Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Сен мені түсінші...

Сен мені түсінші...

Сен мені түсінші...

  • Өзін «бәрін түсінемін» дейтін адам әлі бәрін дұрыс түсінбейді.
  • Әйелдер мен ер адамдар бірін-бірі түсінуінің қажеті шамалы. Өмірдің қызығы – олардың бірін-бірі түсінбеуінде... 
  • Сен өскен сайын адамдарды жақыннан тани бастайсың. Оны адамдардың өзгеріп кетуіне жаба салма!
  • Әркім әлемді өзінше түсінеді.
  • Шындықты екі не үш түрлі түсінуге болады. Өйткені бәрі бірдей ойлай бермейді.
  • Шындық – үш жүзі бар қылыш: біреуі – сенікі, екіншісі – оныкі, үшіншісі – нағыз шындық.
  • Өзгелерді шын түсіну өзіңді түсінуге үнемі кедергі келтіреді.
  • Әйел адамның логикасы емес, оны түсіне алмайтын ер адамның ойлау жүйесі басқаша.
  • Кешірім сұрау – кешіре салудан оңай емес... Түсіну және аяу – ренжітуден де қиын.
  •  Ол сенен түсінуіңді өтінді. Сен «жарайды» дедің. Бірақ, мойындашы, сен бәрібір оны түсіне алмадың ғой?
  •  Адамның жаны күн секілді: өз нұрыңды өзгелерге шашқан сайын сен одан әрі нұрлана түсесің.
  •  Адамның ағы мен қарасы жоқ, олар ала болады.
  • Егер сен бұрын соңды бейтаныс болған адаммен танысуға бара жатсаң, оған дейін ол жайлы естігеніңнің бәрін ұмыт. Әйтпесе өз ойың мен өзгенің ойы миыңда былығып, адам тани алмай қаласың. Бастысы – өз бойыңдағы адам тани алатын қасиетіңе сен.
  •  Көп ренжіткенді емес, көпті кешіргенді кешір.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: inpearls.ru

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 07 желтоқсан 2013, 12:23
Пікірлер
+0
07 желтоқсан 2013, 09:53

Адамның ағы мен қарасы жоқ, олар ала болады. Расында солай

+0
07 желтоқсан 2013, 12:51

суреттің қатысы жоқ :|

+0
07 желтоқсан 2013, 13:37

ұрлап кетпесем :)

+0
07 желтоқсан 2013, 14:03

Әркім әлемді өзінше түсінеді. Көп ренжіткенді емес, көпті кешіргенді кешір. ұнады

+0
07 желтоқсан 2013, 14:55

Әйелдер мен ер адамдар бірін-бірі түсінуінің қажеті шамалы. Өмірдің қызығы – олардың бірін-бірі түсінбеуінде... Бұл да бір шындық-ау...

+0
07 желтоқсан 2013, 15:05

Жақсы екен. :)

+0
07 желтоқсан 2013, 15:54

"Махаббатсыз - дүние дос." Өз басым хакім Абайдың осы жолын қатты ұнатамын. Адамдықты сақтап қалу үшін адамға махаббат керек. Ол махаббат - Хаққа деген махаббат. Ол махаббатқа таным, ғылым арқылы жете алмақпыз. Осыдан келе адам ТҮП ИЕсін сүйіп, дүниеге дос болудан аулақ болып, "малға достың - мұңы жоқ малдан басқаның " кебін кимес еді. Адамдығы болған адам ғана жалпы адамзатқа деген махаббатқа ие болмақ. Шын ғашықтық дегеніміздің өзі бастауын адамдықтан алады. Жүрек деген жұмыр етте нұр болмаса ол өзгеге де рухани шуақ шаша алмайды.
Өмірде әр адам отау құрып, балалы болуды армандайды. Ерде ақыл, әйелде сезім басым болып, осы екеуінің бір толықтықты құрауын қалаймыз барлығымыз. Шындығында әлемде бір адамның жүрегіне сәйкес екінші бір жүрек болады екен. Ол сенің бүтініңнің бөлігі болғандықтан сенімен рухани үндес болмақ. Мұның өзі нені аңғартады? Әрине, өзің қандай болсаң дәл сондай жұбың да бар дегенге саяды. Сондықтан жар таңдамас бұрын өзіңді түзеп, жарыңнан көргің келмейтін кемшілікті ең алдымен өз бойыңнан аулақ тұтпағың керек деп ойлаймын. Өзің надан, өзін пасық, өзің жаман бола тұра өзгеден ол қасиеттерін тізгіндеуін қалай талап етпексің?!

+0
08 желтоқсан 2013, 21:44

кешіріңіз, Гүл Бек, сіздікі пікір емес блог болып кеткен секілді ғой. Пікірді бұдан қысқа һәм нұсқа етіп бергеніңіз ләзім. Оның үстіне, мына тақырыпқа сай емес секілді ғой.

+0
08 желтоқсан 2013, 22:02

"Әйелдер мен ер адамдар бірін-бірі түсінуінің қажеті шамалы. Өмірдің қызығы – олардың бірін-бірі түсінбеуінде...
Әйел адамның логикасы емес, оны түсіне алмайтын ер адамның ойлау жүйесі басқаша", - деген жолдарды оқып өзімше осындай пікірге келгендіктен жазғаным ғой. Аңдасам, көп дүниені еркек пен әйел арасындағы махаббатқа әкеліп тіреп қойған. Соны қзгертпекке ұмтылған жан айқайы ғой менікі. Сондықтан айып етпеңіз!

+0
08 желтоқсан 2013, 22:04

ендеше осы ойыңызды жалғастырып, әдемі блог етіп жазыңыз. Ойыңыз тап-тамаша!

+0
08 желтоқсан 2013, 22:08

жалпы блог жазушылардан емес едім. :| кешеден бері толассыз ойларды тоқтата алмағандықтан ішімдегіні шығарғаным ғой. Сонда да рахмет сізге! Ескеремін пікіріңізді.

+0
08 желтоқсан 2013, 22:15

ой, ойланып қалдым ғой :idea: Есіміңізді фук етіп өзгерте салдыңыз :)

+0
08 желтоқсан 2013, 22:23

ұялып қалдым деген смайл жоқ екен. ұялып отырмын деп өзім жаза салайын ;) алдыңғы есімнен тәуірлеу сияқты. Сондықтан өзгертіп жібергенім ғой.

+0
08 желтоқсан 2013, 22:24

:)

+0
15 желтоқсан 2013, 15:34

"фук" ))))))) Мен өтееее көөөөп қолданатын сөз ғой))

+0
16 желтоқсан 2013, 14:46

:D

+0
07 желтоқсан 2013, 15:55

Егер сен бұрын соңды бейтаныс болған адаммен танысуға бара жатсаң, оған дейін ол жайлы естігеніңнің бәрін ұмыт. Әйтпесе өз ойың мен өзгенің ойы миыңда былығып, адам тани алмай қаласың. Бастысы – өз бойыңдағы адам тани алатын қасиетіңе сен.
Ұмытпай жай ғана ескеруге болатын шығар..

+0
07 желтоқсан 2013, 23:55

түсіністік бір жақты емес, екіжақты болу керек, қыз да, жігіт те өздерін түсінгенін қалайды

+0
08 желтоқсан 2013, 01:12

Өзгелерді шын түсіну өзіңді түсінуге үнемі кедергі келтіреді. Дал айтылган екен маган катысты :)

+0
08 желтоқсан 2013, 11:34

Көпті ренжіткенді емес,көпті кешіргенді кешір. Ескере білетін нәрсе екен...

+0
08 желтоқсан 2013, 12:06

Wet tilinen audarylgan material.

+0
08 желтоқсан 2013, 21:45

Ол сенен түсінуіңді өтінді. Сен «жарайды» дедің. Бірақ, мойындашы, сен бәрібір оны түсіне алмадың ғой? мынау дәл маған айтылған сөз екен :D

+0
08 желтоқсан 2013, 22:37

7 дал менин алсиз тусымды доп басты...

+0
12 желтоқсан 2013, 14:33

Шындық - үш жүзі бар қылыш :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.