Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Күніңіз сәтті болғайІ

Күніңіз сәтті болғайІ

Күніңіз сәтті болғайІ

Сіз бүгін ұйықтап қалып, сабақтан не жұмыстан кеш қалдыңыз ба? Жолда шұлығыңыз жыртылып кетіп, автобуста біреу аяғыңызды басып кетті ме? Бастығыңыздың да көңілі болмай, сізге аяқ астынан айқайлап берді ме? Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күніңіз сәтсіз күндердің бірі болды ма? Алайда оған кінәлі сіздің бағыңыз емес, көп жағдайда өзіңіз...

Бұндай күнді тезірек аяқтағыңыз келетіні рас. Алайда бұл күнді әлі де сәтті қылудың жолдары бар. Солармен таныс болыңыз.

  1. Жан құрбыңызға қоңырау шалыңыз. Оған шағым жасап, өмірден түңілгеніңізді айтудың қажеті жоқ. Тек күнделікті әңгімеңізді айтып, өздеріңізге тән қызықты әзілдерді әңгіме қылыңыз. Қиындықтарыңызды бір сәтке ұмытып, көңіліңізді көтеріңіз.
  2. Түскі ас уақытында не жұмыстан кейін жұмыстың қасында орналасқан кофеханаға кіріп, бір шыны ыстық кофе ішіп, сүйікті журналыңызды оқып дем алыңыз.
  3. Банан, сыр, немесе кез келген басқа да көңіл көтере алатын тағамды жеп, еріксіз жымиыңыз!
  4. Билеңіз! Үйде не би студиясында болсын, бәрібір. Би үйірмесіне баруға жағдайыңыз және уақытыңыз болса, апта сайын бірнеше сағат билеп тұру керек. Сондай-ақ көңіліңіз түскен жағдайда, үйде жақсы әуен қосып алып, денеңізге бостандық беріп, қалауыңызша билеп алыңыз.
  5. Терезесін ашып қойып, шашыңыздағы желді сезініп көлікті айдағанға не жетсін? Жеке көлігіңіз жоқ па? Ендеше мотоцикл, велосипед, не ролик конькиі де жарап қалар. Бұның ешқайсысы да қолыңыздың астына түспесе, үй ауласындағы әткеншекке отырып тербеліңіз. Бастысы өзіңізді еркін сезініп, бір рахаттансаңыз болғаны.
  6. Біреуге тосын сый істеңіз. Тарту жасау - сый алғаннан да сүйсіндіретін сезім екенін білесіз бе? Өзіңіз қайырымдылық қорына аз-маз ақша бөліп, не жақыныңызға тосын сый істесеңіз, осыны түсінерсіз...
  7. Шоппингке шығыңыз. Шоппинг... Мына шетел сөзі кез келген қызға қандай ыстық десеңізші! Тізесі шыққан болса да, бұл кеңестің жұмыс істейтінін баршамыз да білеміз. Бірақ көрінген затты алып, ақшаңызды босқа құртпаңыз. Бір-екі кішігірім әшекей бұйым да көңіліңізді әлбетте, көтере алар. 

Сурет: wordpress.com

214 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 16 сәуір 2012, 16:10
Пікірлер
+0
16 сәуір 2012, 16:27

мен көңіл-күйім болмағанда, радио тыңдаймын :)

+0
16 сәуір 2012, 17:26

Менің көңіл-күйім болмағанда күлкілі әзілдер оқимын немесе музыканы қосып "от души" билеп аламын :P

+0
17 сәуір 2012, 09:57

Көңіл-күйім болмағанда айналамдағыларды әбіржітіп жіберемін :oops:

+0
17 сәуір 2012, 10:40

Біреуге тосын сый істеу және әуен қосып алып, қалауыңызша билеуді жақсы көремін))))

+0
17 сәуір 2012, 23:42

отірік куліп болса да конілімді котеруге тырысам, болмаса айғайлаймын))

+0
18 сәуір 2012, 08:57

Менің көңіл-күйім болмаса массагетке кіремін, бәрін ұмытып, рахаттанып қаламын)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...