Махаббат – кең пейілде

Махаббат – кең пейілде

Бір күні әйелі күйеуіне:

- Бір журналдан қайткенде некені бекем қылуға болатындығы жайлы мақала көрдім, жақсы жазылыпты. Біз де бір-біріміздің кемшілігімізді жазып, қалай бір жақты етуді ақылдасып көрейік, сізше қалай?-депті.

Күйеуі ләм деместен басын изеп, сөзіне қосылғандығын білдіріпті.

Ертесі олар жазып шыққандарын оқыпты. Әйелі тұп-тура үш бет жазыпты. Ол күйеуінің мінез-құлқындағы байқаған кемшіліктерін оқи бастағанда, күйеуі төмен қарап отырыпты.

- Не болды?

- Ештеңе, оқи бер,-депті күйеуі күлімсіреп.

Әйелі жазғандарын оқып болғаннан кейін:

- Енді кезек саған келді. Оқып болған соң кемшілігімізді түзету туралы жақсырақ әңгімелесейік,-депті.

- Мен ештеңе жазбадым,-деді күйеуі,- менің білуімше, қазір сенде ешқандай мін жоқ сияқты. Ойлап-ойлап мін таба алмадым. Тіпті, бірер мінезіңізді өзгертуді де үміт етпеймін. Менің жүрегімде сен сондай сүйкімді, жақсы адамсың. Мен сенің қазіргі бейнеңді жақсы көремін.

Әйелі күйеуіне таңырқай қарапты да, біраздан кейін өзін ұстай алмай жылап жіберіпті.

Өмір қуанышқа, жұбанышқа толы болады. Алайда, біз сол жапа шегіп, қасірет тартқан күндерімізге жабысып алғаннан гөрі, оны дұрыс шешіп, күндерімізге шаттық бағыштауға құлшынғанымыз абзал.

Тек бүкпесіз, кең пейілділікке, үмітке толы өмір шұғылалы болмақ.

Күрделі қоғамдық қатынаста өмірдегі сол бақытты минуттарды қастерлеп, өмірді кең пейілдікпен, көңілділікпен жасауымыз керек.

Әлемде мінсіз адам, мінсіз нәрсе жоқ. Былайша айтқанда, кемшілік және сәтсіздік болғандығы үшін, ертеңгі үмітке қол жеткізе аламыз. Болашағымызға күлімсіреп қараймыз. Сондықтан кеңпейілділік – махаббат.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan