма уәде беріп қойғанмын, оның үстіне үстіме киетін лайық киімім де жоқ

В. Екі жаққа да үлгеретіндей жағдай жасаймын

Г. Достарыма кездесуді басқа уақытқа көшірейік деп өтініш білдіремін

6. Көшеде сізді көріп қалған режисерлер жарнамаға түсуге шақырды. Әрине, сол жарнамаға сізді лайық деп тапқандықтан. Сіз қандай шара қолданасыз?

А. Менің қызығушылығыма жат дүние болғандықтан, тыңдамай өтіп кетемін.

Ә. Ертең мені режисердің өзі кастингке шақырды деп мақтану үшін барлық мәліметтерді сұрастырып аламын. (Іштей бұл жарнамаға түсуге еш уақытта батылдығыңыздың жетпейтіндігін білесіз).

Б. Қызық болуы мүмкін екендігін ескеріп, телефон нөмірлерін, агенттіктерінің қай жерде орналасқандығын сұраймын

В. Тамаша! Жұлдыз болу менің көптен күткен арманым еді. Тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар деген осы болар...

Г. Келісер едім, бірақ аздаған батылдығым жетпеді

7. Дәл осы жағдай досыңызбен серуендеп жүрген кезде болды деп елестетіңіз. Өкінішке орай, кастингке сізді емес, досыңызды шақырды. Сіз не істейсіз?

А. Бұндай кастингтердің қалай өтетіндігіне құштар болғандықтан, құрбымның жанында жүруге келісемін

Ә. Құрбыма бармауға кеңес беремін

Б. Маған да орын табылып қала ма деген оймен, құрбымнан барлық мән-жайды сұрастырамын

В. Құрбыммен ашық сөйлесіп, қорқынышын жеңуге көмектесемін

Г. Бәрібір құрбымды таңдаған болса да, бұл жәй ғана жарнама ғой. Оның ешқандай кереметтілігі жоқ

8.  Сіз үшін лотерея билеттері, ұтыс ойындары дегеніміз не?

А. Оның барлығы жалған, әдетте тек ұйымдастырушылар жеңеді

Ә. Үнемі болмайтын жолым, бұндайда жүріп кететініне күмәнім бар

Б. Мен бәрібір де ойнаймын

В. Ондайға сенбейтіндіктен еш уақытта ойнамаймын

Г. Кейде ойнайтын кездерім болады

9. Төмендегі сөздердің Сізге қайсысы лайық?

А. «Бақтың көзі соқыр болғанмен, сәтсіздіктің көздері өткір»

Ә.  «Бақытты болу – адамдардың өз қолында»

Б. «Бақытсыздық келсе, есігім әрдайым ашық»

В. «Жаман айтпай жақсы жоқ»

Г. «Жіңішке жіптің үзілетіні анық»

10. 50 миллион ұтып алсаңыз...

А. Барлығын тастап, жер шарын аралауға кірісетін едім

Ә. Мәңгілікке жарайтын бір үй, бір көлік сатып алатын едім

Б. Барлығын банкке салып сақтаймын

В. Пайда түсер деген ниетпен акциялар сатып алатын едім

Г. Жеке бизнесімді ашамын

11. Атақты адамдар туралы ойыңыз қандай?

А. Олардың жолы болған

Ә. Ерекше талант иелері

Б. Маңдай терлерінің арқасында табысқа жеткен жандар

В. Өмір сыйлаған мүмкіншіліктердің барлығын пайдалана білген

Г. Өздерін өздері ғана жасаған адамдар деп білемін

12. Сізді достарыңыз бастаңғыға шақырды. Ол жерге сіз сырттай ғашық болып жүрген адам да барады. Сіз қандай әрекет жасайсыз?

А. Бірер секунд болсын оның жанына отыруға тырысамын

Ә. Арнайы сән салонына барып сұлуланып немесе шашымды алдырып үстіме ең әдемі деген киімдерімді киіп келемін

Б. Өзімді еш нәрсе болмағандай ұстаймын

В. Ол мені байқамайтыны анық

Г. Бұндай оңтайлы сәтті көптен бері күткен едім

13. Теледидардан атақты спортшының сенімді түрде айтылған «Мен жеңемін!» деген сөздерін естіп қалсаңыз...

А. Өзімшіл жан сияқты

Ә. Көз тимесін деп түкіріп қоямын

Б. Жарысқа қатысу үшін дайындығы мықты деп білемін

В. Жәй ғана жұртты сендіріп қойғысы келді

Г. Бұндайлардың көктен жерге түскені анық деп, жеңіліп қалуын тілеймін

14. Өміріңізге көз жіберіп

А. Үнемі жолым болмайды немесе тым бақыттымын деп те айта алмаймын

Ә. Барлығына өз күшіммен жеттім

Б. Мүмкіншіліктерімді жіберім алған сәттер жиі кездеседі

В. Үнемі жолым болмайды

Г. Бақ мені айналып өткендей сезімдемін

15. Жолы болғыш адамдар...

А. Жыныма тиеді

Ә. Әркімнің кемшіліктері болатындықтан, ондай адамдар бұл өмірде жоқ

Б. Бақ дегенге сенбеймін, барлығына талап пен икемділік қажет

В. Оларды қызғануға болады

Г. Сондайларға таң қаламын

16. Айналамдағылар...

А. Мені пайдаланып қалуға тырысады

Ә. Мені мақтан тұтады

Б. Маған қызғанышпен қарайды

В. Мені ұялтады да жүреді

Г. Менімен дос болады

17. Өзіңізге күртеше тігу үшін қандай түс таңдайсыз?

А. Жасыл

Ә. Қызыл

Б. Қоңыр

В. Көк

Г. Сары

18. Байлық деген?

А. Байлық деген бақыт емес

Ә. Ол адамдарды бақытыз қылуы мүмкін

Б. Бауырлардың арасына от салады

В. Байлығы жоқ адамдар оны жек көреді

Г. Мен байлықты жақсы көремін

19. Мансап жолындағы адамдар

А. Өздеріне не керегін біледі

Ә. Сырттай күлкілі көрінетіндіктерін түсінбейді

Б. Шындығында, олардың жүрегі жоқ

В. Кіріспейтін жерге кіріседі

Г. Өздеріне сенімді жандар

20. Бала күніңізде бәрінен де нені жақсы көрдіңіз?

А. Әткеншекте тербелуді

Ә. Ертегі тыңдағанды

Б. Достарыммен ойнағанды

В. Теледидар көргенді

Г. Не істесем де басқарғанды жақсы көретінмін

Жауабы:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

А

Ә

Б

В

Г

□ - жауаптар көп болса:

Үнемі жолыңыздың болмайтындығына сеніп алғансыз. Дұрысы өзіңізді сендіргенсіз. Жолы болғыш жандарға қызғанышпен қарайсыз. Әрбір жақсылық пен қуаныштың артынан міндетті түрде жамандық күтіп тұрасыз. Жолыңыздың болмауына өзіңізге деген сенімсіздігіңіз себепші. Барлығына тағдырды айыптай бергенше, өзгелердің жетістікке өз күштерімен жеткеніне зер салыңыз.

○ – жауаптары көп болса:

Бір қызығы алдыңызға келген мүмкіндіктерден бас тартасыз. Тіпті, ол мүмкіндіктердің Сіз үшін қаншалықты маңызды екендігін біле бермейсіз. Жаман ойлардан аулақ болуға тырысып, өмірге басқа қырынан қарап көріңіз. Кемшіліктеріңіздің көп болғанына қарамастан, сіз бақытты болуға лайықсыз. Бұдан былай мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыз.

♥ - жауаптары көп болса:

Алдыңызға қойған мақсатыңызға жетуге ұмтылмайтындығыңызға қармастан, барлық мүмкіндіктерді пайдаланасыз. Сабырыңыздың арқасында кез келген шешімді дұрыс қабылдайсыз. Болашақта үлкен жетістіктерге талпынып үйренгеніңіз жөн сияқты. Өз күшіңізге сенесіз, ұяңдығыңыз да жоқ. Сіз бұдан да жоғары мүмкіндіктерге жете аласыз.

■ – жауаптары көп болса:

Сіз өте белсендісіз. Жолыңыз болмай қалса, еш мұңаймайсыз, барлық шараларға қатысуға тырысасыз. Құттықтаймыз! Сырт көзге ешкім сізді жолы болғыш адам ретінде бағаламауы мүмкін. Себебі, сіз шын мәнінде бақ пен бақытқа лайық көрінесіз. Осы қалпыңыздан таймаңыз! Оптимистердің әрдайым жолы болады.

● – жауаптары көп болса:

Әр адамның бақыты өз қолында екендігі күмәнсіз. Алайда сіздің асыра сілтеп жіберетін тұстарыңыз болады. Білек сыбана кірісудің жақсы да жаман тұстары бар. Сол себепті абайлаңыз. Бұл қылығыңызбен жақындарыңызға жағымсыз көрінуіңіз мүмкін. Мүмкіндіктерді іздей бергенше, өздерінің келуін күтіп көріңіз. Кездейсоқ мүмкіндіктер рахат сезіміне бөлейді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 09 қаңтар 2014, 15:00
Пікірлер
+0
09 қаңтар 2014, 15:37

Алақай, оптимистер жасасын!)) Бәзбіреулер көңілімді күнде түсіргісі келсе де маған бұйым емес. "Бәрібір мен саған жетем, асыл арман!" :D

+0
09 қаңтар 2014, 16:49

сіз өте белсендісіз деді ғой вообщем

+0
09 қаңтар 2014, 21:00

:D мендеде тортбұрыш коп болдыы сәп сәйкес келеді маған ;)

+0
09 қаңтар 2014, 22:10

Оптимистердің әрдайым жолы болады! :) дәл солай :o

+0
09 қаңтар 2014, 22:51

Күшті тест екен))

+0
11 қаңтар 2014, 21:48

оптимистер алга :D

+0
17 қаңтар 2014, 17:42

■ саны 6 болып келе жатыр еді, ♥ саны 8 болып кетті ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.