Оқи отырыңыз

Адам тек жаңа туған кезінде, содан соң тек өлер сәтінде ғана бар күнәһарлықтан таза, ақ, адал сезімнің айдынында жүзе алады

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Шоппингке шамадан тыс салынбау үшін

Шоппингке шамадан тыс салынбау үшін

Шоппингке шамадан тыс салынбау үшін

Жаңа жылдан кейін дүкендерде әлі жақсы жеңілдіктер сақталуда. Осы кезде артық, қажет емес заттар сатып алудан сақтанғыңыз келсе, біздің кеңестерімізді оқи отырыңыз. 

Уақыт пен ақша ұғымдарының байланысын баяғыдан түсінген боларсыз. Өзіңіз бір сағат жұмыс уақытыңызға қанша ақша алатыңызды есептеп көріңіз (ол үшін айлығыңызды 22 жұмыс күніне бөліп, сол шаманы 7 жұмыс сағатына тағы да бөліңіз). Келесі жолы кезекті шоппинг кезінде ақшаны уақытпен алмастырып көріңіз. Мысалға 20 жұмыс сағатына тең келетін сөмкені бұрын ойланбастан алсаңыз, енді кішкене кідіріп қалатындығыңыз сөзсіз.

Көбіміз сауда орталықтарын жай аралап жүргенді әдетке айналдырдық. Дүкеннен дүкенге кіріп-шыққанда әлбетте бір затты ұнатып, оны алмасқа болмай қалады. Дүкенге тек алдын ала жазылған тізіммен, не ойда ұстаған жоспармен, расымен қандай да бір зат, киім қажет болғанда ғана барыңыз. Ыдыс-аяқ іздегенде киім дүкендеріне кірмеңіз, керісінше де дәл солай. Дүкенге аламын деген затыңызға ғана жеткілікті ақша соммасын ұстап барыңыз. Ал төлем карталарын мүлдем үйде қалдырған дұрыс. 

Жоспарыңызда жоқ, қажетсіз, "жан рахаты" үшін ғана қызмет ететін заттарды айына бір рет алуға рұқсат етіңіз. Бұған түрлі киім, сөмке, гаджеттер, әшекей бұйымдар жатады. Сондай-ақ 24 сағат ережесі де сізге пайдалы бола алмақ. Ұнатқан затыңызды бірден алмай, бір күн ойлануға уақыт алыңыз. Сатушыдан ұялсаңыз, "Ақшамды ұмытып кетіппін, ертең келейін, маған мынаны қоя тұрыңыз", –  деп кетіңіз. Егер 24 сағат өткеннен кейін де сіз сол затты бастапқыдай қалап тұрсаңыз, онда оны алудан басқа амал қалмайды.

Шоппинг әркез пайдалы болу үшін дүкенге тек жақсы көңіл-күймен барған да маңызды.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: imoney.my

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 06 қаңтар 2014, 19:54
Пікірлер
+0
06 қаңтар 2014, 21:22

басты тұсау ақша, бұрын барған жерімнен ала беретінмін қазір ақшамды мамаға бергелі ондай роскошьтан айырылдым )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.