Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Бетпердесіз жүру қиын ба?

Бетпердесіз жүру қиын ба?

Бетпердесіз жүру қиын ба?

Бір адамдар кез келген жағдайда бетпердесіз жүрсе, екіншілері олардың саны қаншау екендігін ұмытып жатады. Ал адамның шынайы қалпында қалып, бір ғана бетпердемен жүруі қиын ба? Иә әрі жоқ. Көпшілігі қиын деп жауап береді. Себебі, адамдар өзін қоршаған жандардың көңілінен шыға алмай қаламын деп қорқады. Өз қалпыңызда қалу сіз ойлағаннан да жеңіл. Өзіңізге әділеттілік танытып, өмірге шынайы көзқараспен қарасаңыз болғаны. Адамдар жасандылық танытуды біледі, бұны олардың өзгелермен қарым-қатынасын бақылау арқылы анықтауға болады. "Адам баласы өзгелердің жасандылығын көрген сайын, бар күш-жігерімен шынайылыққа ұмтылып, ондай адамдардан жиіркене бастайды. Ұры болсын, қария болсын, бала болсын жанында бетпердесі жоқ адамның жүргенін қалайды. Жасандылық танытпайтын адамдар өздеріне де қоршаған ортасына да дәл баға бере алады. Мұнымен қатар, олар қоршаған орта адамдарының өздері жайында не айтатындығына мүлдем мән бермейді" дейді психолог мамандар.

Мамандардан кеңес:

Барлығымыз да жанымыздағы адамдармен тату болғанды жөн көреміз. Өзіңіздің емес өзгелердің көңілінен шығуға ұмтылған сайын мүмкіндіктерге жетуге үлкен кедергі жасайсыз. Көп жағдайда күткен нәтижелер орындалмайды. Адамдар еш уақытта алдыңызға келіп сіздің кемшіліктеріңізді немесе сізден шын мәнінде нені талап ететіндіктерін ашып айтпайды. Осылайша, оның көңілінен қалай шығуға болатындығын білмей қаласыз. Бөгде ойларды шетке ысырыңыз. Сіз оның миына кіріп шыға алмайсыз. Бұл сіздің емес, олардың мәселесі. Кез келген жағдайда жасандылық танытпау арқылы үлкен жүктен арыласыз әрі руани жан-дүниеңіз байлыққа толады. Шындығында, өз қалпыңызды сақтау - үлкен адреналин. Көптеген адамдар сізден нені күтетіндігін білмей қалады. Сіздің өмір сүру ережелеріңізді кім ойлап тапты? Батыл болып өз жолыңызбен жүруге тырысыңыз. Бетпердесіз өмірдің арқасында өмірдің дәмін татуға болады. Жасандылықсыз өмір сүру деген – өміріңіз үшін жауапкершілікті мойындап, өзіңізді сырт көзбен бақылап көру. Бастапқыда достарыңызға тік мінезді болып көрінуіңіз мүмкін, артынша бұл қалыпты мінезге айналады. Тік мінезділігіңіз үшін көптеген достарыңыздан айрылуыңыз да ғажап емес. Алайда бұл әлдеқайда жақсы. Артыңызға бұрылмай, алға нық қадам баса біліңіз. Енді ештеңкені жоғалтпайтындай өмір сүріңіз. Бетпердесіз жүре алмайтын достарыңыздың қатары өзіңізге ұқсайтын достармен толығады. Жаңа достарыңыз бұған дейін қандай болғаныңызды білмейді. Өзіңізді жаңа таныстардың арасында барынша еркін сезініп, тіл табысуды үйреніңіз.


Әңгімені өзіңіз бастау арқылы қорқыныш сезімінен арылуыңызға болады. Екі адамның арасында міндетті түрде біреусі ереже ұсынуы тиіс. Ол адам сіз болсаңыз да болады. «Мен болсамасам, енді кім» деген ұстанымды жадыңызда сақтаңыз. Өзіңізге бетпердеңізді шешуге көмектесіңіз.

Әр түрлі адамдардың жағымсыз мінездерін бір тәсілдің көмегімен қабылдауға болады. Оларды ашылмаған құпия секілді қабыдаңыз. Ол адамдарды бұрын соңды білмеуіңіз де мүмкін ғой. Мысалы, сізге бір ақымақ адам жолықты делік. Сіз оның бұл қасиетін білмедіңіз. Сіз оған Кемшіліктерін бетіне баспау арқылы бұл қасиетінен арылуға көмектесе аласыз. Оған өзгелер секілді емес құрметпен қарағаныңызды ешуақытта ұмытпайды. Өзгелермен әрдайым дәл осындай қарым-қатынаста болуға қорықпаңыз. Себебі сіз өзге адамдардың бетпердесін шешуге мүмкіндік бересіз. Өзіңіздің көзқарасыңыз арқылы екінші адамды өзгерте алатындығыңызды ұмытпаңыз.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2013, 11:20

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.