Уақытты үнемдеу - табыстың кілті

Уақытты үнемдеу - табыстың кілті

Мұхтар Шаханов ағамыздың «Кешікпей келем деп ең» деген өлеңін барлықтарыңыз да білетін шығарсыздар. Ал күніне қанша адамды күттіріп, елеңдетіп қоятындығыңызды ше? Баратын жерімізге кешікпей, дәл уақытында баруға көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынамыз:

1. Керек заттардың барлығын ұйықтар алдында жинастырып, сөмкеңізге салып қойыңыз.

Ертең не киетініңізді ойластырып, қажет киімдерді шкафтан алып, мыжылғандарын үтіктеңіз. Осылайша «Ертең не киемін?» мәселесін шетке ысырамыз. Оқушы немесе студент болсаңыз, ертеңгі сабаққа қажеттінің барлығын сөмкеге салып, қызметкер болсаңыз, керек құжаттарды түгендеуді ұмытпаңыз. Бұлардың барлығы таңертең уақытты шығындамау үшін қажет.

2. Оятқышты әдеттегіден 30 минутқа ерте қойыңыз

Қосымша 30 минуттың ішінде көп іс тындыруға болады. Мұнымен қатар, менің әлі жарты сағатым бар деп еркінсіп кетпегеніңіз де жөн.


3. Оянған соң салқын душқа түсу

Салқын душтың астында 5 минуттан артық тұра алмайтындығыңыз анық. Ал мұндайдан кейін өзіңізді сергек сезініп, жылдам қозғаласыз.  

4. Сағатыңыздағы уақытты алға жылжытып қойыңыз

Сіз емес сағаттарыңыз асықсын.

5. Уақыттың құнын біліңіз

Жолыңызға кететін уақытты, көлік кептелісін алдын ала есептеп отырыңыз. Жолға артық 10 минутты қосып қойғаныңыз жөн.


6. Таңертең әлеуметтік желілердегі хабарламаларды тексеріп жатудың қажеті жоқ

Бұл «рәсім» көп уақытыңызды алады. Кейде интернет желісінен шыға алмай қалуыңыз мүмкін.

7. Жұмсалған уақытты да есептеп отырыңыз

Арнайы уақыт бөліп күні бойы уақытыңызды не нәрсеге жұмсағаныңызды және не себепті жұмсағаныңызды қағаз бетіне түсіріп, келесіде үнемдеңіз.

8. Мақтау мен жазалау

Уақытында барған кезде өзіңізді мақтап, кешіккен кезде өзіңізді жазалайтындай әрекеттер ойлап табыңыз. Мысалы, бір жерге кешігіп барғаныңыз үшін үй жинаңыз немесе өзіңіз жақсы көрмейтін бір іспен айналысыңыз. Ал уақытында барғаныңыз үшін тәтті тағамдар жеу, фильмге бару секілді марапаттарды ұйымдастырып отырыңыз.


9. Не себепті кешігетініңізді анықтаңыз

Сіздің маңызды себептеріңіз бар шығар. Мүмкін бара жатқан жеріңізде сізге қызық емес шығар. Ол үшін баратын жеріңізді ауыстырып көруіңізге болады.

10. Күнделікті шабыттандыру

Әр күн сайын өзіңізге табысты да жинақы екендігіңізді қайталап айтып отырыңыз. Ал мұқияттылық – табысты кілті.

Ал Сіз уақытыңызды үнемдейсіз бе?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: anopka.blog.ru

Қ. Бүйенбай