Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / «Дос боп қалайық!»

«Дос боп қалайық!»

«Дос боп қалайық!»

Осы сөзді бәрі болмаса да көптеген жігіт өмірінде бір естиді. Және әдетте мұндай сөзді жаныңдай сүйген адамың айтады. Неге бұлай болды? Қай жерден қателестің? Бұл шырмауықтан шығудың жолы бар ма? Бүгін біз осының шешімін табуға тырысамыз.

Алдымен екі нәрсені нақтылап алайық. Бірінші: «дос боп қалайық» сөзін ДБҚ деп қысқартып аламыз. Екінші: ДБҚ-ның бастапқы және соңғы деп бөлеміз.

Бастапқы – бұл дегеніміз сені қызбен бастапқыдан достық қарым-қатынас байланыстырып келген. Ал сен сол достықты махаббат сезіміне айналдыруды көздейсің.

Соңғы – яғни бұған дейін сен ол қызбен жақын қарым-қатынаста болғансың (немесе жоспарлап жүргенсің), бірақ соңы осы ДБҚ-мен аяқталды. Алайда, бұған келісіп немесе қарым-қатынасты мүлде доғаруға құлқың жоқ, солай емес пе?

Бастапқы ДБҚ

Сенің дос қызың бар делік. Сен онымен жақсы қарым-қатынастасың: кездесесіңдер, ананы-мынаны айтып, әңгімелесесіңдер. Ол сені жақын адамы санайды, көп уақыт жаныңда жүре алады, әрдайым сенің көмегіңе жүгіне алатынын біледі, сырымен бөліседі, уайымын айтады, иығыңа басын қойып жылап алуы да мүмкін, бірақ толыққанды қызың емес, яғни ғашықтар сияқты жақын қарым-қатынаста емессіңдер. Және оған ол келіспейді де.

Неге бұлай болды? Өйткені сен басынан өзіңді дұрыс ұстамадың. Сен өзіңді жігіт ретінде емес, дос ретінде көрсеттің. Сен оның көзінде түсінігі мол және мейірімді дос болдың, сенімен уақытты қызықты өткізуге болады, ашық сөйлесуге болады, бірақ ешқандай сүйіспеншілік сезімін тудырмадың. Сен оған құрбы да, тегін психолог та, жылағанда иығын тоса қоятын жыныссыз «біреу» болып келдің. Мұндай адам кез келген қыздың арманы! Өйткені біреудің қайғы-қасіретін тыңдап отыруға екінің бірінің жүйкесі шыдамас.

Жоқ, әрине, ол да сені жоғалтып алғысы келмейді. Оған сенімен сөйлескен ұнайды, сенің қадіріңді де біледі (марқайып қалсаң болады), тіпті ол сенімен айрылысса қайғырып қалуы да мүмкін. Бірақ өзің ойлашы – мұндай қарым-қатынас саған ұнай ма? Егер ұнаса, онда бұл тақырыпты жауып, әрі қарай оқымай-ақ қой. Өйткені ол қыз сен үшін жаралмаған.

Соңғы ДБҚ

Біраз уақыт кездесіп жүрдіңдер, бәрі жақсы сияқты көрініп жүрген. Бірақ бір мезетте қызың ДБҚ жариялады. Сенің ойыңша «бір мезетте» сияқты. Өйткені қыздар бостан босқа айрылыспайды ғой. Олар жігіттер сияқты аяқ асты шешімдер жасамайды. Әдетте оларға бірдеңе ұнамаса, өзі түсінетін шығар деп, немесе өзі тастап кетер деп соңына дейін күтеді. Және бәрі біржолата жалықтырғанда немесе басқа біреуді жолықтырғанда әдеттегі: «Бұл қарым-қатынастан ештеңе шықпайтын сияқты» деген сөздерін айтады.

Және оған бұл жеткілікті. Сенің қайғырғаның мен күйзелгенің оған маңызсыз. Тек оларды (қыздарды) тастағанда ғана небір жанға жылы тиетін сөздерін айтып, соған сеніп, жылап, көрсете қайғырады... Ал өздеріне келгенде, олар оңай, ойланбай айрылысады, тіпті ештеңе болмағандай.

Неге бұлай? Неге әдетте бәрінен жақын адам ДБҚ жариялайды? Әрине, бұған жүздеген себеп бар. Бірақ басты жауап сұрақтың өзінде. Сол сөздерді тағы бір қайталап оқышы.

Және де басты себептердің бірі сен ол қыздың маңыздылығын бәрінен жоғары қойдың. Сені эмоциялар басқарады, сен оларды емес. Өйткені ДБҚ құрығына әдетте сол қыз десе жаны қалмайтын, оны жоғалтып аламын деп қорқып, бар қалауын орындайтын, оған жан жақты қамқор болатын жігіттер түсіп жатады. Мұндай жігіттер бірте-бірте қыздың қызығушылығынан шығып жатады.

Басқаша алып қарасақ, ол сенімен дос болып қалғысы келсе, демек сен оған әлі де бір қажеттіліктері үшін керексің. Бәлкім, ол болашағына біраз күмәнданады, сол себепті сені запаста ұстап отыр. Оған сенімен сөйлесу ұнауы мүмкін және сенің қызың болмаса да қажетті көмекті алып отыруға қарсы емес шығар. Ал бәлкім, ол сенің жүрегіңді жаралағысы келмей, жұбата тұрудың амалы ретінде осы сөзді айтуы мүмкін (ал негізінде бұл достық жалғаспайтынын өзі жақсы біледі).

Ал ДБҚ-дан шығудың амалы қандай? Бұл жайлы біз келесі материалда тарқата айтамыз.

Сурет: ejin.ru, goodfon.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

1354 0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 желтоқсан 2013, 13:20
Пікірлер
+0
04 желтоқсан 2013, 13:29

соңғы абзацпен келісемін) бірақ дос болып қалу деген жай сөз сияқты болып көрінеді, өз басым маған сезім білдірген жігіттермен дос ретінде араласа алмаймын, қатты құрметтеп, сыйлайтын адамдарым ұсыныс жасап тұрғанда сезімімнің жоқтығы үшін емес, олармен енді еркін араласа алмай қалатындығым үшін өкініп тұрамын) Келесі жазбаны күтемін!

+0
04 желтоқсан 2013, 16:50

Жігіттердің жүрегін ауыртайын дедің-ау деймін :D

+0
04 желтоқсан 2013, 17:03

Әйел мен еркектің арасында достық болмайды. Құмарлық, дұшпандық, махаббат - тек қана достық емес. (с)

+0
04 желтоқсан 2013, 19:20

Мхм, запас деңдер я :shock:

+0
04 желтоқсан 2013, 21:01

Anyway, dostykka senemin :) Jaksy dostarym boldy. Ali de esime alamyn. Al endi jurip jurgen, sezim bildirgen kyzyn dDBK dese, onanda rasymen ketkeni jon jigittin menwe :D Sebebi ol kyz jigitii erkek korip turgan jok.

+0
05 желтоқсан 2013, 02:29

ДБК-ында узакка бармайды :)

+0
05 желтоқсан 2013, 06:14

Shyn dostyk bar, eshkandai sezimge ulaspaityn...Omirde nakty dalel bolgan)

+0
05 желтоқсан 2013, 12:08

Осы "ДКБ" ауыр создер катарына жататын сиякты..... "Сен кереметсин сен оте жаксы баласын сенде бари бар жане маган унайсын"- деп келип.... "Бирак дос боп калайыкшы"- деп айтудын кереги жок мулде.... Керисинше нагыз жаман адам болып шыгасын.... Бир шетелдин акыны ма жазушысы ма билмеймин, сол айтыпты..."Кыз бен жигиттин арасында ешкашан "достык" болмайды.... болады тек "махаббат"..."бир-бирине кумарлык"...бирак тек "достык" емес... Солай сиякты менде келисем... Сенуге келмейтин дуние деп ойлаймын..... ондай "Достык" бар дегендер тек бирин-бири айтпесе оздерин жай гана алдап жургендер....

+0
05 желтоқсан 2013, 17:13

Ия Анар, тамаша! Мен де қазір ұнатқан аруым осы ДБҚ деп айта ма деп уайымдаймын. Не болса да нар тәуекел. Мүмкін бәрі жақсы болып кетер. Анар өте қызықты жазылған. Қаламыңыздан осындай өмірге қажетті жақсы әңгімелер төгіле берсін. ;)

+0
05 желтоқсан 2013, 19:36

жазбаңыз ұнады. бәрін әп әдемі ақ сипаттап бердіңіз

+0
09 желтоқсан 2013, 16:55

шын сүйгендердің дос болып қалуына күмәнім көп

+0
19 желтоқсан 2013, 13:29

жаксы сойлесіп жүріп, қуанышты, қайғыны да бірге бөлісіп жүре тұра ДБК-ты қалай айтады. ең бастысы - бірін-бірі жақсы түсінгендік деп ойлаймын. Сосын өмірде ажырасу да аз болар еді 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...