Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / "Дос боп қалайық". Ендігі амалдар

"Дос боп қалайық". Ендігі амалдар

Біз бұған дейін қыздардың "Дос боп қалайық" сөздерін не үшін айтатынын анықтауға тырыстық. Ал енді содан шығудың жолын қарастырмақпыз.

Ұзақ, бірақ өте нәтижелі амалдардың бірі - «Жақындату-Алыстату» амалы. Қызың ДБҚ жариялағаннан кейін бұл ұсынысына келісіміңді бер, бірақ ескеретін бір жайт – сен шынымен мұндай қарым-қатынасты қалайтыныңды ол сезуі керек (егер достың рөлін сомдай алмасаң, онда бірден айрылыс). Бұдан кейін оны бір жаққа шақырсаң да, қыдырсаңдар да достық қарым-қатынас негізінде өрбитіні өзіңе ыңғайлы. Әрі қарай да дос боламыз, бірақ белсенді дос боламыз.

Онымен ортақ қызығушылық пен хоббиің болғаны тиімді. Егер ода жаңа жігіт пайда болып және ол бұл қасиеттерге ие болмаса тіптен жақсы. Бұл қызығушылыққа кез келген бірге орындалатын әрекеттер жатады: сабақ, далада серуендеу, оның көлігін жөндеу, ноутбугына бағдарламалар орнату, бірге жүгіру, спортзалға бару және т.б.

Бірақ оның жекеменшік демеушісі болып, қыруар қаржы құртудың қажеті жоқ. Оданша ақшаңның бар екенін және сүйіктің үшін қанша болса да жарата алатыныңды көрсет. Бұл амал өте ұтымды, өйткені қыздар ақшаны қатты жақсы көреді, бұл ақиқатты мойындау қиын болса да біле жүр.

Кездесулер кезінде оған комплимент айтып, көңілін көтеруге тырыс. Бірақ бұдан да жақын қарым-қатынасқа үміттеніп жүргеніңді білдірме. Қазір сенің міндетің оны өзіңе жақындату. Қыздың сенің ығыңа жығыла бастағанын сезсең, яғни қыз өз қалауымен телефон соғып, шақыра бастаса – бұл кезеңді аяқтасаң болады. Сендердің достық қарым-қатынастарың міндетті түрде жарқын, ал қыз сенің жаныңда өзін жайлы, әрі көңілді сезінуі керек. Оған сенің ортаң қызық болған сайын саған байлана беретін болады.

Бұл кезеңді ұзақ созбаған жөн, әдетте бір ай жетеді. Әрі қарай жалғаса берсе, онда «дос қызың» үшін ашық кітаптай болып қаласың. Қыздар үшін әрдайым ашылмаған планетадай қызық болып жүргенің маңызды, оларға сондай жігіттер ұнайды.

Міне, осылайша қыз саған өзі хабарласады, бәлкім бір жерге шақырады, немесе қоштасарда бетіңнен сүйіп қоштасады, ең бастысы ол саған жақындай түсті. Осы кезде із-түзсіз жоқ болып кету керек. Сен толықтай оның көз аймағынан бір-бір жарым аптаға жоғаласың. Ол сенің қайда жүргеніңді, кіммен жүргеніңді, сенімен не болып жатқанын мүлде білмеуі керек. Және сонымен қатар, бұл кезең оның демалған кезімен сәйкес болса тіпті жақсы, яғни оның бос уақыты көп, ойлануға да, қыдыруға да құлшынысы артып тұрған мезет. Мұндай кезде ол сенімен өткізген бақытты шақтарын есіне алып, саған бауыр басып қалғандықтан жалғыздық сезімін бастан кешеді.

Осындай жауапты сәтте сен өзіңді ретке келтіріп, көлеңкеден шығасың. Ең ұтымды нұсқа үйінің есік алдына бір құшақ гүлмен келіп, оны қолынан жетектеп, қыдыруға аттану. Тап бола салып, неге ұзақ хабарсыз кеткеніңе кешірім сұраудың қажеті жоқ. Жай ғана аса маңызсыз әңгіме ретінде бір ауыз сөз айта салсаң болады. Сен оны керемет бір жерге апарасың, қайда бару маңызды емес, өйткені оған сенімен бірге болу ұнайды, сол ләззаты барынша сыйла.

Біраз уақыт жоқ болған кезеңде ол сені сағынып қалары сөзсіз. Сондықтан сенің ойда жоқта пайда болуың, кездесудің тамаша өтуі, қызық әңгімелер мен жарқын күлкі қыздың бойында сүйіспеншілік сезімін арттыра түсері анық. Тағы айта кететіні, бұл амал тәжірибелі, салқынқанды, әрі парасатты есеппен іс-әрекет жасайтын жігіттерге арналған. Қызға қатты байланып қалған, өзін-өзі басқара алмайтын жігіттерге бұл ешқандай нәтиже әкелмейді, артық көз жасынан басқа.

Егер жігіт өзіне сенімсіз болса, онда міндетті түрде қыздың көз аймағынан жоғалып кетуі керек. Оны мүлде елемей, өз-өзін қолға алуы тиіс. Өз деңгейін көтеріп, эмоциялық тәуелділіктен арылып, өзіне сенімділігі артқан соң бәрін басынан бастауға тырысып көруге болады. Егер, әрине, бұған күшің жетсе.

Ал егер сен оны жоғалтып алудан қорықсаң, онымен болған «қарым-қатынасты» (бәлкім ол қарым-қатынас болмаған да шығар, саған солай көрініп жүруі де мүмкін) қайта-қайта ойлап, күйзеле берсең, оның жанында жүре беру үшін тіпті ДБҚ-ға да келіссең – онда сенің еркек деген атыңа сын, өйткені сені не күтіп тұрғанын әлі білмейсің.

Сурет: oboi-1366x768.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2013, 17:54
Пікірлер
+0
04 желтоқсан 2013, 20:48

жігіііттер пайдалана алса керемееееееет кеңеес екенн )))

+0
04 желтоқсан 2013, 21:27

ешкім амал,қулық - сұмдық қолданбай ашық риясыз өмір сүрсек қой шіркін!

+0
05 желтоқсан 2013, 00:27

Артық ойындардың қажеті шамалы, қыз жігітті сүйіп тұрса, жігітке күш салудың еш қажеті жоқ, бірақ бұл жерде қыз өзінің әлсіз позицияда екенін ұмытпауы керек. Жалпы біреуді мықты сүйіп қалсаң, өзің қиналасың. Қыздарға көбінесе ғашық болмайтын, салқын қанды жігіттер ұнайды. Екі жақты бірдей махаббат өте сирек кездеседі. Сонда жігіттерге махаббат сезіміне берілу әлсіздік пе?! деген сұрақ туындайды. :cry: Жігіттерге ең бастысы сезімі тасып бара жатса да, оны білдірмеу керек дұрысы :D

+0
05 желтоқсан 2013, 02:38

дос болып журе беругеде болмайтын сиакты ;)

+0
05 желтоқсан 2013, 08:49

Көп нәрсе достықтан басталады ;)

+0
05 желтоқсан 2013, 12:39

Осы "ДКБ" ауыр создер катарына жататын сиякты..... "Сен кереметсин сен оте жаксы баласын сенде бари бар жане маган унайсын"- деп келип.... "Бирак дос боп калайыкшы"- деп айтудын кереги жок мулде.... Керисинше нагыз жаман адам болып шыгасын.... Бир шетелдин акыны ма жазушысы ма билмеймин, сол айтыпты..."Кыз бен жигиттин арасында ешкашан "достык" болмайды.... болады тек "махаббат"..."бир-бирине кумарлык"...бирак тек "достык" емес... Солай сиякты менде келисем... Сенуге келмейтин дуние деп ойлаймын..... ондай "Достык" бар дегендер тек бирин-бири айтпесе оздерин жай гана алдап жургендер....

+0
05 желтоқсан 2013, 15:38

Ақылды адам ақылынан адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмауы тиіс. Қазіргі таңдағы бір окінішті нәрсе махаббат пен сезімнің де есеппен болып кеткендігі...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.