Өз құнын білмейтін адамның бес қасиеті

Өз құнын білмейтін адамның бес қасиеті

Сіз өз құныңызды білесіз бе? Бәлкім төменде жазылған бес қасиеттің бірі сізде де бар шығар? 

1. Қарсыласа беру

Өзгенің басымдылығын, өнерлі екенін, ақылды екенін көрген кезде-ақ оның қолынан келген істі өзі де жасап көретін, соны қызғанатын, жартылай қызығушылық танытатын адамдар өз құнын түсіреді. Бұл қасиет сізде болса, өзіңізді өзгелермен салыстырып, өзгенің жеткен жетістігін қызғанбаңыз. Сізден күштірек, ақылдырақ, төзімдірек адамдар әрқашан да табылады.

2. Үміттену

Өз-өзіңізге сенудің онына, өзгелерге, өзгенің жәрдеміне тәуелді боласыз. Сіз әрдайым өзгенің демеуін күтіп, ертең-ертең деумен өмір кешесіз. Сіз өмірден әлденені күтесіз, бірақ нені күтетініңізді өзіңіз де білмейсіз. Сіз өмір сүруден қорқасыз, ал жауапкершіліктен тіпті де қатты қорқасыз. Өзгенің қалауындағы, өзгенің көзіндегі өмір салтымен өмір сүріп, өз өміріңіздің қандай екенін ұмытуыңыз мүмкін. 

3. Өзгемен өзіңізді салыстыру

Әрқашан өзгелермен өзін салыстыра беретін және олардың тек жақсы қырларын байқау тәуелділіктің нақ өзі. Өзіңіздің бірегейлігіңізді ұмытсаңыз, сіз өзгенің өмірін сүруіңіз ықтимал. Өзгелер қойған жоспар мен мұраттарды өзіңізге қойсаңыз, өз өміріңіздің мәнін түсінбей өтуіңіз де ғажап емес. Бұл – көзге көрінбейтін қылбұрау. Дәл осылай жетекшінің дегенімен жүресіз де қоясыз. Өміріңізде немен айналысатыныңызды өзіңіз шешпесеңіз, сіз үшін таңдау жасай салатын адамдардың барын ұмытпаңыз.

4. Өзгенің  қолдауын күту

Әрине, әркім әлдеқандай бір іс жасап болған соң оның дұрыс-бұрыстығын тексеріп, өзгенің пікірін, көзқарасын сұрайды. Сол пікірдің ығына қарай икемделіп, кейде өз дегеніңізді жоғалтып та алуыңыз бек мүмкін. Өзіңізге ұнамайтын іс өзгелерге ұнауы мүмкін. Сонда жақсы бағалану үшін сіз өз қызығушылықтарыңызды кейінге ысырып қоюыңызға тура келеді. Бұл дегеніңіз сіз өз қалауыңыздағы іспен емес, өзгенің қалауындағы іспен айналысып жатырсыз деген сөз. Өзіңіз жасаған істің бағамын білгіңіз келсе оған өзіңіз бейтарап баға беріп көріңіз.

5. Үстемдік құру

Сіз өз күшіңізге өзіңіз сенбеген кезіңізде өз мақсат-мүддеңіздің орындалуы үшін басқа адамдарды пайдаланасыз. Көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өз қалауыңыздағы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Бұл арқылы сіз өзгелерге, олардың күшіне, мүмкіндігі мен біліміне сеніп, ал өзіңізге деген сенімділігіңізді жоғалтасыз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: vk.com

A. Mustafina