Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Тест: "Өзгелердің пікіріне қаншалықты тәуелдімін?"

Тест: "Өзгелердің пікіріне қаншалықты тәуелдімін?"

Тест:

Бүгінгі таңда өзімізден бұрын, өзгелер үшін өмір сүріп жатқандаймыз. Жүрсек те, тұрсақ та "айналадағылар не дейді екен?" деген сұрақтың шеңберінен шыға алмай қаламыз. Осы тесттің көмегімен, өзгелердің пікіріне қаншалықты тәуелді екендігімізді анықтап көрейік.

1. Бастаңғылардың біріне, мектеп бітіру кешіне жаңа көйлек немесе су жаңа костюм киіп келдіңіз. Құрбыңыз немесе досыңыз жаңа киіміңізді ұнатпай, біраз сын айтты. Сіз бұл жағдайда не істейсіз?

А) үйге барып жылдам киініп келемін

Ә) айтқандарына мүлдем мән бермеймін

Б) айнаға қарып, таңдауымды дұрыс жасағаныма көзімді жеткіземін

2. Сыныпта болсын, жұмыста болсын өзгелердің көңіліне жаға бермейтін бір адамға ғашық болып қалдыңыз. Сіз не істейсіз?

А) менің мұндай адамды ұнатуым мүмкін емес

Ә) ол адаммен жасырын кездесемін

Б) көпшіліктің көзінше өз сезімімді білдіремін әрі көрсетемін

3. Ата-анаңыз туған күніңізге жаңа киім сатып әперетіндігін айтты. Сіз қандайын таңдайсыз?

А) соңғы сәндегісін

Ә) құрбымның немесе досымның үстіндегідейін

Б) ешкім бұрын-соңды көрмеген, өзіме барынша жарасымдысын

4. Сыныпқа жаңа ұстаз немесе жұмысқа жаңа басшы келді. Оқушылар немесе өзге қызметкерлер оны жаратпай жағымсыз қылықтар көрсетуде. Сіз не істейсіз?

А) олардың қылықтарын ұнатпасам да, көптің қатарында бірге болғанды жөн көремін

Ә) оған сол керек деймін

Б) құрдастарыма ол ұстаздың жағымды қылықтары бар екенін білдіруге тырысамын

5. Бұтыңыз табиғатынан түзу емес. Қысқа белдемше немесе қысқа балақты шалбар киесіз бе?

А) еш жерде ешқашан кимеймін

Ә) достарымнан немесе құрбыларымнан ақыл кеңес сұраймын, мүмкін барлығы мен ойлағандай жаман емес шығар

Б) жұрт не десе де өзі білсін, менің тәнім –маған берілген сый

6. Кенеттен айналаңыздағы адамдар жұлдызнамаларды оқитын болды. Сіз ше?

А) олардың не нәрсеге қызыққандығын түсінуге тырысамын

Ә) жұлдызнамаларға сенбеймін

Б) мен де олардан қалыспаймын

Жауаптары:

 

А

Ә

Б

1.

1

3

2

2.

1

2

3

3.

3

1

2

4.

1

2

3

5.

1

2

3

6.

2

3

1

 

1-ден 6-ға дейін – өзіңізге деген сенімсіздігіңіз өмір сүруге кедергісін келтіруде. Кемшіліктеріңізден арылып, ұяңдықты шетке ысырып қойғаныңыз жөн. Үнемі өзгелер не дейді деп жалтақтап жүресіз.

7-ден 12-ге дейін – өзіңізге барынша сенімдісіз әрі қажет уақытта айналадағыларды тыңдай да білесіз. Психологтардың айтуынша, бұл – дұрыс мінез. Өзіңізге айтылған сынды дұрыс қабылдайсыз.

13-тен 18-ге дейін – Сіздің достарыңыздың аздығы адам төзгісіз мінезіңізбен байланысты. Ешкімді мойындамайсыз, айналадағылардың пікіріне мүлдем назар аудармайсыз.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: kotofot.ru

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 20 желтоқсан 2013, 15:13

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.