Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Нәзік жандылар үшін отбасы мен мансаптың орны қандай?

Нәзік жандылар үшін отбасы мен мансаптың орны қандай?

Нәзік жандылар үшін отбасы мен мансаптың орны қандай?

«Қай оқуға түскенінде қандай айырмашылық бар? Қыз баласы үшін ең бастысы – тұрмысқа шығу», - дейді көпшілік адамдар. Нәзік жандылар қауымының мансап жолын таңдағаны дұрыс па әлде отбасын ба? Осы екі таңдаудың арасында қалып қойып, қиналатын қыздар бар.

Қоғамда қыз баласы, яғни болашақ жар, ана үйде отырғаны жөн деген көзқарас қалыптасқан. Мансап жолында биік шыңға жеткен жігіт – жолы болған жігіт. Ал жолы болған қыз – болашақта берекелі отбасына ие бола білгені. Психологтардың айтуынша, қыз баласы мансап жолында биікке көтерілсе де, тұрмысқа шықпағаны үшін туысқандарының арасында өзін ыңғайсыз сезінеді. Сол себепті ата-аналар қыз баланы жастайынан үй шаруасына икемдеп, өнердің түр-түрін үйретеді. Ұл балаларды: «Жаман оқысаң, дала сыпырушысы болып жұмыс істейсің» деп, ал қыз балаларды «Үй шаруасын меңгермесең, тұрмысқа шықпайсың» деп "қорқытады".


Белгілі бір саланы меңгеріп, табысқа жеткен қыздар бар. Оларда сүйікті жұмыс, ақша, тұрғын үй – барлығы да бар болғанмен, осыларды шын көңілмен бөлісіп, бақытты өмір сүруге көмектесетін жігіттері жоқ. Олай болса, әйел адам үшін мансап пен жеке өмірдің орны қандай болатындығын анықтап көрейік.


Әрбір адам қандай да болсын жетістікке ұмтылады. Өмірде өз орнын табуды қалайды. Әрине, болашақта отбасылық өмірді бірінші орынға қойып, үй шаруасында отырғанды жақсы көретін қаздар да жетерлік. Алайда барлығының көзқарасы бірдей емес. Олар да жігіттер қауымы секілді сахынада өнер көрсетіп, өлең жазып, сурет салып, ғылыммен айналысқысы келеді. Адамдармен қарым-қатынасты жақсы көретіндері медицина, педагогика, журналистика саласына барады. Жұмыс біреулер үшін қарапайым уақыт өткізу құралы болса, екіншілері үшін өмірдің маңызды бөлшегі. Ал кейбіреулері ақша жетіспеушілігінен жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Белгілі бір іске икемі мен қызығушылығы бар қыздарды үй шаруасымен ғана айналысуға үгіттеу өте қиын. Оларды үнемі жарының қас-қабағына қарап, балаларын тәрбиелеу жалықтырып жіберуі де мүмкін. Алайда сүйген жарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайы жақсы болып тұрса да, сол байлықты пайдаланып ғана отыруды ұнатпайтын жандар бар. Олар қызыққан жұмыстарымен ғана айналысқанды жақсы көреді.


Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы мен отбасылық өміріне риза болатын әйелдердің қатары көп. Бұл бәріне бірдей айтылмағандығын тағы да қайталап айтамыз.

Маман болу арқылы қоғамның бір мүшесі екендігін сезінеміз. Бұның да кері әсері бар. Бизнес ледилер немесе іскер қыздар тұрмысқа кеш шығады. Кейде отбасын құрмайтын жағдайлар да болады. Кір жуу мен үй жинауға, әсіресе, жігіттермен кездесуге уақыттары жетпей жүреді. Ал бұндай қыздар жігіттерді қызықтыра ма? Жігіттер ше? Бұл қыздар үшін ұйыған отбасыдан мансап жолы қымбатырақ. Осы таңдаулары үшін жарының да түсіністікпен қарайтындығына күмәніміз бар. Үй шаруасына кейде ғана қолы тиетіндігін түсінетін жігіт жолықса жақсы. Ал оған таза жейделер мен жаңа піскен ас маңызды болса ше? (Мансап жолында жүрген қыздар  үй шаруасымен айналысуға үйлену тойының алдында уәде бергенмен, отбасылық өмірде уәделерін орындамауы мүмкін).

Енді үй шаруасына икемді әйелдерді қарастырайық. Дәлірек айтқанда, өзі мен өмірін отбасына ғана арнауға дайын жандар. Оның жұмысы бар болуы мүмкін. Алайда жұмысын бірінші орынға қоймайды.


Шындығында да, сәтті тұрмысқа шығуды армандайтын жандар бар. Олар армандарының орындалуы үшін мансап пен білімнен бас тартуы мүмкін. Және болашақ жарына ұнау үшін жастайынан тамақ пісіруді, киім тігіп, тоқуды үйренеді. Болашақта армандары орындалып, жарларының көңілінен шығады. Бұндай әйелдер – жігіттердің маңдайына бұйырған бақыт. Алайда отбасылық өмірде дәл іскер әйелдердің күйін кешуі мүмкін. Бірінші жағдайда аз көңіл бөлінсе, екінші жағдайда керісінше. Мамандар «Жарының өзін жақсы көретіндігін, ешқайда кетпейтіндігін біліп, ер адамдар босаңси бастайды. Уақыт өте келе әйелім мен үшін ғана жұмыс істеуі керек деген түсінік қалыптасады. Ал ажырасқан жағдайда жарының табыс тапқандығына үйреніп қалған әйелдер игерген мамандығы жоқ, ақшасы жоқ құр алақан қалып қояды», - дейді.

Қандай шешім дұрыс? Белгілі бір мамандықты игерген болсаңыз да, өміріңізді сүйіктіңізге арнаған жағдайда да отбасылық өмірде барлығы жақсы болатындығына ешкім кепілдік бере алмайды. Сол себепті икемділік танытып, жан-жақты болған жөн дейді мамандар. Мысалы, отбасылық өмірге кедергі келтірмейтін жұмысқа орналасу, кез келген сәтте икемділігіңізді пайдаланып өз ісіңізбен айналысу. Қандай іспен айналыссаңыз да, сол істен рухани азық ала білгеніңіз жөн. Сырт көзге сұлу болып, іштей өзге сезімде болсаңыз, бір нәрсені міндетті түрде өзгерткеніңіз жөн. Және жылдам өзгерткеніңіз дұрыс.

Ал сіз қайсысын таңдайсыз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vesti.kz, rus.azattyq.org, rumbur.ru

11
Рейтинг: +1

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 10 желтоқсан 2013, 10:50
Пікірлер
+0
10 желтоқсан 2013, 11:13

Екеуінің біреуін таңдау - қателік, қазірде отбасын да күтіп, жұмысын да мінсіз орындап жүрген заманауи әйелдер жетерлік

+0
10 желтоқсан 2013, 11:20

Санияның сөзіне қосыламын, екеуіне де үлгеруге болады.

+0
10 желтоқсан 2013, 12:23

Біреу бір уақытта бірнеше істі жүргізе алады. Бірақ, менің ойымша, өзіңді бір бағытқа көбірек арнап, келесі бағытты для души қалдыру керек)))))

+0
10 желтоқсан 2013, 12:25

Махаббаттан шабыт алсам, көңілім тоқ болса ғана кез-келген салада мансапқа жете алам деп ойлаймын. Сондықтан жеке өмірімдегі жетістіктер жұмыстағы жетістіктерге бастайтын жол мен үшін. Қолдайтын сүйікті жарың, жылу,а толы отбасың болмаса жұмысың алға басуы екіталай сияқты..)

+0
10 желтоқсан 2013, 12:33

Кейбір құрбыларым бар таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін бас алмай жұмыс істейді. Мұндайда қалай отбасы құруға болады? Жеке өмірлеріне уақыт жоқ. Жұмысты тастайын десе де ақша керек. Солай сыртынан мәнсапқор біреу боп қалады.

+0
10 желтоқсан 2013, 13:29

Таңдауға болмас, екеуін қатар ала берсе болады ғой)

+0
10 желтоқсан 2013, 17:43

Екеуін де қатар алып жүрген жақсы, ал таңдау керек болса әрине ОТБАСЫ бірніші орында ;)

+0
10 желтоқсан 2013, 18:13

Қатар алып жүру дұрыс қой әрине. Бірақ ол шешімге жарың келісе қояды ма? Массагеттіктер бүгін менің ойланып жүрген мәселелерімді қозғады ғой. Ехх :shock:

+0
10 желтоқсан 2013, 18:29

Сол жарымыздың дегені, Құдайдың бергені болар не де болса))

+0
10 желтоқсан 2013, 19:43

Мен екеуінде бес деген бағаға алып жүре алатынымды білемін, бірақ, өмірімді отбасыма арнағым келеді, қыз болып жартатылғандағы парызым, міндетім сол деп санаймын, ақшаның соңына түскім келмейді және күйеуіме жағаласқым келмейді...

+0
10 желтоқсан 2013, 19:45

Көп адамдар осы сөзіме күледі, бәлкім уақыт өте келе бұл пікірім өзгеріп те қалар....

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.